Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз Токс хим 14-15 гг каз новая.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.81 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Токсикологиялық химия»

пәні бойынша

оқу әдістемелік кешені

МАЗМҰНЫ

Жұмыс бағдарламасы ....................................................................................................................... 4

Силлабус .......................................................................................................................................... 25

Дәрістік кешен ................................................................................................................................ 49

Әдістемелік нұсқаулар

(практикалық, семинарлық, лабораториялық сабақтар ...................................................... 148

Әдістемелік нұсқаулар

Оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ)................................ 200

Әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ).............................................................................. 262

Пән ретінде бақылау-өлшеу бойынша игерген білімдерін қорытындылау.......................... 295

Бекітемін

ОӘЖ жөніндегі проректор,

профессор Төлебаев К.А.

_____________________

«_____» _________ 2014 ж.

«Токсикологиялық химия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Мамандығы - «5В110300» Фармация

Оқу сағатының көлемі:

(кредиттер) - 360 сағат / 8 кредит

Курс 4 (күндізгі бөлім)

Семестр – VII, VIII

Бақылау үлгісі: емтихан (тест, ауызша)

Алматы, 2014 ж.

Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Фармацевтикалық жоғары оқу орындарының медициналық факультеттерінде және медициналық кафедраларында ҚР МБЖС-2006», Астана 2007, №6 оқу әдістемелік құжаттарды жасауға арналған инструктивті хатқа сәйкес жасалынды.

Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт-токсиколог» модулінің отырысында талқыланды және 28 тамыз 2014 ж., №1 хаттамамен бекітілді.

«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі м.а, х.ғ.к., А.С.Қожамжарова

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» білім бағдарламасының комитеті кеңесінде 1 қыркүйек 2014ж., №1 хаттамада талқыланды.

«Фармация» ББК төрайымы, доцент Ғ.М.Саякова

Жұмыс бағдарламасы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әдістемелік кеңес орталығы (ӘКО) отырысында «___» _______________ 2014 ж., № хаттама қабылданды.

Әдістемелік кеңес төрағасы, профессор К.А.Төлебаев

1.Жалпы мағлұматтар:

ЖОО атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Модуль: «Фармацевт-токсиколог»

Пән, пәннің коды: Токсикологиялық химия, ТН4205

Мамандығы: 110300 «Фармация»

Сағат көлемі (кредит) 360 сағат / 8 кредит

Курс – 4, семестр - VII, VIII

2 Бағдарлама

2.1 Кіріспе.

Токсикологиялық химия улы заттар мен метаболиттерінің молекулярлы және физиологиялық әсерлерінің механизмін, оларды әртүрлі нысандардан оқшаулау, идентификациялау, сандық мөлшерін анықтау мақсатында қолданылатын химиялық әдістерді және методологиясын оқытатын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі.

Фармацевтикалық ғылымдар кешенінде токсикологиялық химияның белгілі жалпы білімдік және тәрбиелік орны бар, себебі бұл пән болашақ мамандықта ғылыми зрттеулерді жургізуге, белгілі жағдайларда сынаманы дәлді, толыққанды қоюға, алынған нәтижелерді логикалық тұрғыда дұрыс қорытындылауға, сонымен қатар оларды құжаттық рәсімдеуге қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Бағдарлама қазіргі кезеңдегі токсикологиялық химияның әртүрлі бағыттарын қамтиды: сот-химиялық, клиникалық, наркологиялық, экологиялық, сонымен қатар осы бағыттардың сұрақтарын токсикологиялық химияның негізгі екі бөлімдері: биохимиялық және аналитикалық токсикология тұрғысынан қарастырады.

Пәнді оқыту, студенттерге әділет құзырлы мекемелері мен денсаулық сақтау жүйесінің қоятын мәселелерін шешуге қажетті теориялық білім және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруды қарастырады. Осы мақсатта, пәннің бағдарламасына химия-токсикологиялық зерттеуде кездесетін токсикологиялық маңызы бар заттар кіргізіліп, оларды зерттеу нысандарынан оқшаулау, аналитикалық анықтау әдістері толық келтірілген.

2.2 Пәнді оқытудың мақсаты: cтуденттерге әртүрлі нысандардан (биологиялық және басқа) улы заттарды химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама жүргізуді, алынған нәтижелерді дұрыс қорытындылауды үйрету мақсатында олардың білімін, тәжірибелік дағдыларын және түсініктерін білікті қалыптастыру.