Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

17. Ауқымды желі. Базалық хаттамалар

Ауқымды компьютерлік желілер

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.

Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:

  • Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер);

  • әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер);

  • мәліметтерді тасымалдау желілері.

Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған.

Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды.

Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр.

Интернетке қосылудың физикалық принциптері.

Ауқымды желіге тікелей қосылу қымбатқа түседі, сондықтан қолданушылардың компьютерлері Интернет желісімен негізінен интернет-провайдерлер арқылы байланысады.

Хаттама-ақпаратты желіде беру ережелері (келісімдері, стандарт)Интернет хаттамаларының екі типін айыру жөн: Базалық хаттамалар, Интернет(IP және TCP) компьютерлердің кез келген типтері арасындағы электронды хабарларды заттай жолдау үшін жауап береді. Бұл хаттамалар өзара тығыз байланыстылығы соншалықты оларды көбінесе “TCP/IP хаттамасы” атты бірыңғай терминмен белгілейді.Өте жоғарғы деңгейдегі қолданбалы хаттамалар, мамандандырылған Интернет қызметі жұмыс істеу үшін жауап береді.

18. «Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

«Электрондық мемлекет» термині - e-Government ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде (Интернет, телефон, факс, кіру орталықтары, желісіз құрылғылары және басқа коммуникациялық жүйелер.) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.

      Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады. Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:      1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;      2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;      3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;      4. e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;     5.  е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.