Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

10.Алгоритм ұғымы және қасиеттері

Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі. Бұл анықтамада алгоритм мен оның қасиеттерін байланыстыратын негізгі ұғымдар беріліп отыр. Кез келген есепті шешудің кірісінде берілгендер мен алгоритм командалары тұрады, шығысында нәтиже тұрады.

Алгоритмнің келесідей қасиеттері бар:

1) Алгоритмнің үздіктілігі(дискреттігі) – ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған,  аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;

2) Алгоритмнің түсініюпілігі және аньщтылыгы. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

3)  Алгоритмнің жалпылыгы. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс. Қарастырылып отырған ақпараттың кез-келген мәндерінде нақты бір ғана тапсырманы емес, соған типтес бүкіл тапсырманы шеше білуі. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі – коэффиценттің кез-келген мәнінде оның түбірін табуға мүмкіндік береді немесе жолда жүру ережесі барлығымызға бірдей.

4) Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.

Алгоритмді жазудың немесе берілу тәсілдерінің 3 түрі бар:

1. сөзбен ауызша беріледі.

2. блок-схема түрінде.

3. алгоритмдік тілде.                                                                                

    Блок-схема    дегеніміз    -    информацияны    өңцеу    алгоритмін    МЕСТ

(мемлекеттік стандарт)-те бекітілген символдарды пайдаланып, графикалық

түрде жазу:

 Алгоритмнің берілу тәсілдері

Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық:

*табиғи тілдегі алгоритм – орындаушысы адамқажетті құрал-жабдықтары – қазақ, орыс және ағылшын алфавиті;

*графикалық тілдегі алгоритм – орындаушысы адамқажетті құрал-жабдықтары – әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі;

*алгоритмдік тіл – орындаушысы адамқажетті құрал-жабдықтары – жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы;

*программалау тілі – орындаушысы компьютерқажетті құрал-жабдықтары – арнаулы программалау тілінің командалары.

Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі:

*алгоритмдік тілде;

*блок-схема түрінде;

*программалау тілінде.

11.Алгоритм құрылымы

Алгоритмнің командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамды ақпаратты өңдеудің бір қарапайым операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу, нәтиже алу командалары жатады.Мысалы: (а,в) енгізу командасы есеп шығару үшін сыртқы ақпарат көзінен, яғни пернетақтадан а және в айнымалыларына берілетін екі мән енгізілу керектігін білдіреді. Дәл осылай (а,в) шығару командасы, шамалардың мәндерінің компьютер экранына шығарылатынын білдіреді.Жай командада алгоритмнің блок схемасында есептеу, енгізу және нәтиже алу блоктары түрінде кескінделеді. Олардың бір енгізу және бір шығару сызығы болады.

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

Алгоритм құрылымындағы сызықтық алгоритм жай командаға жатады.

блок сфема элементері

Басы,соңы

Мәліметтерді еңгізу ,шығару

Цикл бас

Мәліметтерді өңдеу

Шарттарды тексеру