Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

8. Программалық жабжықтау

(Software) – бұл есептеу жүйемен орындалатын программалар жиынтығы. Негізгі қызметі:1.компьютер жұмысын қамтамасыз ету;2.тұтынушы мен компьютер байланысын жеңілдету;3.есептеу жүйесінің мүмкіндігін кеңейту;4.құрылғыларды пайдалану тиімділігін арттыру;5.адамның жұмыс сапасы мен өнімділігін көтеру. 4деңгейден тұрады:1.қолданбалы деңгей(1.мәтіндік редакторлар;2.мәтіндік процессорлар;3.графикалық редакторлар;4.мәліметтер базасын басқару жүйелері;5.электрондық кестелер;6.автоматтандырылғае жобалау жүйелері;7.шағын баспа жүйелері;8.HTML редакторлары;9.браузерлер;10.автоматтандырылған аудару жүйелері;11.іс қағаздарын жүргізу жүйелері;12.бухгалтерлік жүйелер;13.қаржылық аналитикалық жүйелері;14.сораптау жүйелері;15.геоинформациялық жүйелер;16бейнемонтаж жүйелері); 2.қызметтік деңгей(1.файлдар диспетчерлері;2.мәліметтерді сығу құралдары;3.диагностика құралдары;4.коммуникация құралдары;5.көру және тыңдау құралдары;6.компьютерлік қауіпсіздік құралдары); 3.жүйелік деңгей; 4.базалық деңгей.

9.Аналық тақша. Микропроцессор

Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.Аналық тақта ағылшынша motherboard) сонымен бiрге mainboard атау ағылшынша қолданылады - бас тақта; с енг. ана, ана, негiз ) - бұл (ОЗУ орталық процессор, контроллер және ОЗУ, жүктеушi ТСҚ, енгiзу-шығарудың негiздi интерфейстерiнiң контроллерлерi шындығында) дербес компьютердiң негiзгi компоненттерiн бекiтiлген күрделi көп қабатты баспа тақта. Әдеттегiдей, аналық тақта қосуы үшiн USB, PCI және PCI-Expressтiң шиналарын әдетте қолданылатын қосымша контроллерлердiң қосуы үшiн (слоттар ) тiркеуiштер болады.

Аналық тақтаға қойылған негiзгi компоненттер:

Орталық процессор chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны.Бейнекарта Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді өңдеп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.Саундбластер (дыбыстық карта) (саундбластер (звуковая карта); sound blaster) - дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы (тақша); creative labs фирмасы 1989 жылы шығарған, кейіннен компьютерлердің дыбыстық тақшаларының стандартына айналған. Көптеген мультимедиалық программалар компьютерде осындай дыбыс тақшаларының болуын талап етеді.Желілік карта ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы NIC) деп те аталады.Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты –Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады

Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.[1]

Микропроцессор бір мезгілде қатарынан 8, 16 немесе 32 биттік деректерді өңдей алады. 8 биттік процессор бір мезгілде небары бір бит дерекпен ғана жұмыс істей алады. 16 биттік процессор бір мезгілде 2 байт, ал 32 биттік процессор — 4 байт өңдейді.