- •33«Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •1.Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
- •2.Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді?
- •3.Ақпараттық технология пәнінің приоритетті бағыттары
- •5. Есептеу техникасының даму сатылары
- •6.Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
- •7.Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •8. Программалық жабжықтау
- •9.Аналық тақша. Микропроцессор
- •10.Алгоритм ұғымы және қасиеттері
- •11.Алгоритм құрылымы
- •12.Алгоритм көрсетілімі
- •13Вирустың болу белгілері:
- •14.Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері
- •15.Типтік логикалық құрылғылар: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар
- •16. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелерді қолдану. Əрбір сілтемелерге мысалдар келтіріңіз
- •17. Ауқымды желі. Базалық хаттамалар
- •18. «Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •19. «Электронды үкімет» бағдарламасының негізгі бағыттары мен тетігі
- •6. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту; 7. Халықаралық стандарттар базасында e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
- •8. Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
- •20. Электрондық кестені деректер қоры ретінде қолдану
- •21.Криптожүйелерге қойылатын талаптар.
- •22.Есептерді эем-де шығару кезеңдері
- •23.Деректер қорының жіктелуі
- •24.Жергілікті желі. Қолданбалы хаттамалар.
- •25.Криптожүйелер классы
- •28.Html құжаттың құрылымы
- •29.Web сайттың типтері
- •31. Access дқбж объектілері
- •32. Деректер қорын басқару жүйесінде деректер типтері
- •33«Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •34.Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
- •35.Компьютерлік вирустардың классификациясы
- •1. Тіршілік ортасын зақымдау тәсілдері:
- •2. Вирустарды активтеу тәсілдері
- •3. Вирустардың деструктивті әрекеттері
- •4. Вирусты маскировкалау тәсілдері
- •36) Негізгі желілік топологиялар.
- •37) Фон Нейманның принципіне сəйкес компьютердің құрамына кіретіндер
- •38) Интернет. Негізгі түсініктер: сайт, ip адрес, порт, сокет, сервер, клиент. Интернетке қосылу
- •39) Қоғамды ақпараттандыру. Ақпараттық технологияларды қолдану салалары
- •40) Жасанды интеллект түсінігі даму бағыты. Жасанды интеллект жүйесінің классификациясы
7.Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Кез-келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Негізгі құрылғылары: Жүйелік блок, монитор, пернетақта, маустан тұрады. Қосымша құрылғыларына: баспа құрылғысы (принтер), сканер, модем, колонкалар, терте (джойстик) т.б. жатады.
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша (аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Монитор. Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгітүрлітүсті теледидеодан аумайды, Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады.
функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді. Әр түрлі жағдайларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.
нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;
цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.
Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.
