
- •33«Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •1.Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
- •2.Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді?
- •3.Ақпараттық технология пәнінің приоритетті бағыттары
- •5. Есептеу техникасының даму сатылары
- •6.Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
- •7.Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •8. Программалық жабжықтау
- •9.Аналық тақша. Микропроцессор
- •10.Алгоритм ұғымы және қасиеттері
- •11.Алгоритм құрылымы
- •12.Алгоритм көрсетілімі
- •13Вирустың болу белгілері:
- •14.Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері
- •15.Типтік логикалық құрылғылар: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар
- •16. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелерді қолдану. Əрбір сілтемелерге мысалдар келтіріңіз
- •17. Ауқымды желі. Базалық хаттамалар
- •18. «Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •19. «Электронды үкімет» бағдарламасының негізгі бағыттары мен тетігі
- •6. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту; 7. Халықаралық стандарттар базасында e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
- •8. Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
- •20. Электрондық кестені деректер қоры ретінде қолдану
- •21.Криптожүйелерге қойылатын талаптар.
- •22.Есептерді эем-де шығару кезеңдері
- •23.Деректер қорының жіктелуі
- •24.Жергілікті желі. Қолданбалы хаттамалар.
- •25.Криптожүйелер классы
- •28.Html құжаттың құрылымы
- •29.Web сайттың типтері
- •31. Access дқбж объектілері
- •32. Деректер қорын басқару жүйесінде деректер типтері
- •33«Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •34.Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
- •35.Компьютерлік вирустардың классификациясы
- •1. Тіршілік ортасын зақымдау тәсілдері:
- •2. Вирустарды активтеу тәсілдері
- •3. Вирустардың деструктивті әрекеттері
- •4. Вирусты маскировкалау тәсілдері
- •36) Негізгі желілік топологиялар.
- •37) Фон Нейманның принципіне сəйкес компьютердің құрамына кіретіндер
- •38) Интернет. Негізгі түсініктер: сайт, ip адрес, порт, сокет, сервер, клиент. Интернетке қосылу
- •39) Қоғамды ақпараттандыру. Ақпараттық технологияларды қолдану салалары
- •40) Жасанды интеллект түсінігі даму бағыты. Жасанды интеллект жүйесінің классификациясы
6.Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
Дербес компьютер – әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, пернетақта) қажетінше өзгертуге болады.Жүйелік блок негізгі құрылғы болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады.Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары: Аналық тақша, Процессор немесе микропроцессор, Жедел жады (ОЗУ), Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыш (HDD), Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі, СD және DVD дискі жетектері, Бейнесызбалық бейімдеуіш, Дыбыстық тақша, Желілік тақша, Енгізу-шығару порттары, Қоректендіру блогы
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер, Hard disk Drive (HDD)) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютердің көпшілігі құрамдас тұрақты жадымен жабдықталған. Оларға қосымша программалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады. Винчестердің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен, гигабайтпен және терабайтпен өлшенеді. Қазіргі кездегілерінің сыйымдылығы 80-500 Гб, 2 Тб және одан да үлкен болады.Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі — 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді. Сыйымдылығының аз мөлшерлігіне байланысты қазіргі кезде пайдаланылмайды деуге болады.
СD және DVD дискі жетектері – мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге», прожиг) және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыйяды. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады.
Бейнесызбалық бейімдеуіш (видеокарта) – кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді. Дыбыстық тақша – компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі. Желілік тақша – компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар. Ең танымалдары – Ethernet
Енгізу-шығару порттары – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.
Қоректендіру блогы –220-230 вольтті айнымалы токты төменгі кернеулі тұрақты токқа айналдырады. Түрлі-түсті сымдар (проводтар) кернеу мөлшерлерін айқындайды: сарыға +12В, қызылға+5В, қараға 0.