Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

3.Ақпараттық технология пәнінің приоритетті бағыттары

Ақпараттық технология – адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Қазіргі замандағы ақпараттық технология - өте көлемді эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Ақпараттық технология ұғымы ақпаратты өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды-техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды.Ақпараттық технология көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика. Документалистика ХІХ ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні – құжаттар айналымының тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа ғылым кибернетика дами бастады. Оның негізін американ ғалымы Норберт Винердің 1948 жылы жарияланған математикалық логикадан еңбектері қалады. Ақпараттық технологияның негізгі міндеті – есептеуіш техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.Ақпараттық технологияның негізгі зерттеу объектісі – қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады.

4.Санау жүйелері. Позициялық және позициялық емес санау жүйесі.Санау жүйелері. Сандарды бейнелеу және өрнектеу тәсілдерін санау деп атайды. Кез келген сөзді қандай да бір алфавит таңбаларын және сәйкес ережелерді қолдана отырып жазуды кодтау деп атайды. Санау кодтаудың жеке жағдайы болып табылады, мұнда белгілі бір алфавитті және белгілі бір ережелерді қолдана отырып, жазылған сөз код деп аталады.Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету тәсілдері мен ережелерінің келісілген жиынтығы. Санау жүйелерінің екі түрі бар: позициялық және позициялық емес (бейпозициялық). Позициялық емес санау жүйелерінде беру және жазу ережелері күрделі болып табылады. Мұндай санау жүйелерінің бірі – римдік сан жүйесі. Мысалы, MCMXCVIII – 1998 деген сөз, мұнда M – мыңдық, C – жүздік, X – ондық, V – бес, I – бір, т.с.с. Позициялық санау жүйелерінде санның мәні тек қана оның құрамына кіретін цифрлармен ғана емес, сонымен қатар цифрлардың тізбектегі орнымен анықталады. Мұндай жүйелердің қатарына кәдімгі өмірде қолданатын ондық жүйе, екілік жүйе т.с.с жатады. Позициялық сан жүйесінде қолданылатын таңбалардың саны оның негізі деп аталады, оны q әрпімен белгілейік (мысалы ондық сан жүйесінде он таңба(цифр): 0,1,2,...,9). Санау жүйесінің таңбаларының жиынтығын оның алфавиті деп атайды.

5. Есептеу техникасының даму сатылары

ЭНИАК-тың құрылуы бірінші буын ЭЕМ-нің дамуына бастама болды, олардың негізгі элементі вакуумдық шамдар болды. Бірінші буын машиналарының әрекеттездігі секундына 10-20 мың операцияға тең болды. Бірақ та шамдық құрылғылардың жұмыс істеу сенімділігі төмен болды. Екінші буын (60 -69 – жылдар) 60-жылдардың басында электрондық шамдардың орнына ЭЕМ-дің жаңа элементтік базасы жартылай өткізгіштер, транзисторлар енгізілуімен сипатталды. Екінші буын машиналарының әрекеттездігі секундына 100-500 мың амал орындаумен пара-пар. Бағдарламаны машиналық тілде емес алгоритмдік тілде жазуға ауысты.Үшінші буын (70 –79 –жылдар) 60 –шы жылдардың кезеңі интегралдық схемалардың құрудың өндірістік технологиясының шығуымен сипатталады. Кремний пластинасының үстінде мөлшері 1 см электрондық схеманы құру іске асырылды. Иерархиялық схемалар үшінші буын машиналарының негізгі элементтік базасы болды. әрекет тездігі 1 млн оп/с жоғарылады, ал кейбір ЭЕМ-де оперативті жад бірнеше мегабайтқа кеңейді. Үшінші буын машиналарында қолданушылар цифрлық, графикалық ақпараттармен жұмыс істей алды.Төртінші буын (1980- осы уақытқа дейін). Төртінші буын машиналарының негізгі элементтік базасы үлкен интегралдық схемалар болды (ҮИС) және өт үлкен схемалар. Машиналардың өлшемдері күрт төмендеді, әрекет тездігі секундына ондаған және жүздеген млн операцияға дейін жетті, жедел жад өлшемі мегабайтпен өлшене бастады.Алғашқы ЭЕМ-дер аса қымбат, алып болды, сондықтан кең қолданыс таппады. Олар ірі ғылыми орталықтарда, космоста, қорғаныста, метерологияда қолданылды.