Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

37) Фон Нейманның принципіне сəйкес компьютердің құрамына кіретіндер

Фон-Нейман типті машиналар.

Программаны беру процесін ықшамдау үшін Моучли мен Эккерт өз жадында программаны сақтай алатын жаңа машинаны құрастыра бастады. 1945 жылы бұл жұмысқа атақты математик Джон фон Нейман (Венгриядан шыққан америандық) кірістірілді, ол бұл машина туралы баяндама жасады. Фон Нейман мен оның әріптестері Г.Голдстайн мен А.Беркстың есебінде компьютер құрылымына нақты талаптар тұжырымдалды. Олардың ең маңыздыларын ерекшелеп көрсетейік:

  • Екілік кодтау принципі. Бұл принципке сәйкес ЭЕМ-ге келіп түсетін барлық ақпарат екілік сигналдардың көмегімен кодталады..

  • Программалық басқару принципі. Бұдан шығатыны, программа процессормен анықталған реттілікте автоматты түрде орындалатын бұйрықтар жиынынан тұрады.

  • Жадтың біртектілік принципі. Сондықтан ЭЕМ жадтың берілген ұяшығында не сақталғанын ажырата алмайды - сан, мәтін немесе бұйрық. Бұйрықтармен мәліметтермен орындалатын сияқты амалдарды орындауға болады.

  • Адрестілік принципі. Құрылымы бойынша негізгі жад нөмірленген ұяшықтардан құралады, процессорға дербес сәтте кез келген ұяшық мүмкін болады. Алдымен компьютер келесі құрылғылардан тұруы тиіс:

    • Арифметикалық және логикалық амалдарды орындайтын арифметикалық-логикалық құрылғы;

    • Программалардың орындалу процесін ұйымдастыратын басқару құрылғысы;

    • Программалар мен мәліметтерді сақтау үшін есте сақтау құрылғылары немесе жад;

    • Ақпаратты енгізу-шығару үшін қажет сыртқы құрылғылар.

Суретте фон Нейман принципі бойынша компьютер құрылғыларының арасындағы байланыс көрсетілген (біртекті сызықтар басқарушы байланыстарды көрсетеді, пунктир – ақпараттық).

38) Интернет. Негізгі түсініктер: сайт, ip адрес, порт, сокет, сервер, клиент. Интернетке қосылу

Интернет-миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі желі. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді. Интернет-бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және и компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент-сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалау мүмкін емес. Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты бір адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты әкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет қауымдастығын құрайтындар бар. ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік береді. WWW- Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстыруының бірігуі. Web-кеңестігін құрайтын құжаттар Web-беттер деп деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web-беттер тобы Web-түйіндер деп аталады (басқаша атауы- Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web-беттерді көруге арналған программа браузер деп аталады.

Желіге қосылған әрбір компьютерлердің нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын 0-ден 255-ке дейінгі аралықта – жеке физикалық адресі (IP-адрес) болады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналған уақытша IP-адрес деп аталады.