Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

2. Вирустарды активтеу тәсілдері

Активтеу тәсілінен тәуелді бөлінеді:

  • Резидентті емес вирустар;

  • Резидентті вирустар.

Резидентті емес вирус бұзылған программа қосылғанда жұмыс атқарады. Вирус – программасы программа жұмыс істеп отырған уақытта қауіпті.

Егер программа өшсе вируста жұмысын аяқтайды. Резидентті вирустар бұданда қауіпті мұндай вирустар бұзылған программа қосылғанда іске асады бірақ бұл вирус компьютер жадысында өзінің резиденттік бөлігін қалдырады. Компьютер жадысында қалған вирус операциялық жүйенің және басқа программалардың ішіне енеді. Резиденттік вирустар жедел жадыда жүйе тоқтағанғашейін жұмыс атқарады.

Операциялық жүйенің стандартты құрылғылары немесе BIOS құрылғыларын қолдана отырып бұл вирустар әртүрлі орындалатын файлдардың және жедел жадының ішіне еніп алады.

3. Вирустардың деструктивті әрекеттері

Вирустардың пайда болуы (деструктивті әрекеттермен):

  1. ДЭЕМ-ның жұмысына әсер ету;

  2. Программалық файлдардың бұзылуы;

  3. Мәліметтері бар файлдардың бұзылуы;

  4. Дискі немес оның бөлігін форматтау;

  5. Дискідегі немесе оның бөлігіндегі ақпаратты ауыстыру;

  6. BR немесе MBR дискінің бұзылуы;

  7. FAT бұзылу жолымен файлдар байланысының бүлінуі;

  8. CMOS-жадыдағы мәліметтердің бұзылуы.

Бірінші топты вирусты «иллюзионистер» деп, ал барлық қалған топты вирустарды «вандалдар» деп атайды.

4. Вирусты маскировкалау тәсілдері

Маскировкалау тәсілдеріне сәйкес бөлінеді:

  • Маскировкаланбайтын вирустар;

  • Өзіндік шифрленетін вирустар;

  • Стелс-вирустар.

Соңғы екі топ антивирустық құралдардың пайда болуына байланысты дами бастады.

Стелс-вирустармен қолданылатын маскировкалау әдісі кешенді сипаттан тұрады және екі категорияға бөлінуі мүмкін:

  1. Вирустасымалдаушы-программада вирустың болуын маскировкалау;

  2. ОЖСҚ (ОЗУ)-да резидентті вирустың болуын маскировкалау.

36) Негізгі желілік топологиялар.

Телекоммуникация құралдарымен өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).

Компьютерлік желілер желгілікті (локальная) және ауқымды (глобальная) болып бөлінеді де, аппараттық және бағдарламалық қамту құралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.

Жергілікті компьютерлік желі – ортақ міндеттерді атқаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысқан өзара жақын орналасқан компьютерлер жиыны.

Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасу талабын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен құралдар болуы қажет.

Компьютердің желілік аппараттық және бағдарламалық құралдарын қамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.

Негізгі желілік хаттамалар - ISO (International Standard Organization) Халықаралық стандарттар ұйымымен стандартталған және барлық желілік құралдар өндірушілерімен қамтамасыз етіледі.

Хаттамалар:

  • желінің физикалық және электрлік параметрлерін;

  • орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, ақпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;

  • ақпаратты беру кезіндегі қателікті табу және түзету реті және т.б. қызметтерді орындайды.

Жергілікті компьютерлік желінің физикалық негіздер

Компьютерді ЖКЖ-ге қосу үшін кеңейтілу слотына немесе аналық платаға орнатылатын және желілік сымға қосылатын арнайы қосқышы бар желілік адаптер қажет.

ЖКЖ үшін қазіргі кезде келесі ақпаратты берудің физикалық орталары қолданылады:

      • Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, бірақ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-150 м-ге дейін;

      • Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға қарағанда қымбат орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-500 м-ге дейін;

      • Көпталшықты сым (сур.4) – ең қымбат нұсқа, көбінесе қуатты компьютерлерге қолданылады; компьютерлердің арақашықтық ұзақтығы 2 км-ге дейін;

      • Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалық радиоканал қолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды қажет етпейді, бірақ сымды байланыстарға қарағанда қымбат.