Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

34.Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар

Компьютерлік вирус деп өздігінен пайда болу, көбею және басқа программаларға белсенді ену қасиетіне ие программаны айтады.

  1. Детекторлар программалары (McAfee Associates-тен Scan, Norton Antivirus және “Диалог-МГУ”-дан AVSP) бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.

  2. Флаги немесе доктор (Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, “Диалог-МГУ”-дан AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады” (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу” арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді.

Фаг-программалар – зақымдалған программалардағы нақты вирусты өшірудің арнайы программалары. Зақымдалған файлдармен фаг-программа файлдың зақымдануында вируспен шығатын әрекетке кері әрекетті орындайды, яғни файлды қалпына келтіруге тырысады. Қалпына келтіре алмаған файлдар, ереже бойынша жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалады да өшіріледі. Вирусты табу үшін және өшіру үшін жасалатын әрекеттер вирустың әр версиясында жеке болады.

  1. Ревизор (тексеруші) программалар (“Диалог-наука”-дан Adinf+AdinfExt) – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.

  2. Ревизор (тексеруші) докторлар – ревизорлар мен докторлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қоймай, сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар жағдай жасайды.

  3. Фильтр программалары (-D, FlueShot Plus) резидентті түрде компьютердің жедел жадысына орнатылады да көбею және қауіп төндіру үшін вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.

  4. Вакцина – программалары (немесе иммунизаторлар), дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде көрінбейтіндей етіп модификациялайды, бірақ вирус оны, яғни вакцинацияланған программаны вирусталған екен деп түсінеді.

35.Компьютерлік вирустардың классификациясы

Компьютерлік вирустар келесі белгілерге сәйкес классификацияланады:

  1. Тіршілік ортасы;

  2. Тіршілік ортасын зақымдау тәсілі;

  3. Активтеу тәсілі;

  4. Көрсету тәсілі;

  5. Маскировка тәсілі.

1. Тіршілік ортасын зақымдау тәсілдері:

  1. Файлға өз көшірмесін жазады (вирус денесі);

  2. Осы көшірмеге файлдың бастапқы түпнұсқасын сақтайды;

  3. Файлдың түпнұсқалы басын вирус денесін басқаруға берілетін командаға ауыстырады.

Инфицирленген программаны жүктеу кезінде алдымен вирус денесінің орындалуы иницияланады, нәтижесінде:

  1. Программаның түпнұсқалы басы қалпына келеді (бірақ файлда емес, жадыда!);

  2. Кезекті құрбан ізделінеді және зақымдалуы мүмкін;

  3. Рұқсатсыз қолданушылар әрекеті іске асырылуы мүмкін;

  4. Басқаруды вирустасушы-программаның басына беру іске асырылады, нәтижесінде ол қарапайым тәсілмен орындалады.