Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

32. Деректер қорын басқару жүйесінде деректер типтері

Мәліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мәлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға немесе қолданбалы есептерге құрылады.

Мәліметтерді және олардың арасында байланыстарды ұйымдастыру модельдері: иерар-хиалық, реляциялық және тораптық модельдер болып үшке бөлінеді.

Иерархиялық мәліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық МҚ - кесте түрінде дайындалған шамалар. Мәліметтердің реляциялық моделінің концепциясын 1970 жылы МҚБЖ зерттеу облысының белгілі маманы Е.Ф.Кодд ұсынған. Реляция сөзі ағылшынның relation – қатынас сөзінен алынған. Шынында да реляциялық моделдің негізі кестелер арқылы көрсетілген қатынастардан тұрады. Коддтың дәлелдеуі бойынша қатынастардың жиыны өмірдегі объектілер туралы мәліметтерді сақтау үшін және оларды өзара байланыста ұстау үшін пайдаланылады. Реляциялық МҚ-да домен деп белгілі өріске пайдаланылатын мәндер жиынын айтамыз.

Мәліметтер қорының құрылымының негізін кестелер құрайды. Кесте - баған және қатардан тұрады. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық немесе символдық. Мұндай мәліметтер қорында кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды. Реляциялық мәліметтер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған, олар: dBASEII - dBASEIV, FoxPro, Clipper, Access, т.б. Олардың бәрін де мәліметтер қорын басқару жүйесі деп атайды.

33«Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

«Электрондық мемлекет» термині - e-Government ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады. Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:      1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;      2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;      3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;      4. e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;