Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

23.Деректер қорының жіктелуі

Мәліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мәлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға немесе қолданбалы есептерге құрылады.

Мәліметтерді және олардың арасында байланыстарды ұйымдастыру модельдері: иерар-хиалық, реляциялық және тораптық модельдер болып үшке бөлінеді.

Иерархиялық мәліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық МҚ - кесте түрінде дайындалған шамалар. Мәліметтердің реляциялық моделінің концепциясын 1970 жылы МҚБЖ зерттеу облысының белгілі маманы Е.Ф.Кодд ұсынған. Реляция сөзі ағылшынның relation – қатынас сөзінен алынған. Шынында да реляциялық моделдің негізі кестелер арқылы көрсетілген қатынастардан тұрады. Коддтың дәлелдеуі бойынша қатынастардың жиыны өмірдегі объектілер туралы мәліметтерді сақтау үшін және оларды өзара байланыста ұстау үшін пайдаланылады. Реляциялық МҚ-да домен деп белгілі өріске пайдаланылатын мәндер жиынын айтамыз.

Мәліметтер қорының құрылымының негізін кестелер құрайды. Кесте - баған және қатардан тұрады. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық немесе символдық. Мұндай мәліметтер қорында кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды. Реляциялық мәліметтер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған, олар: dBASEII - dBASEIV, FoxPro, Clipper, Access, т.б. Олардың бәрін де мәліметтер қорын басқару жүйесі деп атайды.

24.Жергілікті желі. Қолданбалы хаттамалар.

Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады. Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдануын қамтамасыз ететін, қандай да бір әдіспен біріктірілген компьютерлер тобы компьютерлік желі д.а.Қолданылатын қамтамаларына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті және ауқымды деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатасулар үшін қаптамалардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық ерекшелігі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы және тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желі жеке комьютерлерге сол сияқты әр түрлі хаттамаларды қолданатын жеке жергілікті желілерді біріктіре алады. Компьютердің желілік аппараттық және бағдарламалық құралдарын қамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады. Компьютерлер арасында өзара байланысу деңгейлері:Қолданбалы, көріністі, сеансты, транспорттық, желілік, логикалық, каналы. Соңғы 4 деңгей компьютерлік желінің транспорттық қызметін құрайды. Алғашқы 3 дейңгей абоненттік қызметке бірігіп қолданбалы процестердің логикалық өзара әсерлесуін қамтамасыз етеді.

Қолданбалы деңгей:

  • қолданушылардың қолданбалы процестерінің орындалуын қамтамасыз ету

  • файлдарды, электрондық поштаны жеткізу хаттамаларын анықтау