Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру_теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.82 Кб
Скачать

19. «Электронды үкімет» бағдарламасының негізгі бағыттары мен тетігі

Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1. Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру

2.Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту 3. е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;

4. e-Үкiметтiң инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;

5. Ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту;

6. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту; 7. Халықаралық стандарттар базасында e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;

8. Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.

Электронды үкіметте келесі қызметтер ұйымдастырылуы мүмкін: мемлекеттік басқару ұйымдары мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына қатысты туындайтын әртүрлі жағдайларға қажетті құжаттардың үлгілерін беру; айыппұл төлеу; әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты анықтамалар; мемлекеттік мекемелерден жұмыс іздеу; сертификаттар мен келісімдерді беру, дәрігердің қабылдауына жазылу; қашықтан оқыту қызметтерін беру, сайлаушыларды тіркеу.

20. Электрондық кестені деректер қоры ретінде қолдану

Электрондық кесте (электронная таблица; spreadsheet) — кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеудің интерактивті жүйесі. Кесте ұяшықтарына сандар, жолдар немесе ұяшық мәнінің басқа ұяшықтардан тәуелділігін анықтайтын формулалар жазылады. Қолданушының ұяшықтарға мәліметтер жазу, ұяшықтардан мәліметтерді оқу, оларды өзгерту, сол сияқты мәліметтердің берілу пішімін көрсету, оларды іздестіру және реттеу жүмыстарын орындау мүмкіндіктері бар. Мәліметтер базасы деп өзара байланысқан кестелер жиынтығын айтамыз. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тҧрады. Осындай мәліметтер базасы ретінде Excel электрондық кестесін алуға болады. Excel мәліметтер базасына тән барлық адамдарды орындайтын функциялар жиынтығын қамтиды. Мәліметтер базасындағы мәліметтер жазбалар жиынтығынан тұрады. Әрбір жазбаға бір өріс сәйкестендірілген. Жазбалар реттік нөмірімен, ал әрбір өріс оны сипаттайтын тақырыбымен анықталады. Excel-дің жұмыс парағын мәліметтер базасы ретінде қарастыру үшін, оған мынадай талаптар қойылады. Жұмыс парағының әрбір бағанына бір өріс сәйкестендіріледі. Мәліметтер базасының бағандары үзіліссіз, бірінен кейін орналасуы тиіс. Әрбір бағанның бірінші жолында қайталанбайтын өріс тақырыптары көрсетілуі керек. Өрістің тақырыбы бір ұяшықтан аспайтындай боуы керек. Мәліметтер базасының жазбалары тікелей тақырып жолдарының астына орналасуы қажет. Жазбаларды бос жол тастамай, бірінен соң бірін енгізеді. Егер бос жол кездессе бұл мәліметтер базасының соңы деп есептеледі. Осылайша құрылған кестеге мәліметтер базасына тән көптеген амалдарды қолдануға болады. Алдымен мәліметтер базасындағы кез-келген ұяшықты таңдап алып, қажетті амалды орындай беру қажет. Сонда мәліметтер базасының бүкіл жазбалар ауқымы таңдалынып алынады.