Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
309.97 Кб
Скачать

42. Франциядағы Бас штаттар және оның мемлекеттік басқарудағы орнына тоқталыңыз.

Бас штаттар - 1302-1789 жж. Франциядағы жоғарғы сословиелік-өкілдік мекеме. Король IV Филипп Рим папасына қарсы күресте қолдау табу үшін 1302 жылы Бас штаттарды шакырды. Бас штаттар ауқатты қала тұрғындары, дінбасылар мен дворяндардың жиналысы еді.Көркем Төртінші Филипп бас штаттарды бірінші рет 1302ж жинады. Ол рим папасы сегізінші Бонифациймен кикілжіңге келіп қалды. Көркем Төртінші Филипп Рим папасына салық төлегісі келген жоқ. Бас штаттар корольді жақтап, соның жағына шықты. Франция тағының жоғарылығын жариялап, мемлекеттік істерді король өз бетімен орындайтын болды. Францияның королі Рим папасының алдында емес, тек құдайдың алдында жауапты және соған тәуелді деп мәлімдеді. Рим папаларының жағдайы нашарлады да, оны 1308 жылдан бастап 80 ж Авиньон деген қалада қамауда ұстады. Осы оқиғадан кейін «Авиньон тұтқыны» деген мәтел шыққан еді. Папалар енді . Францияның короліне бағынатын болып қалды. Бас штаттар королге ақша керек жағдайда жиналатын болды. Король ерікті адамдар төлейтін салықты жаңартқан немесе өзгерткен жағдайда олардың келісімін сұрайтын. Сонымен, Бас штаттың маңызды функциясы өзара салық салумен айқындалды.

43.Франциядағы абсолюттік монархия. Капиталистік қарым қатынастар нығайып, феодалдық сословиелік құрылыс ыдырағаннан кейін шексіз монархия орнауға жақсы жағдайлар туды. Феодалдар өздерінің жеңілдіктерін сақтап қалу үшін корольге деген сенімін арттырды. XVIғ Францияның ішкі жағдайлары корольдің билігін күшейтті. Король күресуші таптардың қарама қайшылықтарын пайдаланып, дербестігін нығайтты. Мемлекет басшысы-король:заң шығару,атқару,сот функ., шоғырлануы абс. Биліктің негізгі сипаты.Армия,полиция,әк-қаржы,сот тек корольге.Мемл.пайдасының жартысы корольге.Негізінде Франция үшін абсолютизм прогрессивті сипаттқа ие болды. XVI ғ-да Бас штат билігі әлсіреп,орнына нотабльдер жиналысы құрылды.Король жанындағы кеңестер құрамында 6-23 адам:ақсүйектер,ірі феод.,жақын адамдары болды.Кейін кеңес мүшелері аб.мон-ң министрлері б-ды. Жоғ.Кеңеске шет елмен,әскери қызметпен б-ты мемл.кеңесшілер, хатшылар кірді. Ал Үлкен кеңеске герцог, пэр, министр, мемл.хатшы, кеңесшілер. Негізгі қызметі заң жобасын талқылау,сот ісін қарау болып саналды.Король істердің көбін осы кеңесте қарады. Кабинетке сот басқармасының төрағасы канцлер болды.Сонымен қатар Париж парламентінің Бас прокуроры, Бас адвокат кірді.Фр.провинция мен округтерге бөл-ді. XVIғ-дан баст.губернаторлар да сайл.Міндеттері:әскери міндет.1535ж-дан округтерге коммиссарларды жіберді,олар интендант д.а.Тікелей корольге н-се 1-нші министрге бағынды. Полиция,юстиция,қаржы мәселесін шешті.Негізгі қызм:салық жинау.Ол-ң орындары сатылмады.Король билігі Францияны біріктірді. Жалпы француз ұлтының қалыптасуына ықпал етті. Өнеркәсіп пен сауданың дамуына жағдай туғызды. Бірақ 17-18ғ да абсолютизмнің дамуы оның реакциялық негізінде көрсетті. Король тамыр таныстық меркантелизм саясатын жүргізді де, буржуазияның мүддесін қорғау мақсатын қойған жоқ. Ол ісі мен күшінің бәрін феодалдық құрылысты қорғауға жұмсады. 18 ғасырда терең дағдарыс қалыптасқан феодалдық жүйені ыдырата бастады. Сот әкімшілігі жүйесі де елеулі дағдарысқа ұшырады. Францияда шексіз монархия 15 ғасырдың соңында қалыптасты. Шексіз монархия тек зорлық пен күштеу әдістерін қолданды. Мемлекеттік аппаратта коррупция, пара алу заңды жағдайға айналды. Францияның ұлттық байлығын король сарайы өз мүддесіне жойды. Абсолютизмнің соңына таман халықтың жағдайы ауырлай бастады. Бұған әрине буржуазия мен байларда қарсы болды. Король билігін сынға алушылардың қатарында буржуазияның ағартушылары Вольтер , Монтеське, Руссо болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]