Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
309.97 Кб
Скачать

32. Рим құқығы. Рим құқығының негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.

Рим құқығының негізгі қайнар көздері:

1) бірінші римдық құқық кодификациясы — əдет құқығы жазбасы түріндегі XII кесте заңдары;

2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян жəне гормогениан кодекстері;

3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий кодексі қабылданды, мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың

конституциялары жинақталды;

4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңғы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып,

«азаматтық құқық жинағы» — Корпус Юрис — Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден құралды:

— институциялар — рим құқығының қарапайым курсы, бұл оқу мақсаттарына арналған, олардың негізгі қайнар көзі болып рим заңгері Гайдың шығармасы саналды, өз күшіне 533 жылдың 21 қарашасында күшіне енді;

— дигестлер — ескірген түсініктер мен қарама-қайшылықтарды жою мақсатында редакциялық өңдеуден өткен рим заңгерлерінің шығармаларының үзінділерінің жинағы, 533 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді;

— юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құ-

қыққа қатысты конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық құқыққа арналған; 9 кітап — қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған;

— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары көрініс тапқан. Құқыққабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт) қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана құқыққабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес, объектісі болып табылатын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға тиесілі тұлғалар ғана толыққұқылы жəне жалғыс өкілі болып үй иесі табылатын.

Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану жəне билік ету түріндегі затқа деген толық жəне айрықша үстемдігін білдірді. Барлық заттар бірқатар сенаттарға бөлінеді: азаматтық айналымнан алынған заттар (діни табыну заттары, мемлекеттік меншік обьектілері жəне жалпылай пайдалану заттары: теңіз, ауа, ауыз су жəне т.б.) жəне азаматтық айналымдағы заттар (жылжитын жəне жылжымайтын, бөлінетін жəне бөлінбейтін, жеке дара анықталған жəне топтық белгілері бойынша анықталған, тасымалданатын жəне тасымалданбайтын). Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған: цивильдік құқыққа негізделген иелену (меншік құқығын жаудан жаулап алынған меншік туралы жалған процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процесстегі иелену, жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) жəне «халықтар құқығына» негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі, аккупация, ескіру мерзімі бойынша мүлікті иелену). Рим құқығы бөтен мүлікке қатысты келесі құқықтарды таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа тұлғаларға да оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде салынған құрылысты пайдалану құқығы) жəне кепіл құқығы— ипотека(кепілге қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын). Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған: деликтілерден (құқықбұзушылардан) туындаған міндеттемелер жəне шарттардан туындаған міндеттемелер. Шарттардың келесі түрлері белгілі болған: вербальды шарттар — ауызша нысанды бекітілетін, литеральды шарттар — жазбаша нысанды бекітілген, шынайы шарттар — міндеттемелер затты берген сəттен бастап туындаған жəне консенсуалды шарттар — тараптардың қарапайым жəне ресми емес келісімен негізделген шарттар.

Неке — отбасы құқығы бастапқы кезеңдерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталған. Екінші кезеңде некенің жаңа нысаны пайда болды, бұл кезде əйел біраз мүліктік жəне жеке дербестікке ие болды. Үшінші кезеңде некеден тыс байланыстар — конкубинаттар кең таралды.Мұрагерлік құқықта заң бойынша мұрагерлік жəне өсиет бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған.

Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттағы (Рим мемлекетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куə болу, егіндікті ұрлау жəне дуалау өлім жазасымен жазаланатын) жəне жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан келтіру, бөтен мүліктерді жою жəне зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы қолданылатын) қылмыстар ажыратылған.

12 кесте заңдары Рим құқығының негізгі қайнар көзі болды. Олар 12 кесте созылып жазылып, қаланың басты алаңы Форумда қойылған еді. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды. 12 кесте заңдары плейберлерден жасырын сақталынған патрицийлардың рулық салтына негізделіп жасалынды. Бұл тақталарда негізінен мүліктік, отбасылық және мұрагерлік қарым қатынастарды реттейтін нормалар енгізілген, бұл номиналдардың бір бөлігін қылмыстық құқыққа жатқызуға болады. Меншіктік құқық 12 тақта заңдарында толық жарияланбады. Алғашқы ғасырлар бойындағы римдік республикада жер римнің барлық толық құқылы азаматтарының меншігінде болды және оның қоғамдық алқап деп атады. Белгілі бір руға кіретін отбасы жерге ие болып отырды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік пайда болып , қалыптаса бастады, бірақ ол нормадан тыс және қоғамдық меншікке бағынышты нысанда көрініс тапқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]