Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
309.97 Кб
Скачать

77. Хіх бірінші жартысындағы Францияға және 1814,1830 жылдардағы Хартияларға сипаттама беріңіз.

ХVІІ Людовик патша (өлтірілген патшаның бауыры)революция болайын деп тұрған жағдайда абсалюттік биліккеқолы жетпейтінін түсініп конституциялық басқаруға келісім

берді. 1814 жылы бұл жағдай Хартиядан өз көрінісін тапты.Елде легитимді конституцялық монархия орнады (легитимді ,яғни “заңды” Бурбон династиясы басқарды). Патшаға бүкіл атқарушы билік берілді. Заңшығарушылық саласында ол жарлықтар шығаруға құқықты болды. Сондай-ақ, оған пэр титулын

сұрау құқығы берілді, ол өмірлік немесе мұрагерлік жолменберілді. Пэр болу құқығын туылған кезінен бастап тек патшаотбасының мүшелері жəне қандас ханзадалар иеленген.Сайлау ценздерін енгізудің нəтижесінде, 31 миллиондықхалықтан таңдау құқығына тек 50 мың адам иеленді, ал таңдалғандардың саны 15 мыңнан аспау керек еді.Легитимді монархия, негізінен, Наполеонның кезіндеқұрылған əскери-бюрократиялық жəне сот аппаратын сақтапқалды.1830 жылғы маусымда Х Карл патшалығының үкіметі 1814жылғы Хартиямен бекітілген конституциялық режимді жоютуралы шешім қабылдады. Негізгі төрт құжат қабылданды:депутаттар палатасын тарату туралы; төменгі палатадағыдепутатардың санын екі есе азайту туралы; прессаға қосымшацензура еңгізу туралы; жиналыс жəне көтеріліс жасауға тыйым

салу туралы. Бұл құжаттарды ел ішінде көңіл толмаушылықпенқабылдады. 1830 жылы шілдеде париждықтар қарулы көтеріліске шықты. Астана көтерілісшілердің қолына көшті, Х Карл

мемлекеттен қашты, легитимдік монархия құлады.130Патша ретінде Луи-Филиппті (Бурбондардың кіші тармағынан), ірі буржуазия өкілін сайлады.1830 жылғы хартия жаңа режимнің конституциясы болып

табылды. Парламенеттің рөлі кеңейе түсті, заңшығарушы бастама патшаға жəне қос палатаға берілді. Мүліктік ценздің төмендеуі таңдаушылар санының өсуіне (240 мыңға дейін)алып келді. Алайда, мемлекеттік аппараттың маңызды буындары өзгеріссіз қалдырылды.

78.Франциядағы 1848,1852 жылдардағы Конституцияларға талдау жасаңыз.

1848 жылғы ақпан айындағы бейбіт демонстранттардыңатылуы париждықтардың көтеріліске шығуына түрткі болды.Луи-Филипп тақтан бас тартты. Елде уақытша үкімет жəне мобильді жалданбалы əскер құрылды. 1848 жылғы көктемде Құрылтай жиналысына сайлаулар өтті. Жиналыстың басымкөпшілігін ірі буржуазия, жер иеленушілер, генералдар жəне жоғарғы дін қызметкерлері құрады. Еңбеккерлердің жағдайын жақсартатын актілердің барлығы жойылды. 1848 жылғы 22-маусымда жұмысшылар көтеріліске шықты, алайда, бұл көтерілісті төрт күннен соң тұрақты əскер мен мобильді гвардия басып тастады. Қайтадан енгізілген 1848 жылғы Конституциямен басқа- рудың республикалық нысаны, биліктің тармақтарға бөлінуі жарияланды. Жоғарғы заңшығарушы орган ретінде депутаттары 3 жыл мерзімге сайланатын Ұлттық жиналыс құрылды. Атқарушы биліктің басшысы болып жиналыспен емес, департаменттердің сайлаушылары арқылы таңдалатын Президент тағайындалды. Заңдардың қолданылуын бақылайтын кеңесуші орган болып Мемлекеттік кеңес табылды. Оның құрамы Ұлттық жиналыспен 6 жыл мерзімге тағайындалатын. Алғашқы сайланған президент болып Луи Наполеон (На-

полеон Бонапарттың туысы) табылды. Бұл шаруалардың дауыс беруінің арқасында жүзеге асырылды. Алайда, оның кандидатурасы ірі буржуазия мен банкирлерді қанағаттандырды. 4жылдық сайлау мерзімі мен қайта сайлануға салынған тыйымға 131қанағаттанбаған Луи-Наполеон 1851 жылғы желтоқсанда Ұлттық жиналысты таратып жіберіп, 1848 жылғы конституцияның күшін жойды. 1852 жылғы конституция Луи-Наполеонның мемлекеттік төңкерісін заңдастырды. Жаңа конситуцияға сəйкес, барлық билік толығымен президентке берілді. Заңшығарушы билікті Мемлекеттік кеңес, Заңшығарушы корпус жəне Сенат президентпен бірлесе отырып жүзеге асыратын болды. Ол Мемлекеттік кеңес пен Сенаттың мүшелерін тағайындады. Президент 10 жыл мерзімге сайланатын болды.1852 жылғы қарашада империя заң жүзінде қалпына келтірілді. Луи-Наполеон француздардың императоры — ІІІ Наполеон болды. Елде əскери-полициялық диктатура орнады. 1870 жылы жазда Луи-Наполеон Пруссияға қарсы соғыс ашты. 79.ХІХғ. екінші жартысындағы Франция, 1871ж. Париж коммунасы, 1885ж. Конституция жайлы әңгімелеп беріңіз.

1871 жылғы 18 наурызға қараған түнде үкімет əскерініңотрядтары Париждық Ұлттық гвардияның зеңбіректерін тар-тып алуға əрекет жасады, алайда, бұл жүзеге аспады, солдаттархалықпен бауырласып кетті. Үкімет Версальға қашып кетті,132қаладағы билік Ұлттық гвардияның Орталық Комитетіне көш-

ті. Көтеріліске шыққандардың басшылық құрамы жаңа якобиндерден (1793-1794 жылдардағы якобиндік республикаидеясын жақтаушылар), бланкистерден (революционерО.Бланктың ізбасарлары) тұрған “көпшіліктен” жəне “азшы-лықтан” тұрды. Бланкистер революцияны кішігірім, жақсы ұйымдасқан ұйымның күшімен жасауға болады деп санады.“Азшылыққа” прудонистер енді, олар қоғамның жекелеген щаруашылықтарға негізделген мемлекеттік емес өмірін жақтады. Жаңа биліктің басқарушы органы болып Ұлттық гвардияның Орталық Комитеті табылды. Жоғарғы өкілдік орган Париждік Коммуна кеңесі болды. Ол əртүрлі мəселелерге қатысты 10 комиссиядан тұрды. Сот əділдігін əділет комиссиясы жүзеге асырды. Соттар былай бөлінді: версальдықтардың ісі бойынша айыптаушы ал-

қадан тұрған жалпыазаматтық соттар; келісім соттары; азаматтық сот палаталары жəне батальондардағы, легиондардағы тəртіптік соттардың құрамындағы əскери соттар, жалпыəскери

сот. Сот жүйесінің басында Париж Коммунасының Кеңесі тұрды, ол басқа соттар үшін кассациялық инстанция болып табылды. 1871 жылғы 19 сəуірде Париж Коммунасы “Француз халқына арналған декларацияны” жариялады. Декларация бүкіл мемлекетті Париж Коммунасы үлгісі бойынша, яғни, республикалық режимді ауыстырмай, коммуналарға бөлуді ұсынды. Орталық үкімет Коммуналардың депутаттарының жиналысы ретінде жұмыс жасады. Мемлекеттің конституциясын құраған үш заң қабылданды:Мемлекеттік билікті ұйымдастыру туралы конституциялық заң, Сенатты ұйымдастыру туралы заң жəне Мемлекеттік биліктердің өзара қатынасы туралы заң. Президент Сенат пен депутаттар палатасының көпшілік дауысымен 7 жыл мерзімге сайланатын, оған атқарушы биліктің толық ауқымы берілді. Заңшығару билігін Сенат пен депутаттар палатасы жүзеге асырды. 133Жалпы алғанда, басқарудың республикалық режимі жарияланды, алайда, бұл режимде монархияның кейбір элементтері

сақталып қалды. Бұны Францияның саяси өміріндегі республикалық жəне монархиялық ағымдардың өзара күресімен түсіндіруге болады. 1877 жылы үш монархиялық топ (легитимистер, бонапартистар жəне орлеанистер) республикаға қарсы бүлік шығаруғабірікті. Президент Мак-Магон (бонапартист) бүлік шығарушылардың басында жүріп, мемлекеттік төңкеріліс жасауға ұмтылды, алайда, республикандықтардың қайтпас қарсылықтарынан кейін отставкаға кетуге мəжбүр болды. Екінші рет мұндай əрекетті əскери министр Буландже қайталады. Алайда, париждіктердің көтерілісінен қауіптеніп, ол ашық əскери шабуыл жасауға бармады. 1884 жылы демократиялық қозғалыстың жандануына байланысты 1875 жылғы конституцияға маңызды түзетулер енгізілді. Бұл жерде мына-

дай мəселелер қарастырылды:

1) Депутаттар палатасы мен Сенат мемлекеттік биліктің негізгі буынына айналды;

2) Президент билігінің ауқымы шектелді;

3) Үкімет парламенттің бақылауына берілді

Бұдан біраз уақыт бұрын, 1879-1880 жылдары, ұлттық əнұран ретінде Париждік Коммунаның əнұраны “Марсельеза” болуына республикандықтар қол жеткізді, ал 14 шілде (Бастилияны алған күн) Францияның ұлттық мерекесіне айналды.Республика негізінен бұрынғы əкімшілік-аумақтық бөлінісін

сақтап қалды. Кейбір министрліктер департаменттерде, тіпті, кейбір кантондарда өзінің

бөлімшелерін иеленді. Департаментке префект, ал округке супрефект басшылық жасады. Жергілікті сайлау органдары мыналар болды: департаменттің бас кеңесі, округтіқ кеңес, коммуналардағы муниципалитет. Коммунаның басшысы болып сайланбалы мэр табылды. Бұл органдар салық мəселесін,

жергілікті жерлерді көркемдеу жəне т.б. мəселелермен айналысты. Префектті ішкі істер министрінің ұсынысымен Президент тағайындайтын, супрефектті ішкі істер министрі тағайындайтын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]