Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
309.97 Кб
Скачать

62.Ерте кезеңдегі ,,Орыс правдасы,, және оның мазмұнына сипаттама беріңіз

63.Россияда бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы және сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат беріңіз.

64.Ресейдегі Иван іу реформаларына талдау жасаңыз.

Ішкі саясатта Иван ІV Ресейді бөлшектеуге тырысушылармен қатал күрес жүргізді. Осы мақсатта 1565 жылы опричнина (өзінің жер иелігі, әскері, басқару аппараты бар арнаулы жазалау жүйесі) құрды. Жеке дара биліктің ресми идеологиясы жасалынып, Ресей бір орталыққа бағынған қуатты мемлекетке айналды. Иван ІV өз билігіне қарсы шыққан саяси қарсыластарын, сондай-ақ, үкіметке бағынбаған шаруалар мен қала тұрғындарын мыңдап қырды. Адамдарды азаптап, жазалап өлтіруге тікелей өзі қатысты. Өмірінің соңына қарай мінезіндегі ешкімге сенбеушілік асқынып, жұрттың бәріне өзіне қастандық жасайтындай күдікпен қарады. Тіпті, өзінің Иван есімді ұлын өлтіруге дейін барды (1582). Алайда Иван ІV өз заманының сауатты адамы болған. Ежелгі дәуір әдебиеті мен философиясын жақсы білген. Ол мемлекет басқарған тұста Ресейде көптеген сәулет ескерткіштері салынды. Иванның ішкі саясаттағы реформалары мемлекеттік басқару жүйесін, сот жүйесін, білім беруді реттеп,жүйелі түрде даму жолына қойды.

Қорғаныс үшін елдің оңтүстігіндегі және шығысындағы шеткері аймақтарда бірнеше ондаған бекініс қалалар салынды. Кейін олардың көбі өолөнер мен сауда орталығына айналды. 1555ж шіркеулік соборда бытыраңқылық кезіндегі қасиетті дәстүрлер реттеліп, патшаның наразылығын тудыратын дінбасыларының адамгершілік тәртібі қаралды, араққа тиым салынды. Орталық биліктерде өзгертулер болды. Бұрынғы екі басқаруоргандарының орнына(мемл сарай және қазына) бір жүйелік приказдар құрылды. Әскери реформа үлкен маңызға ие болды.Онда әр 150десятинасы бар феодалдар қаруланған бір әскер беруі тиіс болған. Ақша бірлігі(рубль мемл бірлікке айналды). Салық реформасы бойынша салық көлемі өсті. Осылайша, бұрын болмаған реформалар нітижесінде басұаруды орталыұтандырудың сапасын арттырып, Ресейдің мемл аппаратын қалыптастырды. Сыртқы саясат осы реформа нәтижесінде қалыптасты. Мемлекет екіге бөлінді: опричина және земшина жері.әрқайсысында өз басқару мекеесі, бояр думасы, әскері болды.

65. Россиядағы абсолюттік монархияның орнығуы және Ресейдегі Петр І реформалары жайлы әңгімелеп беріңіз

1547 жылдан IV Иван орыс мемлекетінщ патшасы атанды. Ол самодержавиені нығайту үшін 1549 жылы жаңадан заңдар жинағын шығарды. Бұрынғы боярлар думасының орнына Земсоборын құрды. Боярлардың саяси билігі төмендетіліп, дворяндардың билігі күшейтілді. Әскери реформа жүргізіліп, Ресейде түрақты армия құрылды. 1550 жылдан бастап шаруалар өз жерінен кетуге рүксат алды, бірақ ол иелерінен алған қарыздарынан толық күтылғанда ғана жүзеге асатын. Шаруа өз қожайынына бекітілді, кіріптарлық бұрын ғыдан да күшейе түсті. Ел басқаруда приказдар жүйесі енгізіліп, Ресей бір оралықтан бағындырылған мемлекетке айналды. Абсолюттік монархия елді орыс дворяндарына сүйеніп басқарды. IV Иван кезінде боярлар патшаға қарсы күреске шықты. XVII ғасырда Зем жиналысы мен боярлар думасының беделі әлсіреп, абсолютті монархия шексіз билікке ұласты. Патша шіркеу билігін де өз қолына алды. IV Иван кезінде халық наразылығымен қатар боярлардың қарсылығы күшейді. IV Иванды халық Грозный деп атады. Ол елде опричнина саясатын енгізді. Ол бойынша мемлекеттік жерлерге патшаны қолдаған сенімді адамдарды орналастырды да, патшаға қарсы шыққан боярлардың жерлері тартып алынып, олар шет аймақтарға көшірілді. Опричнинаны арнаулы, сенімді адамдардан тұратын өскер жүргізді. Опричнина «опричь» сөзінен шыққан - «басқа, айрықша» деген мағынаны білдіреді. Ауыспалы мағынасы - «жүгенсіз кеткен орда». Халықтың IV Иван патшадан опричнинаны жоюды талап етуі. Халықты қорқыту үшін опричнина әскерлері қанжығаларына иттің басы мен сыпырғыш байлап жүрді. Бұл олардың патшаға иттің иесіне берілгендей берілгендігін, опасыздарды мемлекеттен сыпырып тастайтындығын білдірді.

I Петрдiң реформалары

Таптық қайшылықтардың шиеленiсуi орталықтағы және жергiлiктi самодержавиелiк аппаратты нығайта түсудi, соғыс жүргiзе алатын тұрақты армия құруды талап еттi. Реформалардың алғышарттары XVII ғасырдың өзiнде-ақ қалыптасты. Бұл уақытта мемлекет Романовтар әулетiнiң алғашқы өкiлдерiнiң мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiнде Аласапыран жылдардың салдарынан туындаған әлеуметтiк-экономикалық және саяси дағдарыстан шыққан едi. Iшкi нарықтың қалыптасуы сауда ережелерiн реттеу қажеттiгiн туындатты. Осыған байланысты 1653 жылы “Жарғылық кедендiк грамота” қабылданды. Қаржылық және салықтық жүйелер жетiлдiрiлдi. Монархияның сословиелiк-өкiлдiк формасының саяси құрылысы бұрынғыдан да абсолюттiлiкке ұмтыла түстi: бiртiндеп земстволық соборлардың қызметi тоқтатылды, патша атақтарының iшiнен шексiз билеушi дегендi қолдану жиiледi. Боярлар думасының билiгiн шектеудегi алғашқы қадам жергiлiкшiлдiктi шектеу (1682) болды. Жалпымемлекеттiк заңнама — Соборлық ереже (1649) рәсiмделдi. Қарулы күштердiң сословиелiлiгi мемлекет қажеттiлiгiн ендi қанағаттандырмады, сондықтан жатжерлiк үлгiдегi полктер құрыла бастады. Мәскеу мемлекетiнiң империялық сипатқа ие болған сыртқы саясаты iштей нығайып, белсендi әрекет ете бастады. Елде реформалар, негiзiнен, күш қолдану әдiстерiмен және мемлекеттiң экономикаға белсендi араласуымен қатар жүрдi.Олардың көпшiлiгiнде ойластырылмаған, асығыстық сипат болды, бұл соғыстағы сәтсiздiктерден, сондай-ақ кадрлардың, тәжiрибенiң жоқтығынан және өкiмет билiгiнiң ескi аппаратының қысым жасауынан көрiндi.I Петрге дейiн елдiң қарулы күштерiн соғыс болған жағдайда шақырылатын, соғыс аяқталған соң үйлерiне таратылатын жергiлiктi дворяндық жасақтар мен тұрақты атқыштар әскерi құрады. XVIII ғасырдың алғашқы бөлiгiнде дворяндық жасақтар, атқыштар әскерi жойылып, оның орнына қуатты тұрақты армия құрылды. Сонымен қатар қарулы күштердiң құрамында украиндық, дондық, жайықтық және жергiлiктi казактар ұйымы және ұлттық құрамалар (башқұрттар, қалмақтар) сақталып қалды. I Петр патшалығының соңында жаңа тџрақты армияда 126 полк болды. Жалпы әскер саны 200 мың солдатқа жеттi. Ол кезде казактардың тұрақты атты әскерiнде 100 мыңнан аса адам болды.Әскери реформа, iс жүзiнде тұтас мемлекеттiң мақсат-мүддесiн айқындады. I Петр армия мен флотты басты қамқорлыққа алды. 1694 жылы орыс армиясы жүргiзген iс-шаралар, сондай-ақ Азов жорықтары (1695, 1696) әскери құрылым қуатының қаншалықты төмен екендiгiн көрсеттi. Жаңа армияның негiзi 1687 жылы құрылған Преображенск және Семенов “ойын-ермек” полктерi болды. Армияны жасақтаудың негiзiне рекруттық жүйе (1705) алынды. Соған сәйкес қатардағы құрамға шаруалар мен басқа да салық төлейтiн сословиелердiң өкiлдерi алынды,23 ал офицерлер корпусы дворяндардан құрылды. Әскери мiндеткерлiк өмiр бойғы және тұрақты болып жарияланды.Мiндеткерлiктiң мәжбүрлеушi сипатына қарамастан, I Петр уақыт өте келе тұрақты ғана емес, сондай-ақ жалдамалы армиядан мүлдем ерекшеленетiн бiр ұлтты армияға да ие болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]