Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.99 Кб
Скачать

44.Франциядағы Ришелье реформасы.

Ришелье Арман Жан дю Плесси (5.9.1585 — 4.12.1642) француз саяси әрі діни қайраткері, кардинал.

Ақсүйек тұқымынан шыққан Ришелье 9 жасында билеуші әулеттердің балаларын дайындайтын ерекше артықшылығы бар Навар колледжіне түсіп, 1600 жылы маркиз титулын алады. Онда латын, италия, испан тілдерін, теология, философия, өнер түрлерін, проза, өлең жазуды үйренді. Плюмвинел әскери академиясында соғыс өнерін үйренген ол 1607 жылы Сорбоннада теология мамандығы бойынша докт. дисс. қорғап шықты. 1616 жылы әскери және сыртқы істер мемл. хатшысы, король кеңесінің мүшесі, королева Мария Медичидің жеке кеңесшісі болып тағайындалды. Ришелье Францияда ең алғаш ақсүйектер арасында жиі кездесетін дуэльді жою мен мемл. қазынаның қаражатын жұмсауды қысқарту, шенеуніктердің жемқорлығына шек қоюға тырысты. Людовик ІІІ тұсында кардинал (1622), корольдің бірінші министрі (1624), герцог-пэр (1631) лауазымдарына тағайындалды. Ришелье абсолютизмді нығайту саясатын жүргізіп, халық көтерілістерін басып жаныштады. Король билігіне қарсы ірі ақсүйектер тарапынан болатын сепаратистік топтармен ашық күрес жүргізді. Сыртқы саясатта Ришелье Еуропаны билеген габсбуртер әулетіне қарсы күресіп, Ресей, Түркия, Иранмен сыртқы сауданы дамытты. Солтүстік Америкада, Мұхиттық аралдар мен Африкада отарлық саясат жүргізді. 1631 жылы Францияда тұңғыш газет (“La Gazette”) шығарды.1635 жылы Франция академиясын құрып,басшылыққа өзі тағайындалды. Ол академия Францияның ұлттық мәдени орт-на айналды. Сорбонна ун-ті қалпына келтірілді, жанынан жаңа шіркеу салынды.Кейін өз өсиеті бойынша осы шіркеуде Р-нің денесіқойылды. 1640 жылы корольдің алғашқы типографиясын ашты. Ришелье жазған “Үлкен пастораль”, “Мирам”, “Еуропа” пьесалары Париж театрында қойылып, жақсы бағаланды. Ришельенің Францияда ең бай кітапхана саналатын жеке кітаптары, өнер коллекциялары Сорбоннаға мұраға қалдырылған. Ришелье Францияда алғаш әскери флот құрады. 1635 жылы Париж әскери мектебін құрып, онда 14 — 15 жас аралығындағы француз ұлтының кедей дворян отбасынан шыққан балалары қабылданды. Ришелье заманы — Франция мәдениеті мен философиясында “алтын ғасырдың” басталған кезеңі. Ришельенің Сорбоннадағы мазарын Напалеон ІІІ 1866 жылы жөндеуден өткізіп, мазар басына “Францияның ең ұлы адамы” деген сөздерді жаздырған. 45)Құқықтың негізгі сипаттары. Феодолизм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық əрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақтақалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатынФеодалдық — ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет — ғұрып нормалары — кутюмдер табылды. Сословиелік — өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің бір інші жинағы — «Қасиетті Людовиктің Мекемелері» пайда болды, мунда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың жəне Мэнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде əдет —ғұрып жинақтары мен бірже құқықтың қайнар көздеріне патша билігінің актілері жататын болды,олар: жарлықтар, эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды. Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. Бенефецийлер мұрагерліктің объектісіне айналды, X ғ. Ал феод деп. атала бастады.Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар болды: сату — сатыпалу, зайым шарты, сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар котюмдермен жəне патша ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екіжақтың келісімі, сонымен қатар, ата — аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (əкенің мүлкі мұрагерлерге əке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) жəне өсиет бойынша мұрагерлік.Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ə) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау жəне мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар жəне айыппұл.Қылмыстық процесс екі кезең гебөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу екіншісі — жариялы жəне ашық сот өндірісі.

Германия (45,46,47,48)

1.Германияда мемлекет шығыс франктер жерiнде пайда болды. Осы территория герцогтықты, Саксонияны, Франконияны, Швабияны, Баварияны және Лоторингияны құрады. 10-12 ғ. уақытша бiрiгуден кейiн Германияда мемлекет дамуы феодалдық бытыранқылық сипат алды. Герман императорлары Римде ресми түрде таққа отырдыГермания мемлекетi дамуын шартты түрде 2 кезеңге бөлемiз:Империялық Германия мемлекеттiң қалыптасуы және дамуы ( 10-12 ғ. ) ;Германиядағы территориялық бытыранқылық (13-19 ғ. басы.).11 –12 ғ. Германияда феодалдық қоғам сословиелерi қалыптасты. Феодалдық ең жоғарғы сословие герцогтар (тайпа книяздары, iрi жер иелерiне айналған) болды. Iрi жер иелерiне фогтар жатып, олар король чиновниктерi , яғни сот қызметiн атқарүшылар едi. Генрих I тұсында (919-936) ұсақ дворяндар мен ерiктi шаруалардан рыцарлықтар құрылды. 1186 ж. бастап шаруалар мен свещенниктердiң балаларына рыцар болуға тиым салынды. Феодалдық дворяндармен дiн иелерi жетi ранғыға жiктелдi: король, дiни княздар (епискөп,аббат) зиялы княздар және олардың вассалдары.13 ғ. таман Германия шаруалары ерiктiлер және ерiксiздер болып бөлiндi. Ерiктi шаруаларды чиншевиктер және арендаторлар құрады. Чинш - қожайын жерi үшiн нақты ақшалай мiндеткерлiк атқару. Олар жерлердi мұраға қалдыра алды немесе ондай құқығы жоқ болды. Арендаторлар жердi уақытша алды. Бостандығы жоқ шаруаларды литтер, батрактар және басыбайлы крепоснойларды құрады. Ерiктiлер тобына қала тұрғындары жатты.10 – 12 ғ. Германия бiршама орталықтандырылған мемлекет түрiнде көрiндi. Осы кезеңде Германия териториясы бiршама ұлғайды. 10 ғ. бастап германияның корольдары “Қасиеттi Рим империясының “ императоры титулын ала бастады.939-973 жылдары Өттон I тұсында шiркеуге сүйенген король билiгi нығайды. Өттон I шiркеуге байланысты герцогтар құқығына шек қойды, яғни герцог қызметiн епискөптар атқара бастады. Дiни феодалдар мен корольге ғана бағынды. Король епискөптарды тағайындады және шiркеу жерлерi кiрiстерiн пайдалана алды. Король жоғарғы сөтты iске асырды, императорлық заңдарды және шiркеу конондарын шығарды. Тiптi Рим папалары 11 ғ. соңына дейiн германияның корольдерi ықпалында болды. 10–12 ғ. Германиядағы орталық аппарат сарайлық - вотчиналық сипатта болды. Император феодалдар арасынан сайланды. Оның жоғары қызметкерлерi канцлер мен маршал маңызды мемлекеттiк қызметтi атқарды. 11 ғ. басында король кеңесi (гофтаг) құрылып, ол маңызды мемлекеттiк iстердi қарады.12 ғ. бастап король әкiмшiлiгi жүйесi ыдырауы процесi жүрдi. Графтар мұралық жер иелерiне айналды.

2. 13 – 15 ғ. Германия көптеген княздарға , графтықтарға, борондық және рыцарлық иелiктерге бөлiндi. Осы уақытта сословиелер мен сословиеге княздар, рыцарлар және империялық қалалар өкiлдерi кiрдi. Жергiлiктi княздық сословиеге дворияндар мен дiн иелерi және княздық қалалар өкiлдерi кiрдi. Осылардың iшiнде корольдi сайлайтын зиялылар мен дiни ақсүйектер – құрфюрст деп аталды. Дiн иелерi арасында да дифференциация болды. Олардың жоғарғыларына епискөптар мен аббаттар, төменгiлерiне село және қала свещенниктерi кiрдi. Қала тұрғындары үш топқа жiктелдi. Рейхстатағы өкiлдiктi қала бургомистрлерi алды. Орташа қала тұрғындары – бюргерлердi құрды. Қала плебсiне шебер көмекшiлерi, дүние мүлкi жоқ қала тұрғындары жатты. 13 ғ. бастап империялық орталық аппарат мемлекеттiк билiктi номиналды түрде атқара бастады. Билiк нақты түрде құрфюрстер қолында болды. Германия териториясындағы шiркеулерде рим папасы үстемдiгi орнықты. 1122 ж. Вормс конкордаты (келiсiм) бойынша дiни инвеститұраны (епискөп,аббат тағайындау) рим папасы iске асырды.Императорды сайлауда аз ғана княздар өз қолына алды. Ол империяның жоғарғы соты қызметiн ғана атқарды. Империяда астана, қазына, концелерия және т.б. болмады. Император мемлекет басшысы болып, империя бiрлiгi тұрпатын көрсеткенiмен нақты билiкке ие болмады. Ол негiзiнен немiс феодалдарының әскери немесе сыртқы саясатындағы негiзгi координатор қызметiн атқарды. Императордың осы жағдайы 1356 жылғы “Алтын бұлла“ бойынша заң жүзiнде бекiдi. “Алтын бұлла” бойынша Германияны жетi құрорюрст басқарды: үш архипескөп (Маинц, Кельн, Трир) Бранденбург Маркграфы, Чехия королi, Саксон герцоғы, Рейн пфальцграфы. Құрорюрстер өз алдына саяси тұрғыдан толық тәуелсiз болды. Император құрорюрстер ықпалында 18 ғасырдың аяғына дейiн болды. 14-15 ғасырлардан бастап Германияда екi жалпыимпериялық мекеме әрекет еттi: рейхстаг және империялық сот. Рейхстаг жалпыимпериялық съезд болып үш алқадан тұрды: 1) құрорюстер алқасы; 2) княздар т.б. алқасы; 3) империялық қалалар өкiлi алқасы. Әр алқа өз алдына жиналды. Демек, рейхстаг-сословиелер өкiлдерi орғаны болды.Рейхстаг құзiретi нақты болмады, яғни әскери, х/аралық және қаржы мәселесiнде императорға шек қойды, заң шығару бастамасы құқығы болды, рейхстаг актiлерi империялық нұсқау сипатында болды.Империяның тұрақты әскерi болмады. ХҮ ғ. бастап империя және княздар әскерi негiзiн жалдамалылар құрады.Германиядағы жеке княздықтар өз алдына монархиялық тұрпатта болды. Княз территориясы графтықтарға және қалаларға бөлiндi. Ерекше саяси құқыққа қалалар одағы ие болды. Әрбiр княздықта үш құрия қалыптасты: дiн қызметшiлерi, рыцарлар және қала тұрғындары. Олардың жиыны ландтаг – деп аталды. 48.Германиядағы 1356 жылғы ,,Алтын Булла,, және оның сол кезең үшін маңызына тоқталыңыз.1356 жылы император IV Карл «Алтынбулла» деген жарлығын жариялады. Ол бойынша императорлар жеті курфюрстердің (үш діни, төрт ақсүйек кінәздер) жиналысында сайланатын болды. Курфюрстер өздері сайлаған императорлардан кінәздердің дербестіктеріне араласпауын талап етті. «Алтын булла» Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді.,,Алтын Булла,, Богеми (Чехия) королі болып тұрған бесінші Карл императордың тұсында, 1356ж қабылданды. Оның екінші атауы «Курфюстер мөрі». Осы құжаттың мазмұнына мейілінше аша түсінетін атау: бөлшек – бөлшек болып кеткен Германияда Ұлы князьдардың, ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігі біржола бекіп қалды. Императорды үш қала (Майн, КЕльн,Трир) және төрт зиялы князьдарды сайлап алды, оларға императорлардың өктемдік жүргізуге және орнынан алуға император құқығы болды. Олардың съездерінде жалпы империға байланысты аса маңызды мәселелер шешілетін. Князьдар қарауындағы жерлерде шексіз билік құрды. 49.Ортағасырлық Герман құқығы және ,,Каролина,, заңдар жинағының мазмұнына талдау жасаңыз.Шаруалардың ұлы соғысынан кейін 1532 жылы Германияның рейхстагы "Каролина" деген заң жинағын шығарды. Ол императордың атымен (Карл Бесінші) Каролина деп аталды. Онда 219 бап бар, олардың 142 бабы қылмыстық процестен, қалғаны қылмыстық нормалардан тұрады. Бұл занды тарихшылар "қанмен жазылған" дейді. Каролина шеффендер қолдану үшін жазылған талқылау, сондықтан ішкі құрылысы анық емес. Бүл құқықтық мұраны империяның барлық жерлері тегіс қолдануға міндетті болмаған. Бірақ шаруаларға қарсы жаза қолдану үшін Каролинаның баптарын жүзеге асырды.Неке құқықтары. Əйел адам мен ер адамның некедегі құқықтары тең емес. Отбасының мүлігін ер адам иелік етеді. Əйел адам күйеуінің рүқсаты болмаса үйдегі мүлікті басқара алмайды. Бірақ олардың жалпы меншігінде əйелдің де үлесі бар, оған үйдің заттары мен өзінің бұйымдары жатады. Бұл заттар оның қыз баласына мұрагерлікпен беріледі, олар əйелдің үлесі деп аталатын. Əйел күйеуінен ажырасса немесе күйеуі өлсе, олардың жалпы меншігі былай бөлінетін. Əйел адам күйеуімен ажырасса, ол өзіне күйеуінің сыйлаған заттары мен өз үлесін ғана қалдыра алатын. Ал күйеуі өлген жағдайда ол күйеуінің сыйлығын, əйелдің бөлігін өмірбойғы өзін жəне балаларын асырайтын мүлікті де өзіне қалдыратын еді. Мұрагерлік нормалар мұраның ер адамдарға қалуға тиісті екенін мəлімдеді. Мұра тек қана заң бойынша таратылатын. Бірақ мұрагерлік мəселелері кейбір кезде өсиет бойынша да шешілетін болды. Мусылман құқықтық нормаларындағы сияқты герман құқығы да өлген адамның үлесін анықтайтын, бұл үлес өлген адамның жерлеуіне жұмсалатын болды. Қылмыстық құқық. Бұл нормалар көбіне Каролина құжатында айтылған. Каролина феодалдық қылмыстық құжаттардың ең таңдаулыларына жатады. Қылмыстық құқықтың тұжырымдары мұнда өте анық жəне түсінікті айтылған еді. Каролинада қастық пен қауіпсіздік, қылмысты ауырлататын жəне жеңілдететін жағдайлар, аяқталмаған қылмыс жəне аяқталған қылмыс, қылмысқа бірге қатысу тəрізді түсініктер туралы толық айтылған. Өзін қорғау кезінде басқа адамды өлтіру туралы бірнеше баптар бар. Қылмыстардың бөрі бірнеше топтарға бөлінеді: шіркеуге, мемлекетке, жеке меншікке жəне адамдарға қарсы қылмыстар. Бірақ Каролинаның ең қиын жəне ауыр баптары жазалар туралы болатын, жазалардың мақсаты - халықты қорқытып ұстау. Бұл заң жинағында өлім жазасы туралы көп айтылған жəне өлім жазасының ауыр түрлері көп еді. Жазалардың түрлері: өлім жазасы, дене мүшесін зақымдау жазалары, ұрыны бірнеше құқықтан айыру, темір қарғыны мойнына кигізіп, жұрттың көзінше ұстау, масқаралау, түрмеде ұстау, зиянын төлету, айыппұл жəне басқа да жазалар. Қылмыстардың көбіне өлім жазасы берілген, ал оның түрлері: өртеу, дөңгелекке салып өлтіру, асып өлтіру, суға салып өлтіру, тірідей көміп өлтіру. Негізгі жазаға қосымша жазалар да белгіленетін: мүлікті тəркілеу, өлтірудің алдында ыстық темірмен сынау, өлтіру орнына сүйрелеп апару. Сот процесі. Ерте феодализм кезінде айыптау процесі қолданылатын. Каролина айыптау процесінің орнына сынау процесін орнатты. Азаматтық жəне қылмыстық процестердің арасындаайырмашылық жоқ еді. Бірақ ХІІ-ХІV ғасырларда айыптау мен жазалау мемлекеттің атынан өткізілетін болды. Сотта жекпе-жек қолданылатын. Инквизициялық процестің енгізілуі рим құқығының дамуына байланысты болды. Бұл процестің үш кезеңі бар: тергеу, жалпы тергеу жəне ерекше тергеу. жалпы Каролина мазмұнын қылмыстық iс жүргiзу ережесi құрады. Каролина бойынша сан алуан қылмыс түрлерi болды: мемлекеттiк (сатқындық, бүлiк), дiнге қарсы (сыйқырлық, дiннен безу), жеке тұлғаға қарсы (кiсi өлтiру, жала т.б.), правтылыққа қарсы (қан араластыру, зорлау, тұрақсыздық), меншiкке қарсы( өрт қою, тонау, ұрлық) т.б. Жазалау түрлерi Каролина бойынша өте ауыр болды.

Англия

49) Ертефеодалдық ағылшын-саксондық монархия VІІ ғ. басында герман тайпалары англдар, сакстар жəне юталар Британияны толығымен жаулап алды, ал кельттер (Бри-танияда өмір сүруші тайпалар) құлдар мен тəуелді адамдарға айналды.Қоғамдық құрылым. Халықтың негізгі бөлігін еркін шаруа

қауым мүшелер—керлдар құрады. Еркін тұлғалардыңжалпы көпшілігінен рулық-тайпалық ақсүйектердің өкілдері —эрлдар бөлініп шықты. Жартылай еркін халық — лэттар —эрлдарға тəуелді, бағынышты кельттардан тұрды. Қоғамдық баспалдақтың ең төменгі буынын құлдар құрады.Феодалдық қоғамның қалыптасуымен ағылшын-саксондардың ірі жер иеленушілері глафордтар немесе лордтар деп аталаьбастады. Шаруалардың негізгі бөлігін басыбайлы шаруалар —

вилландар құрай бастады. Жеке бас бостандығы бар шаруалар сокмендер деп аталды.Мемлекеттік құрылым. ІХ ғ. басында Уэссекс патшалығыөзіне қалған ағылшын-саксондардың барлық мемлекеттерін бағындырады, сөйтіп Англия деп атала бастаған біртұтасағылшын-саксондық мемлекет құрылады.Жоғарғы билікті патша иеленеді, ол заң шығару жəне əс-кери биліктерін иелене отырып, жоғарғы судья болып табылды. Атқарушы орган ретінде ғұламалар кеңесі — витанагемотқызмет етті, оның құрамына патша, патшаның еркек жыныстыбалалары, епископтар, ірі феодалдар мен қызмет етушіақсүйектердің өкілдері — тэндар кірді. Витанагемоттың мемлекетті басқарудағы рөлі біртіндеп əлсірей бастайды, себебі патша сарайы басқару ор талығына, ал патшаның айналасында-56ғылар — мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларына айналады. Олардың ішінде: камерарий — патшаның мүлкі мен қаржысы үшін жауап берді; маршал — патшаның атты əскерін басқарды; капелан — патша канцеляриясын басқарды.Əскер. Ағылшын-саксондық патшалардың əскері дружиналар мен халық қолынан тұрды. Халықтан жинақталған қолға қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар кірді.Жергілікті басқару. Ағылшын-саксондарда негізгі аумақ-тық бірлік графтық болды, оны феодалдық ақсүйектер қатары-нан патша тағайындайтын олдермен басқарды. Графтық жүздіктерге бөлінді, олардың басында жүздіктердің жиналысында сайланатын жүзбасылар тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлікболып селолық қауымдастық табылды. Қауымдастықтар ондықтарға бөлінді, олардың мүшелері ортақ жауапкершіліктер болатын.Сот. Мемлекеттегі жоғарғы сот болып патша соты табыл-ды, ол мемлекеттік сатқындық туралы істерді, патшаның вассалдары арасындағы дауларды жəне жер иеліктеріне байланысты дауларды қарастырды. Жергілікті жерлерде қылмыстық жəне азаматтық юрис-дикция жиналыстардың қолында болды.

50. Норман жаулап алулары.Генрих 2 реформасы:Сеньориалды монархия. 1066 жылы норман герцоғы Вилгельм Англияны жаулап алды. Бұл жаулап алу ағылшын қоғамының феодалдануын тереңдете түстi. Феодалдық шаруашылық негiзi феодалдық жер иелену, яғни “манор” болды. Корольдық жер иелену қоры бүкiл пайдалы жердiң жетiден бiрiн қамтыды. Сонымен қатар король өзiн елдегi барлық жердiң жоғарғы билеүшiсi деп жариялап, барлық ерiктi жер иеленүшiлерден өзiне ант берудi талап еттi. Бұл ант барлық феодалдарды король вассалына айналдырды. “Менiң вассалымның вассалы менiң вассалым”. Бұл жағдай дiн иелерiне де тиесiлi болды. 1086 жылы Англияда халық, жер, мал, еңбек құралы санағы жүргiзiлдi. Ол екi мақсат көздедi: 1) мүлiктiк салықты жинау мөлшерiн анықтау; 2) король өз вассалдарының байлығын бiлу үшiн.

Норман корольдерi әрекеттерi мемлекеттiң орталықтануын және мемлекеттiк бiрлiктi сақтауға бағытталды. Соның iшiнде Генрих II (1154-1189) реформалары маңызды болды. Генрих реформалары үш бағытта жүрдi: 1) Корольдiк юстицияны жүйелеу және құрылымдық жағынан айқындау; 2) Жалдамалылар мен жасақтар негiзiнде әскер құру; 3) Жаңа салық түрлерiн бекiту. Соның iшiнде сот реформасы барысында король сотының жылжымалы сессиялары туралы жұмыс iстедi. Ондағы судьяларды король тағайындап, судьялар өкiлеттiлiгiне әкiмшiлiк және қаржылық мәселелер де кiрдi.1258 – 1267 ж. корольмен iрi феодалдар арасындағы конфликт саяси нәтижесi болды. 1258 ж. борондар корольдың атқару билiгiн 15 борон Кеңесiне бергiздi. Сонымен қатар жылына үш рет шақырлатын үлкен кеңес маңызды мәселелердi шешетiн болды. (27 мүшесi бар). 1258 – 1267 ж. азамат соғысының нәтижесi 1265 ж. сословиелiк өкiлдiк мекеме - парламенттiнiң шақырылуы едi. Оған барондар, дiни феодалдар мен қатар рыцарлар және маңызды қалалар өкiлдерi шақырылды.

Парламенттiң құрылуы феодалдардық мемлекет тұрпатын өзгерттi. 14 ғ. ортасына дейiн сословилер бiрiгiп жиналып мәселелер шештi. Одан кейiн екi палатаға бөлiндi. Жоғарғы палатада (лордтар палатасы) iрi феодалдар мен жоғарғы дiни иелерi отырды. Төменгi (қауымдар палатасы) палатада рыцарлармен қала өкiлдерi отырды. Алғашқы кезде парламент құзiретi корольге петиция беру мен мүлiкке салық төлеу мөлшерiн бекiту ғана болды. Одан кейiн парламент негiзiнен үш өкiлеттiкке ие болды: 1) заңдар шығаруға қатынасу, 2) король қазынасына түсетiн алымдар мәселесiн шешу; 3) жоғарғы лауазым иелерiн қадағалау мен кей жағдайда ерекше сот орғаны қызметiн атқарды. 14 ғасыр соңына қарай парламент құзыретiне қаржы мәселесi тиесiлi болды және “импичмент” процедурасы қалыптасты. Импичмент бойынша корольдық лауазым иесiне қарсы қауымдар палатасы лордтар палатасы алдында қылмыстық iс қозғады.

51)Сословиелік — өкілдік монархияҚоғамдық құрылым. Экономикадағы өзгерістер мемлекеттегі таптық құрылымдағы өзгерістерді алып келді: нормандтық

жəне ағылшын-саксондық феодалдар арасындағы айырмашылықтар толығымен жойылады; олардың бірігуі жүзеге асады;үстемдік құрушы таптың құрамында ірі феодалдық ақсүйектерге — лордтарға жəне ұсақ жəне орта жер иеленушілерге —рыцарьларға бөліну күшейе түседі; феодалдар мен шаруалардың арасындағы заттай міндеттемелер ақшалай міндеттемелерге — коммутацияларға ауысты.Мемлекеттік құрылым. ХІІ ғ. басында Англияда патшабилігі мен патша шенеуніктерінің өкілеттіктерін шектеуді жақтаған қуатты қозғалыс пайда болды, бұл сословиелік-өкілдік монархияның орнауына алып келді. 1215 жылы Жерсіз Иоан (Иоан Безземельный) бірінші конституциялық акт —

Еркіндіктің ұлы хартиясына қол қояды, бұл акт патшаның билігін аса маңызды мəселелердің бірі — алымдар мен салымдарды жинауға қатысты шектейтін патшалық кеңесін құруды көздеді, бұл, өз кезегінде, сословиелік-өкілдік мекеме-парламенттің құрылуына алғышарт болды. 1258 жылы қаруланған барондар патшаны Оксфордтық провизияларды қабылдауға мəжбүр етті, бұл провизиялар 15 барон кеңесін құруды көздеді,енді аталған кеңестің келісімінсіз патша бірде-бір маңызды шешімді қабылдай алмайтын болды.1263 жылы патшаның жақтаушыларымен оның қарсыластары арасындағы азаматтық соғыс басталды, қарсыластар жағын Симон де Монфор басқарды. 1264 жылы патша əскері

жеңіліп, мемлекеттік билік толығымен Симон де Монфордыңқолына өтті. Оның қызметіндегі аса маңызды жақтардың біріболып Англия тарихындағы бірінші парламентті шақыру(1265ж.) табылды, оның құрамына патша, ірі ақсүйек жəне дінифеодалдар, қалалардан 2 өкілден кірді. ХІV ғасырдың екінші жартысында парламент екі палатаға бөлінді: жоғарғы лордтар палатасы жəне төменгі — қауымдар палатасы.Жергілікті басқару. Жергілікті басқару жүйесіндегі негізгіөзгерістер ескі соттар мен графтықтың жиналысының рөлінің бірден төмендеуімен, ал олардың функцияларының жаңа

лауазымды тұлғаларға жəне жүріп-тұрушы судьяларға өтуіменсипатталды.Сот жүйесі. Бұл кезеңдегі сот жүйесі мынадай болды:1. Патша орындығы соты — бейбітшілікті қорғауға байланысты қылмыстық істерді қарастырды;592. Жалпы өндіріс соты — патшаның мүдделері мен құқықтарымен байланысы жоқ азаматтық істерді қараумен айналысты;3. Қазына соты — бір тарабы патша жағы болып табылатын сот — қаржылық істерін қараумен айналысты;4. Лорд — канцлер соты — жоғарыдағы үш сотқа қарағанда мəселелерді «əділдік бойынша» шешетін, ал аталған үш сотістерді «жалпы құқықтың» негізінде қарастырған;5. Ассиздер соты — істерді жүріп-тұрушы соттардыңтөрағалық етуімен қарайтын;6. Халық соты — үлкен жəне кіші қазылардан тұрды, үлкен

қазылар айыптау сипатындағы істерді қараса, кіші қазылар істімəні бойынша қарап, шешім шығарған. Еркіндік ұлы хартиясы.1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады. ХІІІ ғасырда феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады. Ірі жер иеленушілер мемлекеттік билікке әсер етуші үстем тапқа айналады. Қауымдар ыдырап, кедейлер көбейеді. 1380 ж. парламент босаған шаруаларға бағытталған салық реформасын жүргізді. 1381 жылы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі болады. Шаруалар басыбайлық құқықты жою, ақша рентасын бекіту, қауымдық жерлерді еркін пайдалану, сословиелерді теңестіру талаптарын қояды. ІІ Генрих жүргізген реформалардың нәтижесінде Англияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасады. 1215 ж. король билігін шектейтін "Ұлы еркіндік хартиясы" дүниеге келеді. ІІІ Генрихтің кезінде 1258 ж. барондар Оксфордтық провизия антын қабылдатады. 1263 ж. корольмен Симон де Монфор бастаған барондардың арасында соғыс басталады. Билікті Симон де Монфор иеленіп, алғаш рет парламент шақырады. Алайда, барондар 1267 ж. жеңіліске ұшырайды. 1295 ж. "үлгі" парламент шақырылады. Парламент мынадай қызметтерді жүзеге асырған: заң шығару, салық мөлшерін белгілеу, жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін бақылау, сот істерін шешу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]