
- •27. Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы.
- •28. Сервий Тулий реформалары.
- •29. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •30. 31. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы. Принципат Доминант
- •32. Рим құқығы. Рим құқығының негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •33. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер.
- •34. Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •35. Франк мемлекеті
- •37. Хлодвигтің Франк мемлекеті мен құқығын дамытуағы ролі
- •38. Салич правдасы,, және франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •39. Франк мемлекетіндегі варварлық шындық
- •42. Франциядағы Бас штаттар және оның мемлекеттік басқарудағы орнына тоқталыңыз.
- •44.Франциядағы Ришелье реформасы.
- •52) Англияның алғашқы Парламенті және оның құқықтық сипаты
- •60.Ортағасырлық Жапон құқығы мен Тайхоре кодексі не талдау жасаңыз
- •61.Ерте Орыс мемлекетінің қалыптасуы және дамуына сипаттама беріңіз.
- •62.Ерте кезеңдегі ,,Орыс правдасы,, және оның мазмұнына сипаттама беріңіз
- •63.Россияда бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы және сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат беріңіз.
- •64.Ресейдегі Иван іу реформаларына талдау жасаңыз.
- •66.ХуіІғ. Ағылшын революциясына, Англиядағы ,,Ұзақ парламент,, актілеріне сипаттама беріңіз.
- •67.Оливер Кромвель және оның мемлекеттік қайраткер ретіндегі сипатына тоқталыңыз.
- •68.Англияда конституциялық монархияның бекуі мен 1679 және 1689 ж. Актілерге тоқталыңыз.
- •69.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі даму және екі партиялы жүйенің қалыптасуы, хіХғ. Сайлау реформалары жайлы не білесіз?
- •71.Ақш 1776 ж. Тәуелсіздік декларациясына талдау жасаңыз.
- •72.1787Ж. Ақш Констиуциясы және Құқық туралы Билль туралы толыққанды ақпарат беріңіз.
- •73.1864-1865 Жж. АқШтағы Азамат соғысы мен құлдықтың жойылу тарихына сипаттама беріңіз.
- •74.Франциядағы 1789-1794жж. Революция және конституциялық монархияның қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз.
- •75. 1789Ж. Француз Декларациясы және оның тарихи маңызына тоқталыңыз.
- •76. Наполеон төңкерісі және 1799ж. Конституция, Франциядағы Бірінші империя жайлы не білесіз?
- •77. Хіх бірінші жартысындағы Францияға және 1814,1830 жылдардағы Хартияларға сипаттама беріңіз.
- •78.Франциядағы 1848,1852 жылдардағы Конституцияларға талдау жасаңыз.
- •80.ХіХғ. Бірінші жартысындағы Германия және Германияның бiрiгуi үшiн крес туралы әңгімелеп беріңіз.
39. Франк мемлекетіндегі варварлық шындық
V-ІХ ғ. Кезінде «варварлық шындық» түріндегі тайпа әдет ғұрыптың жазбасы болды. Салистік, Рипуарлық, Бургундтық, Аллементтік шындықтар пайда болды. Көбінде Салистік шындық мысалға алынады. Онда құқықбұзушылық және соған сәйкес жазаның жалпы, абстрактілі ұғымдары болмайды : мысалы қылмыс д/з – тұлға мен мүлікке зиян келтіру және «король бейбітшілігін» бұзу ; ал жаза д/з – жәбірленушіге келтіруге зиянды өтеу және «король бейбітшілігін» бұзғаны үшін корольге айыппұл төлеу. Жаза кінаға байланысты болмады және ол тек қана әрекеттің аяқталған нәтижесіне тағайындалды. Салистік шындық бойынша неке күйеу баланың келін баланы ұрлау формасында болды. Зорлықпен ұрлауға тыйым салынды және қандас туысы және еріктілер мен құлдар арасында неке қию тиым салынған. Мұрагерлік құқықта меншік иесі өлгеннен кейін барлық қозғалмалы мүліктерді ең алдымен балаларына, олар болмаған жағдайда кезектесіп шешесі, аға-қарындасына мұраға қалып отырды. Міндеттемелік қатынас облысында Салистік шындық мімілелермен тек қарапайым түрлерін білген : сату-сатып алу, несие, заем, айырбас, сыйға тарту. Мәміле кезінде меншік құқығын беру көпшіліктің алдында жүзеге асты. Міндеттемені орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеледі. Сот процесі айыптаушылық сипатта болды. Оған тән негізгі белгілері : азаматтың және қылмыстық процестің жүзеге асырылуы бір формада болды. Іс жәбірленушінің инициативасы бойынша қозғалады.
40. Сеньориалды монархия. ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысында король билігі күшейді. Соның нәтижесінде, феодалдық қатынастар нығайды, сауда дамыды, қалалар саны көбейді. Корольдің қасында магнаттар мен жоғарғы мемлекеттік қызметкерлердің кеңесі "уитанагемот" жұмыс істеген. Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған. Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады.
41.Людовик 9 реформалары. Сословиелік өкілдік монархия(ІУХ-ХУ ғғ.) ХІІ.ғ ХІІІғасырларда феодалдық қоғамда қарым қатынастардың өзгеруі саяси бытырауды тоқтатып оның орнына өзгеше үрдістер алып келді. Осы уақыттан бастап король билігі күшейе түсті. Король билігінің күшеюі ІХ Людовиктің(1226-1270ж) ХІІ ғасырда жүргізген реформалармен тікелей байланысты. Ол негізінен әскери, сот , әкімшілік ақша реформаларын өткізді. Әскери реформа қалалық милицияның құрылуна алып келді. Корольдің жалдамалы әскеріқалыптасты.Ол король тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі болды. Рыцарлар өздері әскерге қызмет етпей ақша беріп құтылуына мүмкіндік туды. Король феодалдар арасындағы соғысты тоқтатуы үшін король 40 күндігін белгіледі, осыған орай бұр мерзім ішінде феодалдардың өзара соғысы тоқтатылатын болды. Ақша қаражат реформасы бойынша Францияда біріңғай ақша жүйесі қалыптаст.Бұл ақшаның сапасы феодалдардың ұсақ ақшаларына қарағанда жоғары болатын..Король әкімшілік бағытта нақты істер атқарды. Ол аудандардың әкімшілігін қатаң тексеретін болды. Парламент Париж қаласында жылына төрт рет жиналатын, король парламенттің мүшелерін ешкімге белгісіз легистерден құратын. Бұл Францияның жоғарғы соты, феодалдардың арасындағы таластартыстарды, маңызды қылмыстарды жəне саяси қылмыстарды қарады. Енді корольдің куриясы екі палатадан құрылып, біреуі-парламент, ал екінші палатасы қаражат жағын басқарды. Курия өзінің жұмыс істеу сипатын өзгертті, ірі феодалдар текқана салтанатты мəжілістергеқатысатын, олардың орнына легистер мен министрлер келді. Легистер корольді жақтап, оған қарсы шыққан феодалдарының жерін тартып алу ушін күрделі істерді жүргізді. Олар корольдің байлығын көбейтіп, шіркеу қызметкерлерін басқару жəне сот процестерінен бірте-бірте ығыстыра бастады. Легистердің ұжымдары корольдің өзіне ғана бағынатын еді. Осы өзгерістер корольдің билігін күшейтіп, король билігінің негізін нығайтты. Бұл өзгерістер мемлеукетік және қоғамдық құрлыста сословиелік өкілдік монархияның негізін құрды.
Сословиелік өкілдік монархия(ІУХ-ХУ ғғ.) Өндiрiстiң дамуы және қалалардың дамуы бiр жағынан шаруалардың құқықтық жағдайына әсерi болды. 14-15- ғасырларда Францияда сословиелердiң қайта құрылуы аяқталды. Iрi үш сословиенiң құрылуы феодалды қырқысты тоқтатты және тапаралық шиеленiстi шешудiң жаңа механизмiн бекiттi. Бiрiншi сословиеге дiн қызметшiлерi кiрдi. Оның салық және сот иммунитетi сақталды. Бiр жағынан король кеңесшiсi қызметiн атқарды.
Екiншi сословиеге дворяндар жатты. Олар 14-15 ғасырларда әлеуметтiк және саяси өмiрде жетекшi орын алды. Дворяндардың жерге абсолюттi құқығы болды және мұраға қалдырдыБiрден-бiр мiндетi корольге әскери қызмет ету ғана болды. Титулы бар дворяндар мемлекеттiк аппарат пен әскери жоғарғы постыларғаүмiткер болды. Үшiншi сословиеге ерiктi қала тұрғындары,
қалыптасып келе жатқан буржуазия кiрдi. Бұл сословиеге барлық алым-салық ауыртпалығы түстi. 14 ғасырдың басында францияда сеньориалдық монархияның орнын жаңа феодалдық мемлекет нысаны— сословиелiк-өкiлдiк монархия басты. Феодалдардың өзiндiк билеуi шектелдi. Жаңа салықтар салуға тыйым салынды. Людовик 9 жеке феодалдардың монета соғуын тоқтатты. Француз корольдерiнiң жолында бiр ғана саяси кедергi тұрды, яғни рим-католик шiркеуi. Бұл күресте француз корольдерi жеңiске жеттi. Француз легистерi король билiгiнiң құдай құдыретiнсiз келетiндiгiн дәлелдедi. Легистердiң бекiтуi бойынша король билiгiнiң тәуелсiздiгi айқындалды. Бiрақ та белгiлi бiр қолдаусыз король билiгiнiң нығаюы мен бекуi мүмкiн емес едi. Осы жерде король саяси тiректi феодалдардан алды.14- ғасырдың басында король мен басқа сословиелердiң арасындағы одақтың нәтижесi ретiнде сословиелiк-өкiлдiк мекеме Бас Штаттар және провинциялық штаттар құрылды. Бас Штаттардың пайда болуы Франциядағы мемлекет нысанының алмасуының бастамасы болды. 1302 жылы король Филипп 4-нiң Бас Штаттарды шақыруының өзiндiк тарихи себептерi болды. Бас Штаттар талқылауына түсетiн мәселелер тәртiбiн де король бекiттi. Көп жағдайда Бас Штаттар корольге қаражат керек кезде шақырылды. Король билiгi мен бас Штаттар арасындағы конфликт 1357 жылы шиеленiстi. Парижде көтерiлiске шыққан қала тұрғындары Бас штаттың негiзiн қалады. Олар реформалар жүргiзудi талап еттi. Осы Март орданансы бойынша қаржыны жұмсау Бас Штаттың құзыретiне көшудi, Бас Штаттың жылына үш рет король шақыруынсыз-ақ жиналуы туралы талаптар болды. Бiрақ король бұл талаптарды 1358 жылы керi қайтарды. Бас Штаттарда әрбiр сословие өз алдына бөлек жиналып және мәселелердi де жеке қарады. Жергiлiктi жерлердегi штаттар саны 14- ғасырдың соңында 20-ға жеттi. Бас Штаттарға және провинциялық штаттарға да шаруалар жiберiлмедi. Король билiгi орталықтандырылған мемлекеттiк аппаратқа арқа сүйедi. Негiзгi орғандарға Мемлекеттiк Кеңес (басқарудың жеке бөлiмдерiне басшылық ету және бақылау) және Есеп палатасы (қаржы басқармасы) болды. Лауазымды орындар iшiнде мыналар маңызды болды: Канцлер— жоғарғы лауазым. Оның басшылығымен ордананстар жобасы жасалды. Коннетабль—король әскерiнiң басшысы. Камерарии—қазынашы.Палатиндер— король кеңесшiлерi.Орталық король апппаратында клерктер, секретарьлар және нотариустар т.б. қызмет еттi. Жергiлiктi жерлерде король жаңа лауазым губернаторларды бекiттi. Сонымен қатар 14-ғ. генерал-губернаторлар лауазымы пайда болып, олар әкiмшiлiк округтердi басқарды. 15-ғасырдың ортасында корольдiң тұрақты армиясы құрылды. Оны ұстап тұруға салықтың үнемi жиналып тұруы себеп болды. Армия негiзiн жалдамалылар құрады.14-15 ғасырларда сот жүйесi әлi де болса әкiмшiлiк басқарудан ажырай қоймады. Ұсақ iстердi преволар шештi. Iрi қылмыстық iстер бальялар сотында қаралды.