Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.99 Кб
Скачать

37. Хлодвигтің Франк мемлекеті мен құқығын дамытуағы ролі

Франк мемлекетінің аумағында жазба заңдардың шығуы өкімет билігін нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен жерін басқыншылардан қорғап отыру үшін керек болды. Қуатты мемлекеттің көмегімен ел басшылары халық бұқарасын қабылданған тәртіп шеңберінде ұстап, салықты уакытында жинап алатын жағдайға жетті. Әскер басшыларының ішіндегі әрі батыл, әрі тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды. Король - барлық халық бағынатын, өкімет билігін өзінің әулетіне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы.

Жоғарғы сот билігін де корольдің өзі атқарды. Барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жақын достарымен ақылдаса отырып, корольдің өзі шешетін болды. Король сарайы елді басқарудың орталығына айналды. Сарайда корольдің жақын туыс-достары, кызметкерлері мен жасақшылары орналасты. Тұрақты жасақ салықтар мен соғыста түсетін олжаның есебінен өмір сүрді. Франктердің тұрақты әскері болған жоқ. Соғыс бола калған жағдайда барлық ерікті азаматтардан халық жасақтары құрылатын. Негізгі әскери күш корольдің жасағы болды.

Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы - граф тағайындалып қойылды.

Жер иелену. Франктер Галлиядағы бос жатқан жерлерді бөліп алып, өз иеліктеріне айналдырды. Ең үлкен үлес Хлодвигке тиді. Онан кейінгі үлкен үлес оның жақын жасақ басшылары мен нөкерлеріне берілді. Қатардағы қарапайым жасақшыларға шағын үлестер тиді. Жасақ басшылары мен нөкерлер ірі жер иеленушілерге айналды. Олардың иеліктері аллод, яғни толық иелік деп аталды. Аллодтың иесі оны басқа адамға сыйлауға, мұраға калдыруға, қызметкерлеріне уақытша пайдалануға бере тұруға ерікті болды. Ірі жер иеліктерінде құлдар мен колондар жұмыс істеді. Галлияны жаулап алғаннан кейін қатардағы франктер өзара туыс отбасыларынан құрылған кауымға бірігіп, шаруашылық жүргізді. Олар қауым иелігінде бірлесе еңбек етіп, тапқан табыстарын өзара бөлісіп алатын. Бірте-бірте қауым мүшелерінің арасында мүліктік жіктелу пайда болды. Осыған байланысты қауымнан оның ауқатты мүшелері бөлініп шыға бастады. Қауымдық құрылыс ыдырап, франктер коғамында байлар мен кедейлер болып жіктелу басталды. Франктердің христиан дініне енуі Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделі күшті христиан шіркеуі ғана қамтамасыз ете алатындығын франк басшылары түсінді. Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорыққанынан кірді. Христиан діні франктер мен римдіктерді жақындастырып, бір халыққа айналдырды. Шіркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесіп отырды.

38. Салич правдасы,, және франктердегі негізгі құқықтық институттар.

V-VІғасырда Франк мемлекетінің негізігі құқықтық құжаты–Салистік шындықта.Ол б–ша Қылмыс дегеніміз - адамға жəне мүлікке зиян келтіру жəне корольдің тыныштығын бұзу деп есептелген. Жазаның негізгі мақсаты жəбірленуші адамға жəне оның туысқандарына жəбіршілеуден зиянын өтеу жəне корольдің тыныштығын бұзғаны үшін оған айып төлету болды.

Қылмыс пен жазаға қатысты мынандай ерекшеліктер де орын алды. Қанды кек қайтару ретінде рудан, қауымнан қуып жіберу көбіне айыппұл төлеткізумен алмастырылды. Қылмысы үшін құлды өлтірген ерікті адам жасаған қылмысына орай корольдің əкімдеріне граф, сацебарон 600 солид, Рим азаматына - 300 солид, франктердің қауымының мүшесіне-200 солид, жай азамат үшін 100 солид төлейтін. Бірақ алғашқы рулық құрылыстың да көп қалдықтары сақталды. Адамды өлтірген қылмыскер өзі айып төлей алмаса, өмірін береді. Айыпты (вергельд) төлеуге жақын туысқандар көмектесуге тиісті. Заңды бұзған адамды қауымнан да қуып шығаратын.

Салынған айыппұлдың мөлшері қылмыскердің əлеуметтік, құқықтық жағдайларына, жасы жəне жынысына байланысты. Жауапкершілік он екі жасынан басталды. Адамдар жеке басы бос жəне бостандығы жоқ деп бөлінді. Жазаға тартылған адамның кінəсі бар ма, болса қандай деген мəселелерге назар аударылған жоқ. Жаза қылмыскерлердің келтірген зиянымен байланыстырылды. Қылмысты ауырлататын жағдаяттарға қылмыскердің арам пиғылы болуы жəне қылмысты топтанып жасау жатқызылды. Айыппұл мөлшері өте ауыр болды, мəселен, бір сиырдың құны-үш солид еді.

Қылмыс түрлері. Адамға қарсы қылмыстар: адамды өлтіру, əйел зорлау, зақым келтіру, жала жабу, қорлау (тіл тигізу), ерікті адамды ұрлау, біреудің ар-намысына, бостандығына жəне адамгершілігіне нұқсан келтіру.

Жеке меншікке қарсы қылмыстар: ұрлық, тонау, өртеу жəне мүлікті бүлдіру. "Салистік Шындықтың" нормалары бəрінен де мықты үй мүлігін қорғайды. Ұры құлыпты сындырып, яғни, есікті бұзып, үйге кіріп, ұрлық істейтін адамға 45 солид айып салынады.

Салитік шындықта жаза түрлері сот және сот үрдісі арқылы жүзеге асты.

Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне ұқсас болды. Неке алып-сату шарты бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі əйелі үшін қалыңмал төледі. Бұл сыйлық "таңғы сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Əйел адамға жасау беріледі. Бірақ əйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған жəне неке бұзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың əдеттері бойынша ажырасуға рұқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуға тыйым салынды.

Ер адамдар мен əйел адамдардың құқықтары бірдей болды деуге негіз бар. Əйелдің құқығын шектеген нормалар болған жоқ. Мұрагерлік нормалар бойынша жылжымалы заттар əкесі өлгеннен кейін баласы мен қызына бірдей бөлінеді, бірақ жер тек қана ер балаларының арасында бөлінетін. Алтыншы ғасырдың аяғында ер балалар болмаған жағдайда əйел адамдар да мұрагер ретінде жер алатын болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]