Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.99 Кб
Скачать

73.1864-1865 Жж. АқШтағы Азамат соғысы мен құлдықтың жойылу тарихына сипаттама беріңіз.

ХІХ ғасырдың ортасында өнеркəсіптік солтүстік пен құлиеленушілік оңтүстіктің арасында шиеліністі қатынастар туындады. 1860 жылы президент болып республикалық партияның либералдық-демократиялық қанатының өкілі А.Линкольн сайланды. Бұған жауап ретінде оңтүстік штаттар

бөлініп шығу жəне Оңтүстік штаттар конфедерациясын құру туралы шешім қабылдады. 1861 жылы соғыс басталды.1862 жылғы мамырда А.Линкольн “Гомстед-актқа” қолқойды, бұл заң батыста фермерлықпен айналысуға ниет білдіруші əрбір адамға 160 акрден (1 акр = 1017 шаршы метр) жер

учаскесін алу құқығын бекітті. 1862 жылғы қыркүйектеҚұлдықты жою туралы прокламация жарияланды. 1863 жылғықаңтардың бірінен бастап көтеріліс болған аумақтардың негрлері еркін деп жарияланды. Бұл шаралар солтүстікшілдердіңбеделін жоғарылатып, олардың əскеріне өз еркімен келу-

шілердің санын көбейтті. 1865 жылғы ақпан айында КонгрессАҚШ-тың Конституциясына бүкіл елде құлдықты жою туралы120ХІІІ түзетуді енгізді. 1865 жылғы көктемде оңтүстіктіңəскерлері талқандалды.

1865 жылғы 14-ақпанда оңтүстікшілдердің жібергенжалданбалы кісі өлтірушісі А.Линкольнды өлтірді. 1867 жылыКонгерсс қабылдаған жоспар бойынша бүлік көтеруші оңтүстікəскери басшылықтағы бес əскери округтерге бөлінді. Əскериəкімшілік жетекшілік етуде Конституцияның ХІV (1868 ж.)жəне ХV (1870 ж.) түзетулерін басшылыққа алды. БіріншісіАҚШ-тың барлық азаматтарының (бүлік көтерушілер менүндістерді есептемегенде) заң алдындағы теңдігін жариялады,ал екіншісі — бүкіл еркектерге оладың түсіне карамастансайлау құқығын беруді жариялады.1872 жылы оңтүстіктегі əскери əкімшілік қысқара бастады,ал 1877 жылы бүлік көтеруші оңтүстік штаттардан федералдықəскерлер шығарылды. 1881 жылы Теннеси штатында ДжимКроудың заңы ретінде танылған, ақ адамдар мен қараадамдарға болек вагондар бекітетін нормативтік актқабылданды. Осы жəне басқа да осындай нəсілдік сегрегациябойынша актілерді АҚШ-тың Жоғарғы соты Конституцияғасəйкес деп танып, бұл “ақадамдар мен қара адамдарды бөлек,бірақ тең құқылы етеді” деп түсіндірді. Бұл, əрине,əділетсіздіктің көрінісі болып табылды.

74.Франциядағы 1789-1794жж. Революция және конституциялық монархияның қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз.

ХVІІІ ғасыр Франция үшін Ұлы француз буржуазиялық революциясымен ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болыпөндірістік күштер мен феодалдық өндірістік қатынастардыңарасындағы шиелініскен қарама-қайшылықтардың өршуітабылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді.

Жаңа формацияның ауқатты топтары — өнеркəсіп иелері,саудагерлер, банкирлар өздерінің жағдайына көңілі толмады.Ішкі нарық өнеркəсіп үшін өте тар болды. 1788 жылыФранцияда айрықшаэкономикалық тоқырау орын алды. Селолардағы астықтың шықпауы шаруалардың көтерілісіне түрткіболды.Француздың ұлы ағартушылары Ш.Монтескье, Воль-тер, Ж.-Ж.Руссо бұл мəселеге қатысты түбегейлі реформалар-ды жүзеге асыру қажеттігін негіздеді. Ш.Монтескье өзінің“Заңдардың рухы туралы” еңбегінде былай деп жазды: “Заңшығарушы, атқарушы жəне сот билігінің бір тұлғаның немесеорганның қолында шоғырлануы жағдайында бостандықтың болуы мүмкін емес”.Патша үкіметі аталған талаптарды орындауға мəжбүрболды. Ол бір жарым ғасырдан астам уақыт шақырылмаған Бас

штаттарды шақыру туралы жариялады. Бас штаттарды шақыру1789 жылғы 5-мамырда өтті. Бұдан соң бірден мына мəселелерге қатысты даулар басталды: депуттардың өкілеттігінтексеру тəсілдері, біріккен жəне бөлек отырыстар, Басштаттардың мақсаттары, үшінші сословиенің (буржуазияның)құқықтары туралы. Патшаның қолдауын тапқан алғашқы екісословие — дворяндар мен дін қызметкерлері дауыс берудіңескі тəртібін жақтады: əр сословиеден бір дауыс берілді. Бұ-нымен үшінші сословиенің өкілдері келіспеді. Олар отырыс-тардың сословиелер бойынша бөлек емес, бірге өтуін жəне осыотырыстардағы шешім көпшілік дауыспен қабылдануын талапетті. Үкімет дауыс берудің мұндай тəрітібін қабылдаудан бастартты. Бұған жауап ретінде үшінші сословиенің өкілдері 17-маусымда өздерін Ұлттық жиналыс деп, ал 1789 жылғы 9шілдеде француз халқының атынан заңдарды қабылдауға жəнежоюға құқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады. Патшамен ақсүйектер Версальға (бұл жерде Құрылтай жиналысы122орналасқан болатын) əскер жинай бастады. Парижде патшаныңбұл шаралары туралымəлім болған соң, халық қарулыкөтеріліске шықты. Көп ұзамай көтеріліске шыққан халықтың

жағына əскердің басым көпшілігі өтті, сөйтіп, қала толығыменкөтерілісшілердің қолына өтті. 1789 жылғы 14 шілдеде халықпатшаның абсолюттік билігінің рəмізі — қорған-түрме — Бас-тилияны басып алды. Бұл күн француз халқының ұлттықмерекесі болып саналады.Революция бүкіл елге тарады. Провинцияларды ескіоргандардың орнына жаңадан өзін-өзі басқару органдары —муниципалитеттер құрылды. Революцияның қарулы күштері— ұлттық гвардия қалыптаса бастады, алайда, əскери қару-

жарақтың қымбаттығынан бұл əскерге тек ауқатты адамдаралынды. Ұлттық гвардияның басына маркизЛафайет тағайын-далды. 1789 жылғы 5 тамызда феодалдық режимді жою туралыдекрет жарияланды. Сонымен, революцияның қозғаушы күшіболып ірі буржуазия мен халықтың одағы табылды.1789 жылғы 26 тамызда Құрылтай жиналысы ең алғашқыконституциялық акт — “Адам жəне азаматтың құқықтарытуралы декларацияны” қабылдады. Декларацияның кіріспебөлімінде үкіметтің кемшіліктерінің себептері болып адам-дардың білімсіздігі, адамның табиғи, ажыратылмайтын жəнеқасиетті құқықтарын ұмыту табылады деп жазылды:

1) “Адамдар өз құқықтары бойынша тең жəне еркін болыптуылады”.

2) “Əр мемлекеттік бірлестіктің (одақтың) мақсаты болыпадамның табиғи құқықтарын қамтамасыз ету табылады. Олар:бостандық, меншік, қауіпсіздік, қанауға қарсылық”.Декларация адамдардың заңалдындағы теңдігін, ұлттың егемендігін, биліктің тармақтарға бөліну қағидасын жəне тағы

да басқа маңызды ережелерді салтанатты түрде жариялады.Декларацияны жасаушылардың ішіндегі Лафайет, Мирабо,Сиейс, Мунье, Дюпор сияқты ұлы тұлғалар ХVІІ ғасырдағыФранциядағы алдыңғы қатарлы саяси ойлардың басты тұжы-рымдарын айқын, ашып көрсетіп өтті. Бұл еңбек Вольтер, Дидро, Гельвеций, Монтескье, Руссо, Мабли, ағылшын ойшылдары— Локк, Мильтон, Блэкстон сияқты атақты ғалымдардыңеңбектеріне сүйенді.123Декларацияда тұлға құқықтарының маңызды кепілдіктері мен заңдылық қағиадалары бекітілді: қылмыс жоқ болса —жаза да жоқ, кінəсіздікпрезумпциясы (сот дəлелдемейінше ешкімді де кінəлі депсанауға болмайды), қылмыстарды жазалаудың əділдігі. Бұл

жағдайлар Декларация авторларының демократиялық жəнеалдыңғы қатарлы көзқарастарын, олардың жақсы теориялықбазасы мен дайындығын көрсетеді.Декларацияда жалпы теңдік бекітілді, алайда, Декларация-ны қабылдағаннан кейін бірнеше ай өткен соң, 1789 жылғыжелтоқсанда, Құрылтай жиналысы Сайлаушылар үшін мүлік-тік жəне басқа да ценздер енгізу туралы декрет қабылдады.Барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша “белсенділер” жəне“бəсеңдер” деп бөлінді. Белсенді азамат дептанылу үшін мынадай талаптар қойылды: 1) ұлты француз болуы керек; 2)жасы 25-ке толуы керек;3) бір кантонда 1 жылдан кем емесуақыт тұруы керек; 4) үш күндік жалақы мөлшерінде тікелейсалық төлеуі керек; 5) малай жағдайында болмауы керек.“Бəсең” азаматтар сайлауға қатыстырылмайтын.1790 жылдың басында бірқатар маңызды декреттер күшінеенді. Шіркеу меншігін мемлекет ұлттандырды. Шіркеуденазаматтақы хал актілерін жазу құқығы алынды. Ол мемлекеттіңбақылауына көшті.Жаңа əкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді. Франция 83департаменке бөлінді, олардың əрқайсысына дистрикттер, кантондар, коммундар енді. Салық салу жүйксі біртұтас сипаттыиеленді, дворяндық титулдар мен шендер жойылды.Феодалдық режимді жойып, революция кəсіпкерлік қызметке жол ашты, бұл буржуазия үшін тиімді болды. Өз жағдайын күшейту үшін буржуазия Құрылтай жиналысы арқылы 1791жылы 21 қазанда халық көтерілістерін басу үшін қарулы күш-терді қолдануға рұқсат беру туралы декретті қабылдады. 1791жылғы 14 маусымда көтерілістер мен ереуілдерді жүргізугетыйым салған Ле Шапелье заңы күшіне енді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]