
- •27. Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы.
- •28. Сервий Тулий реформалары.
- •29. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •30. 31. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы. Принципат Доминант
- •32. Рим құқығы. Рим құқығының негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •33. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер.
- •34. Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •35. Франк мемлекеті
- •37. Хлодвигтің Франк мемлекеті мен құқығын дамытуағы ролі
- •38. Салич правдасы,, және франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •39. Франк мемлекетіндегі варварлық шындық
- •42. Франциядағы Бас штаттар және оның мемлекеттік басқарудағы орнына тоқталыңыз.
- •44.Франциядағы Ришелье реформасы.
- •52) Англияның алғашқы Парламенті және оның құқықтық сипаты
- •60.Ортағасырлық Жапон құқығы мен Тайхоре кодексі не талдау жасаңыз
- •61.Ерте Орыс мемлекетінің қалыптасуы және дамуына сипаттама беріңіз.
- •62.Ерте кезеңдегі ,,Орыс правдасы,, және оның мазмұнына сипаттама беріңіз
- •63.Россияда бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы және сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат беріңіз.
- •64.Ресейдегі Иван іу реформаларына талдау жасаңыз.
- •66.ХуіІғ. Ағылшын революциясына, Англиядағы ,,Ұзақ парламент,, актілеріне сипаттама беріңіз.
- •67.Оливер Кромвель және оның мемлекеттік қайраткер ретіндегі сипатына тоқталыңыз.
- •68.Англияда конституциялық монархияның бекуі мен 1679 және 1689 ж. Актілерге тоқталыңыз.
- •69.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі даму және екі партиялы жүйенің қалыптасуы, хіХғ. Сайлау реформалары жайлы не білесіз?
- •71.Ақш 1776 ж. Тәуелсіздік декларациясына талдау жасаңыз.
- •72.1787Ж. Ақш Констиуциясы және Құқық туралы Билль туралы толыққанды ақпарат беріңіз.
- •73.1864-1865 Жж. АқШтағы Азамат соғысы мен құлдықтың жойылу тарихына сипаттама беріңіз.
- •74.Франциядағы 1789-1794жж. Революция және конституциялық монархияның қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз.
- •75. 1789Ж. Француз Декларациясы және оның тарихи маңызына тоқталыңыз.
- •76. Наполеон төңкерісі және 1799ж. Конституция, Франциядағы Бірінші империя жайлы не білесіз?
- •77. Хіх бірінші жартысындағы Францияға және 1814,1830 жылдардағы Хартияларға сипаттама беріңіз.
- •78.Франциядағы 1848,1852 жылдардағы Конституцияларға талдау жасаңыз.
- •80.ХіХғ. Бірінші жартысындағы Германия және Германияның бiрiгуi үшiн крес туралы әңгімелеп беріңіз.
71.Ақш 1776 ж. Тәуелсіздік декларациясына талдау жасаңыз.
ТƏУЕЛСІЗДІК ҮШІН СОҒЫС
Күресу координациясының тəуелсіздік үшін қозғалысы негізінде “корреспонденция, қауіпсіздік жəне байқау комитеттері” құрылды. 1774 жылы Филадельфия қаласында құрамы 55делегаттан тұратын ең алғашқы континетальдық конгресс өтті.Ол жерде метрополиидің кедендік жəне салықтық саясатына
қатысты наразылық білдіретін Құқық декларациясы бекітілді.Осы Декларациямен қатар, сол кезде корольға петиция жазылды, онда колонистер метрополиидің қысым жасауын116тоқтатуды сұранды. Ал ағылшын үкіметі оларға қарсы соғыс əрекеттерін жүргізуді бастады. Сонда, 1775 жылы мамыр
айында Екінші континенталдық конгресс жиналды. Ол жерде Англияға қарсы соғыс жағдайына баға беріліп, жəне американдық əскерді құру туралы шешім қабылданды. Ол əскердің бас қолбасшысы болып Джордж Вашингтон тағайындалды. Тəуелсіздік үшін соғыс басталды. Əрбір колония өзін тəуелсіз мемлекет — штат ретінде жариялады.Американдықтарды қорғау талпыныстарының сəтсіздігіне көзі жеткен, азаттық үшін күрестің көрнекті идеологтары Д.Адамс, Т. Джефферсон, Т. Гамильтон ағылшын құқығының нормаларына сілтеме жасай отырып, табиғи құқық идеяларына
жүгінді. Бұл идеялар адамның құқықтары тумысынан бері леді жəне олардан айыруға ешкімнің құқығы жоқ деп таныды,мемлекет оларды бұзуға емес, керісінше, қорғауға міндетті.
Бұл идеялар 1776 жылғы 4-шілдеде қайта шақырылған Континенталдық конгрессте қабылданған “Тəуелсіздік декларациясының” негізі болды. Томас Джефферсон жасаған бұл құжатта метрополий тарабынан колониялардың табиғи құқықтары бұзылып отырғандықтан метрополиймен байланысты түбірімен үзу жəне тəуелсіз Америка Құрама Штаттарын құру туралы шешім қабылданды. Табиғи-құқықтық теорияның негізінде өз аумағында ұлттың ұлттық егемендігі жарияланды. Халықтың революция жасауға құқығы бекітілді. Алайда, өзінің ішкісипаты бойынша демократиялық болып табылатын бұл Декларацияда құлдық пен үндістер туралы ештеңе көрініс таппады.1778 жылы штаттардың өкілдерімен өткізілген Конгрессте“Конфедерацияның баптары” атты құжат бекітілді. ШтаттарАҚШ деп аталатын “мəңгі одаққа” — конфедерацияға аяқбасты. Штаттар Конгресс қарайтын ортақ істерден басқа мемлекет ішіндегі мəселелерді шешуде тəуелсіздікке ие болған.Конгресс əр штаттан 2-7 делегаттан қалыптасты жəне шешімқабылдауда əр штатқа бір дауыстан берілді. Конгресстің 6айдан ұзаққа созылмайтын сессияаралық кезеңдерінде оныңкейбір өкілеттіктерін Штаттар комитеті жүзеге асырған, ол өзкезегінде əр штаттан бір делегаттан жиналған құрамда жұмыс117істеді. Сонымен, бұл жерде біртұтас мемлекет емес, мемлекеттер одағын құру көзделген.1783 жылы АҚШ толығымен тəуелсіз болып танылуы туралы бейбіт келісім жасалған.
72.1787Ж. Ақш Констиуциясы және Құқық туралы Билль туралы толыққанды ақпарат беріңіз.
1787 жылы Филадельфия қаласында 12 штаттан (Род-Айленд штатынан басқалар) 55 делегат қатысқан Конституциялық конвент жиналды. Конституцияның жобасын даярлауда Дж.Вашингтон, Д.Мэдисон, Э.Рандольф, Д.Уилсон сияқты көрнекті мемлекет қайраткерлері мен заңгерлер қатысты.Төрт айлық жұмыстың нəтижесінде Американың қазіргі кезгедейін жеткен Конституциясы қабылданды. Бұл актінің негізінеалынған маңызды бастамалар ретінде мемлекеттік биліктің заңшығарушы, атқарушы жəне сот билігі тармақтарына бөлінуін атап кетуге болады. Биліктің тармақтарға бөлінуі туралы тео-
рия ең алғаш рет Аристотельдің жəне Марсилия Пуадонскийдің еңбектерінде көрініс тауып, кейін ХVІІІ ғасырда француз ғалымы Ш. Монтескьемен анғұрлым терең зерттелді.Заң шығарушы билік екі палатадан : Сенат жəне өкілдерпалтасынан тұратын Конгресске берілді. Қос палаталармен қабылданған заң жобасы президент қол қойғаннан кейін 10күннің ішінде заңды күшіне енетін (ол мерзім өткеннен соң заң жобасы қабылданды деп есептелетін). Егер президент заң жобасын қайтарып жіберсе, Конгрес оны 2\3 дауысымен бекітетін, яғни жобаны қайтарып жіберу билігі президент қолында болған. Сонымен қатар, президент үкімет жəне мемлекет басшысы, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып табылған. Ол сенаттың келісімімен елшілер мен басқа да мемелкеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларын тағайындап, өзінің əкімшілігін басқарған.118Сот билігі АҚШ-тың жалпыфедералдық Жоғарғы сотына
тиесілі болды. Аса маңызды істер бойынша халық соттары (судприсяжных) тағайындалған. Конституцияда ,сонымен қатармемлекеттік биліктің қалыптастыру тəртібі көрініс тапқан.Өкілдер палатасының депутаттары штаттар бойынша сайланатын болған (30 мың тұрғыннан бір депутат), Сенат– əр штаттың заң шығарушы жиынынан екі депутаттан алыныпқұрылатын болған, Президент — екі дəрежелі сайлау жүйесібойынша сайланатын болған (штаттардың тұрғындары “сайлаушыларды”, ал олар президентті сайлаған). Жоғарғы соттыңмүшелерін сенаттың келісімімен президент тағайындаған.
Өкілдер палатасы екі жылға, сенат 6 жылға сайланған, сенаттың 1\3 құрамы əрбір екі жыл сайын кайта сайланып отыратын болған. Президент төрт жылға, Жоғарғы соттың судьялары өмір бойына сайланатын болған.Конституция бойынша федеративтік құрылым еңгізілді. Соның нəтижесінде, жалпыфедералдық органдар мен штаттардың органдарының өкілеттіктері шектелді. Федерацияға мынадай қатынастарды шешу құқығы берілді: соғыс жəне бейбітшілік,сыртқы қатынастар, ақша шығару, өлшеу жүйесі, əскерді жəне теңіз əскерін басқару. Федералдық құқық штат құқығына
қарағанда үстемдікке ие болды.1791 жылы “Құқық туралы билль” қабылданды, ол мəні бойынша АҚШ-тың Конституциясына 10 түзету енгізді. Түзетулер саяси мəселелерге қатысты демократияландыру сиаптында болды. Алайда, оңтүстік штаттарда сақталған құлдық туралы қайтадан ештеңе айтылмады. Үндістердің жерлерін жаулап алудың жəне европалық колонияларды сатып алудың нəтижесінде штаттар саны көбейе түсті. Жаңа штаттарды құру тəртібі 1787 жылы қабылданған Конституциямен реттелді.Конгресс штаттардың аумағын өзінің (штаттық) заң шығарушы жиынымен автономиялық деп жариялады. Штаттың басшысын— губернаторын, сенаттың келісімімен президент тағайындады.