
- •27. Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы.
- •28. Сервий Тулий реформалары.
- •29. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •30. 31. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы. Принципат Доминант
- •32. Рим құқығы. Рим құқығының негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •33. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер.
- •34. Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •35. Франк мемлекеті
- •37. Хлодвигтің Франк мемлекеті мен құқығын дамытуағы ролі
- •38. Салич правдасы,, және франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •39. Франк мемлекетіндегі варварлық шындық
- •42. Франциядағы Бас штаттар және оның мемлекеттік басқарудағы орнына тоқталыңыз.
- •44.Франциядағы Ришелье реформасы.
- •52) Англияның алғашқы Парламенті және оның құқықтық сипаты
- •60.Ортағасырлық Жапон құқығы мен Тайхоре кодексі не талдау жасаңыз
- •61.Ерте Орыс мемлекетінің қалыптасуы және дамуына сипаттама беріңіз.
- •62.Ерте кезеңдегі ,,Орыс правдасы,, және оның мазмұнына сипаттама беріңіз
- •63.Россияда бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы және сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат беріңіз.
- •64.Ресейдегі Иван іу реформаларына талдау жасаңыз.
- •66.ХуіІғ. Ағылшын революциясына, Англиядағы ,,Ұзақ парламент,, актілеріне сипаттама беріңіз.
- •67.Оливер Кромвель және оның мемлекеттік қайраткер ретіндегі сипатына тоқталыңыз.
- •68.Англияда конституциялық монархияның бекуі мен 1679 және 1689 ж. Актілерге тоқталыңыз.
- •69.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі даму және екі партиялы жүйенің қалыптасуы, хіХғ. Сайлау реформалары жайлы не білесіз?
- •71.Ақш 1776 ж. Тәуелсіздік декларациясына талдау жасаңыз.
- •72.1787Ж. Ақш Констиуциясы және Құқық туралы Билль туралы толыққанды ақпарат беріңіз.
- •73.1864-1865 Жж. АқШтағы Азамат соғысы мен құлдықтың жойылу тарихына сипаттама беріңіз.
- •74.Франциядағы 1789-1794жж. Революция және конституциялық монархияның қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз.
- •75. 1789Ж. Француз Декларациясы және оның тарихи маңызына тоқталыңыз.
- •76. Наполеон төңкерісі және 1799ж. Конституция, Франциядағы Бірінші империя жайлы не білесіз?
- •77. Хіх бірінші жартысындағы Францияға және 1814,1830 жылдардағы Хартияларға сипаттама беріңіз.
- •78.Франциядағы 1848,1852 жылдардағы Конституцияларға талдау жасаңыз.
- •80.ХіХғ. Бірінші жартысындағы Германия және Германияның бiрiгуi үшiн крес туралы әңгімелеп беріңіз.
24 . Спарта мемлекеті. Спартаның қоғамдық-саяси құрылысы. Б.э.д. ҮІІІ — ҮІІ ғ.ғ.-да Грецияда рулық құрылым жойылып, құлиеленушілік қоғам мен мемлекет қалыптаса бастаған. Греция біртұтас мемлекет болмаған жəне мұнда бірдей халықтар өмір сүрмеген. Ол дербес қала — мемлекеттер — полистерден құралған. Ежелгі Грецияның құлиеленушілік қоғамына тəн негізгі мемлекеттердің қатарынан Афины мен Спартаны атауға болады.
Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-ҮІІІ ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде ежелгі Спарта мемлекеті өмір сүрді. Мемлекет Спарта деп аталғанымен, ол ел өздерін Лакония деп атады.
Спартаға - саяси демократиялық мемлекет. Жаулаушылар жерге, құлдарға жеке меншік құрып, оғам таптық саралауды өткізді, спартиаттар үстем тапқа, жеңіліп қалған тұрғындар құлдарға және құқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар деп аталды. Илоттардың жерлері ең құнарлы болатын, сондықтан олар өздерінің жерлерін спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен соғысты. Лаконияның басқа шаруалар қауымы Спартаға бағынып, өздерінін жерлерін бере салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға қарағанда периэкттердің құқықтары көп болды. Өздерінің қауымында олар азаматтық құқықтарды пайдаланатын, бірақ Спартаның өзінде олар екінші сортты адам деп саналып, үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен Спартада 3 тап пайда болды: олар спартандықтар, илотгар және периэктер еді.
Илоттардың құқығы құлдардың құқығына жақын екені белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері: спартандар, периэктер және илоттар осылай бөлінді.
Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін алып болғаннан кейін оларды 9000 жер учаскесіне бөлді. Сол жер учаскелері спартандарға таратылды. Учаскені бөлуге болмайтындай етіп, илотгармен бірге берілді. Әрбір жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары тұратын еді. Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.
Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, өлсіз болып туылса, оны өкесіне шатқалдан лақтыруға бұйыратын. Денсаулығы дұрыс мықты баланы тірі қалдыратын да, ол жеті жасқа дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.
7 жастан бастап бала қоғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жасқа дейін уақытын өткізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: «Ликург заңымен балаларды ақысына жұмыс істейтін мұғалімдерге өткізуте болмайды» Балалардың 12 жасқа дейін оқитын жері Агела деп аталды. Агеланы ең күшті, ақылды бала басқарды.
Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды.
Спарта азаматтары 30-ға жасқа толғанша өзінің құқығын толық пайдалана алмады. Оған базарға барып бірдеме сатып алуға рұқсат берілмеді, өзіне керек заттарын ол 30-ға толған туысқандарына сатып алғызады. Өте көп уақытын ол сисситияда өткізетін. 30 жасқа толған Спартаның азаматтары құқықтарын толық пайдаланатын. Осы уақыт ішінде ол шаңырақ құрып, үкіметтін, үлкен қызмет орнын пайдаланды. Спарта тәрбиесінің, сондай-ақ спарталықтар өмірінің барысы елдің әскери қуатын нығайту мақсатына бағытталды. Спартандар әскери іспен шұғылданды. Тек осы ғана спартандарға лайықты іс деп саналатын. Күшті де мықты жауынгерлер тәрбиелеу үшін Спартада арнаулы тәрбие жүйесі болатын. Әрбір жаңа туған баланы Спартаның жоғарғы мекемесі-герусияға, яғни, ақсақалдар кеңесіне апаратын. Мұнда арнаулы комиссия нәрестені өмір сүруге қалдыру керек пе, не оны өлтіру керек пе деген мәселені шешетін.
25. Спартаның мемлекеттік құрылысы, жоғарғы мемлекеттік органдар..
Спартада қос патшалық болды (Архагет). Дорийлық және ахет қауымының Спартаға қосылғанын дәлелдейтін фактордың бірі осы. Бұл Спартаның екі әулетінен: Агиадтар және Эврипонтидтерден шыққан билеушілер.
Патша билігі мұрагерлікпен жалғасатын. Патшалар әскерді басқарды және абыздың функциясын жүзеге асырды. Патшаны 9 жылда бір рет дін басылары сайлайтын. Патша қызметінің ең мықты саласы — әскери басқару. Соғыс уақытында патша қандай болса да шешім шығаруға құқылы еді. Соғыс біткеннен кейін патшаның барлық үкімі күшінде болатын. Патшаның кейбір сот істеріне оралуға да құқығы болды: ол үл бала асырап алу, мұра алу, мұра қалдыру істерін түгелімен қарайтын.
Спартаның патшалары бай адам, ірі жер қожасы болатын. Олар апелла мен герусияға бағынатын, оларды эфорлардың комиссиясы да қатты бақылайтын. Патшаның қасында гомейлер — тандап алған спартандар, флейтистер, дәрігерлер, пифийлер сияқты көмекшілері болды. Ол тойларға өзінің 2 пифий көмекшілермен келетін. Тойларда патшаны төрге отырғызып, ең құрметті тамақты беретін. Оларға белгілі бір күндері семіз мал, арақ және сұлыдан істелген үн беретін. 8 жылда бір рет жұлдыз бойынша бақылап, халық патшаны соттауға да құқылы болды. Патшаның толық нөкері: гомей, адьютант, дәрігер, сыбызғышы, пифи, балгер сияқты 300 адамнан тұратын. Патшаның өзін 300 адам қорғайтын, олар 3 командирге-гиппагретке бағынатын.
Әскери қызмет. Наварх-флот басқарушы. Бұл төтенше қызмет орны. Соғыс кезінде бұның билігі патшадан да күшті болды. Навархтың құқығы патшаның құқығына жақын, олардың нөкерлері болатын. Олар патшамен бірге тасаттық беретін.
Халық жиналысы (Апелла). Жасы 30-ға жеткен спарталық ер адамдар халық жиналысына қатысатын. Бұл жиналыс соғыс және бейбітшілік сияқты ірі мәселелерді шешетін. Халық жиналысы қызмет адамдарын, әскери басшыны және туған балалары болмаған жағдайда патшаны сайлайтын еді.
Мысалы, ол заңдарды тек кеңесмүшелерінің ұсынысы бойынша қарайтын, оның жиналатын белгілі бір уақыты да болмайтын. Жиналыстың құзыреті де шектелген еді, мысалы ол қаржы мәселелерді қараған жоқ, магистрлерді бақыламайтын және сот функциясын да атқармайтын.
Эфорлар алқасы. VIIғасырдың екінші жартысында жаңа қызмет органы пайда болды. Бұл эфорлар алқасы. Ол алқа 5 эфордан тұратын. Оларды жыл сайын Спартаның қауымы айқаймен сайлайтын. Алдымен эфорлар патшалардың функциясын шектеу үшін пайда болған. Соңынан эфорлардың маңызды функциясының бірі-конституцияның орындалуын, по-лицияның қадағалауы үшін, яғни азаматтықсот герусиядан эфор алқасына берілді. Соғыс уақытында эфор алқасының екі мүшесі патшамен бірге соғысқа баратын. Айына бір рет патшадан заңды дұрыс орындаймын деген ант алатын. Эфорлар периэктер мен илоттарды бақылайтын. Спарта азаматын эфор етіп сайлағанда ол криптия еткізуге тырысатын. Тек содан кейін өзінің қызметіне кірісетін.
Эфорлар мен геронттар былай сайланатын: геронт қайтыс болып, оның орны босаған соң, эфор боламын деген 60-қа келген азаматтар герусияға баяндама беретін. Содан кейін оларды аппеллаға шақырып алып, сайлайтын. Олар аппеллада отырған азаматтардың алдынан бір-бірден өтетін де, кішкентай бір үйде жауып қойған адамдар қай кісінің өткенін білмей, көрмей, қайсысына халықтың қатты айқалайғанын айтатын. Қайсысынакісілер қатты айқайлайды, сол эфор немесе геронт болып сайланады.
Эфорлар патшаны герусия сотына да тартуға құқылы болған. Олар басқа мемлекеттің елшілермен келіссөз өткізетін, оған апелланың мәжілісінде төрағалық жүктелетін. Эфорлар бүкіл спартандықтардың тәрбиесін қадағалайтын. Эфорлар комиссиясы көп мәселелерді геронттармен бірігіп шешті. Олар Спартаның ақсүйек органдарының бір түрі. Спартаның тарихында героштар мен эфорлардың пара алғаны аз емес. Аристотель Спарханың эфорларын тирандар деп атады.
Герусия-қариялар кеңесі. Герусияға 2 патша және 60 жасқа толған 28 геронт кіреді. Геронттар халық жиналысында өмірлік сайланатын. Оларды да айқаймен сайлайтын. Герусия мемлекеттің жоғарғы кеңесі, жоғарғы соты және спартаның әдет құқығының сақтаушы органы болатын. Герусияның соты тек қана мемлекетке қарсы қылмысты және басқа қылмыстарды қарайтын болды. Азаматтың істерін герусия эфорлардың алқасына беріліп отырды.
Спартаның герусиясы-өте шағын әлеуметтік топтың органы. Ұзақ уақытқа сайланатын бұл ұжым басқа бірде-бір органға бағынбауына, бірде-бір орган оның жұмысын бақыламайтын органға айналды. Герусияның қабылдаған шешімдері халық жиналысында формальды түрде қаралатын. Герусияның мәжілісі күн сайын өтетін. Ол әскери, қаржы, сот істерін қарап, өзінің қызмет бабын үнемі көрсетіп отырған.
26. Спартадағы илоттардың әлеуметтік-құқықтық жағдайы. Спарта мемлекетінің ішкі саясаты илоттарды бағындыруға бағытталды. Илоттардың құқығы болған жоқ. Спартандық илотты өлтіре алатын. Жылына бір рет Спартада «криптия» күні өткізілетін. Жас спартандықтар түнде жиналып, ешкім танымас үшін маска және ұзын жамылғыштар киіп, илоттардың селоларына аттанатын. Кездескен илотты жабылып өлтіретін. Спартандықтар ең жас және күшті илоттарды өлтіруге тырысатын. Өлтіруді үйрену үшін жас спартандықтар илоттарға су қосылмағаи арақ беретін еді. Олар мас болып, бұзық өлең айтып, жаман би билеп, бұзықтық көрсететін. Спартандықтар илоттардан жиіркену сезімінде тәрбиеленді, олар илоттарды қатты жек көретін еді. Илоттар ең қиын да ауыр жұмыстарды істейтін. Олар Спартаның басқа тұрғындарынан ерекшелену үшін айрықша киініп, иттің терісінен тігілген құлақшын киетін.
Әскерде илоттар қосымша жұмыстар атқаратын (өлген кісілерді жерлейтін, тосқауылға тұратын, илоттар ешқандай қылмыс істемесе де, олар өздерінің құл екенін ұмытпасын деп спартандықтар оларды таяқпен ұратын).
Адамгершілікке сыймайтын мұндай қатынастарға илоттар көтерілістермен жауап беріп отырды.
27. Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы.
Рим мемлекетінің тарихи кезеңдері:
1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау жəне құлиеленушілік мемлекеттің құрылу кезеңі (б.э.д. 753 ж. Рим қаласының негізін қалаудан б.э.д. 509 ж. соңғы патша тəкаппар Тарквинийдің қудалауға дейінгі кезең);
2 кезең — республика кезеңі (б.э.д. 509 — 27 ж.ж.); 3 кезең — монархия кезеңі (б.э.д. 27 ж.— б.э. 476 ж.), бұлкезең өз ішінде екі кезеңге бөлінген:
а) принципиат — б.э.д. 27 ж.— б.э.284 ж.; б) доминат — б.э. 284 — 476 ж.ж.
Рим мемлекетінің құрылуы. Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі əлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды əкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тəн сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған. Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру əскери жəне діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды- тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған. Халық патрицийлерге, клиенттерге жəне плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар — бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша — Рекс тұрған. Ол əскер басы, жоғарғы абыз болған жəне ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат қоғамдық істерге басшылық жасаған, мəселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да əсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган —бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер жəне фициалдар алқалары табылған
28. Сервий Тулий реформалары.
Б. з. д. VII ғасырда Сервий Тулий патша Римде саяси және экономикалық реформа жүргізіп, плебейлердің жағ-дайын жаксартты. Ол плебейлерді халык, жиналысына қатыстыратын болды. Азаматтардың куриялары және ежелгі жиналысымен катарилебсйлсрді Рим жасағы қатарына да ресми жіберуге жол берген Сервий Тулийдің реформалары. Жауынгерлер центуриагтың комицияларынқүрды. Жауынгерлер мүліктік белгілеріне сәйкес бес топқа болінетін. Байлық мөлшері асспен саналды. 1. 100000 асе, 2. 75000 асе, 3. 50000 асе, 4. 25000 асе, 5. 11000 асе. Одан кемі - пролетарийлер. Сонымен, бірінші топка мүлігі 100 мың жез ассыларға бағаланған неғүрлым ауқатты азаматтаржатқызылады. Олар толық қару-жарақтанған 18 атты және 80 жаяу әскер жүздігін беруге міндетті болды. Центуриат комицияларында дауыстар жүздіктер бойынша берілді. Бір жүздік бір дауысқа ие болды. Сүрақ қою бірінші топтың азаматтарынан басталды, олар 193-тен 98 да-уысқа ие болды. Ал қалғандарының 95 қана дауысы болды. Сонымен, халықтың ең ауқатты бөлігінен тұратын бірінші топтың жүздіктеріндегі адам саны небәрі оншақты еді. Керісінше, соңғы топ жүздіктерінде азаматтардың саны жүзден едәуір асып, ал ақырғы центуриада 4 мыңға дейін жетті. Сонымен, дұрыс шешілсе, 1 топ шешімі дұрыс және қуатты болып шығады. Олар 193 дауыстан 98 дауыс береді. Сервий Тулий реформалары Рим патрицийлері арасында наразылық-тар туғызды. Осыны иайдаланып Тарквииий Суперб озінің алдындағыпатшаны өлтірген. Бірақ біраз уақыт откен соң өзінің зорлығымен және қаталдығымен Тарквиний жалпы жүрттың наразылығына үшырады. Б. д. дейінгі 510 жылы Рим халқы патшаға қарсы көтеріліп, оны Рим жерінен қуып шығарды. Ең кедей азаматтар ақырғы центурияға біріктірілді. Бүл "пролес" яғни "балалары-нан, түқымдарынан басқа еінтеңесі жоқ адамдар" еді. Оларды әскери қызметке жібермеді. Сервий Тулийдің жүргізген реформасы Римнің әскерін күшейтіп, плебейлер мен патрицийлердің қүқығын теңдеді. Ре-формадан кейін патрицийлер бәрі жоғарғы биліктегі міндеттерді оздері иеленді және жер алу қүқығын сақтап калды. Плебейлер мен патрицийлердің езара қатысы мүнымен шектелген жоқ. Сырттай ескі трибаларға бөлуді сақтай отырып, Сервий Тулий трибаларды ежелгі ру одағынан аумақтық болініске айналдырды. Ол бүрын әкімшілік округ-тарда ғана болған 4аумақтық трибалар күрды. Кейін осындай трибалар-дың саны біртіндеп осіп, б. д. дейінгі 1 ғасырда 35-ке дейін жетті.