
- •Иондаушы сәулеленудің түрлерін көрсетіңіз және оларға анықтама беріңіз.
- •Радиациялық қатты дене физикасының негізгі мақсатын атаңыз және басқа пәндермен байланысын түсіндіріңіз.
- •Негізгі дозиметриялық шамалары атаңыз және формулаларын жазыңыз. Дозаның классификацияларын келтіріп салыстырыңыз.
- •Керма тұрақтысы және керма эквивалентіне анықтама беріп, физикалық мағынасын түсіндіріңіз.
- •Радиациялық ақаулардың классификациясын көрсетіңіз және олардың пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
- •Нүктелік ақауларды ата тегі, заряды және құрылымы бойынша классификациялаңыз. Бояу центрлерінің пайда болу механизімін түсіндіріңіз.
- •Ультракүлгін сәуленің затпен әсерлесу механизімін түсіндіріңіз.
- •Жартылайөткізгіш және диэлектриктегі экситондардың түзілу механизімін түсіндіріңіз. Ванье - Мотта және Френкель экситондарын бағалап, салыстырыңыз.
- •Альфа бөлшектерінің затпен әсерлесуі. Серпімді және серпімсіз соқтығысуларды түсіндіріңіз. Ионизациялық шығынды бағалаңыз.
- •Электрондардың затпен әсерлесу механизімін түсіндіріңіз. Бор Және Бете теориясын жазыңыз. Электрондардың затпен әсерлесу кезіндегі радиациялық және ионизациялық шығында бағалаңыз.
- •Иондаушы сәулелердің қатты дененің механикалық қасиетіне әсерін сипаттаңыз.
- •Рентген сәулелерінің ашылу тарихы және оның қолдану аясын келтіріңіз. Рентген сәулесінің затпен әсерлесу механизімін түсіндіріңіз. Тежелу және сипаттамалық рентген сәулесіне анализ жасаңыз.
- •Гамма сәулесінің затпен әсерлесуі механизімін түсіндіріңіз. Комптон эффекті.
- •Фотоэффект құбылысын түсіндіріңіз. Жұптардың пайда болу ықтималдығын бағалаңыз.
- •Иондаушы сәуленің әсерлесу коэффициентерін көрсетіңіз. Гамма және рентген сәулесінің әлсіреу заңын жазыңыз.
- •Нейтрондардың затпен әсерлесу механизімін түсіндіріңіз. Микроскопиялық және максрокопиялық қимаға физикалық мағына беріңіз.
- •Нейтрондарды энергия бойынша классификациялаңыз. Серпімді және серпімсіз реакцияларды жазыңыз.
- •18. Иондаушы сәулелерден қорғану жолдарын келтірңіз және негізгі радиациялық қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.
- •19. Ядролық реактор материалд. Коррозиясы
- •21) Ядролық материалдардың түрлерін көрсетіңіз. Уранның физикалық және механикалық қасиеттерін бағалаңыз.
- •22) Газдық жылу тасығыштарына шолу жасаңыз, олардың артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіз.
- •23 Органикалық жылу тасығыштарына шолу жасап, артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіз
- •24) Дисперсті ядролық отындарға шолу жасаңыз және салыстырыңыз.
- •25. Уран және оның қоспаларына шолу жасаңыз және салыстырыңыз
- •26,28) Плутоний және оның қоспаларына шолу жасап салыстырыңыз. Металдық плутоний кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсетіңіз
- •27) Уранның радиациялық өсуі және газдық ұлғаю үрдісін түсіндіріңіз. Сәулеленудің уранның механикалық қасиетіне әсерін бағалаңыз.
- •29) Торий және оның қоспаларына шолу жасаңыз. Торийдің ядролық отын ретінде қолдану мүмкіндіктерін бағалаңыз.
- •30) Керамикалық және дисперсті ядролық отындардың түрлерін атап көрсетіңіз және оларды салыстырыңыз.
- •31. Жылу шығарғыш элемент(твэл).
- •33) Графиттің ядролық реакторда қолдану аясын көрсетіңіз. Графиттің радиациялық және коррозиялық тұрақтылығын бағалаңыз.
- •34) Ядролық реактордағы бақылаушы стержендердің түрлерін атаңыз. Стержень материалдарын салыстыра отырып, ядролық және механикалық қасиеттері бойынша қолайлы және тиімді материалды таңдаңыз.
- •35. Ядролық реактордағы қорғаушы материалдарға (материалы защиты) шолу жасап, ядролық және механикалық қасиеті бойынша ең тиімді және қолайлы материалды таңдаңыз.
- •37. Ядролық реакторда конструк. Матт.Ретінде қолдан. Мыс және титан.
- •38) Ядролық реакторда қолданылатын сұйық металды жылутасығыштардың (теплоносители) түрлеріне шолу жасаңыз. Оларға қойылатын талаптарды көрсетіңіз
- •39) Ядролық реакторда қолданылатын газдық жылутасығыштардың (теплоносители) түрлеріне шолу жасаңыз. Оларға қойылатын талаптарды көрсетіңіз.
- •40) Ядролық реакторда қолданылатын органикалық жылутасығыштардың (теплоносители) түрлеріне шолу жасаңыз. Оларға қойылатын талаптарды көрсетіңіз.
- •41) Ядролық реакторда судың қолдану бағыттарын көрсетіңіз. Судың жылутасығыш ретінде қолданудың артықшылықтар мен кемшіліктерін айтыңыз. Оларға қойылатын талаптарды айтыңыз.
- •42) Ядролық реактордың жұмыс істеу принипін түсіндіріңіз. Нейтронның ашылу тарихына шолу жасаңыз. Ядролық реакторға қатысты қолданылатын негізгі ұғымдарды сипаттаңыз.
Иондаушы сәулеленудің түрлерін көрсетіңіз және оларға анықтама беріңіз.
Иондаушы сәулелер деп қатты денемен әсерлесе отырып атомдардың ионизация1 процесін туғызатын сәулеленуді айтамыз. Жалпы сәулеленудің келесі түрлері болады: ультракүлгін, рентген, гамма, электрон ағыны, ауыр зарядталған бөлшектер, нейтрондар, космостық сәулелену.
Рентгендік сәулелену электрондардың жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа өту нәтижесінде пайда болады. Рентген сәулелерінің көзі ретінде электрондармен үдетілген металдық орталарды пайдаланады. Жалпы рентген сәулесін рентген түтікшесінде алады. Ренген сәулесінің қатты денемен әсерлесуі кезінде ионизация және атомның қозуы болады. Алайда ультракүлгін сәулелерден айырмашылығы ол тек валентті электрондарды ғана емес ішкі электрондарды да ұшырып шығара алады. Рентген сәулелерінің қатты денеге ену қалыңдығы квант энергиясына байланысты бірнеше миллиметрден ондаған сантиметрге өзгереді.
Гамма сәулесі ядроның ыдырауы немесе элементар бөлшектердің ядромен әсерлесуі кезінде пайда болатын, спектр бойынша энергиясы жоғары электромагниттік толқын. Затпен әсерлесуі рентген сәулесіне ұқсас, алайда гамма сәулесіне заттың атомдарына энергиясын бере алады, ядролық реакциялар туғызады. Рентген сәулелерімен салыстырғанда қатты денеге ену қалыңдығы жоғары.
Гамма
сәулесінің
затпен әсерлесуі кезінде 3эффект
байқалады:Фотоэффект,Комптон эффекті,
жұптардың пайда болуы.Фотоэффект –
гамма кванттың электронмен жұтылуы,
гамма квант атоммен әсерлесе отырып,
өзінің барлық энергиясын электронға
береді.Комптон эффект – гамма кванттарының
еркін электрондарда шашырауы. Гамма
кванттың энергиясы электронның байланыс
энергиясынан әлдеқайда көп болған кезде
байқалады. Гамма кванттың жарты энергиясы
электронға жартысы шашырап шыққан
фотонға кетеді.Электрон –позитрон
жұптарының пайда болуы. Энергиясы
1Мэв асатын фотондар немесе атом ішіндегі
байланыс энергиясынан жоғары энергиялы
фотондар үшін
Нейтрондар затпен әсерлесе отырып, энергиясын қозуға және электрондармен магниттік әсерлесу арқылы ионизацияға жұмсайды. Мұндай әсерлесу қимасы (сечения взаимодействия) электростатикалық әсерлесуге қарағанда аз, сондықтан нейтрондардың затқа ену қалыңдығы жоғары. Нейтрондардың ядромен әсерлесу ықтималдығы жоғары, сондықтан затпен әсерлесе отырып, ядролық реакцияға және атомның ығысуына себепші болады. Нейтрондардың затпен әсерлесуі нәтижесінде жалпы келесі реакциялар болуы мүмкін: Радиациялық қармау Потенциалдық шашырау,Серпімді шашырау,Серпімсіз шашырау. Серпімсіз соқтығысу кезінде соқтығысқан бөлшектердің табиғаты өзгереді. Келесі реакциялар жүреді: (n, p), (n, 2n), (n,а), (n,y). Осы реакциялардың болу ықтималдығы микроскопиялық қимамен сипатталады. Микроскопиялық қиманы ядроның жанындағы сфера ретінде қарастыруға болады, осы сфераны қия өтіп, нейтрон ядромен байланысады. Толық эффективтілік қима келесі түрде болады
Радиациялық қатты дене физикасының негізгі мақсатын атаңыз және басқа пәндермен байланысын түсіндіріңіз.
Радиациялық қатты дене физикасы дененің иондаушы сәулелермен әсерлесуін зерттейтін физиканың бір бөлігі. Радиациялық материалтану пәнінің негізгі мақсаттары:
- Материалдарды радиациялық бақылаудың методикалық және ғылыми жолдары;
- Материалдардың радиациялық бұзылуын және радиациялық тұрақтылығын зерттеу;
- жаңа жоғары сапалы материалдарды және өнімдерді алуда радиациялық технологияларды қолдану;
- Қорғанысты материалдар арқылы құрылғымен жұмыс жасайтын персоналды биологиялық сақтау;
- Иондаушы сәуленің қатты денеге әсерін және машина бөлшектерінің жұмыс істеу уақытына әсерін зерттеу;
- Радиактивті ластанумен күресу жолдарын қарастыру;