- •Биотехнологияның негізгі бағыттарына, «Инженерлік энзимология» курсының объектілері мен міндеттеріне және мақсаттарына сипаттама беріңіз.
- •Ферменттерге жалпы сипаттама беріңіз, классификациясын қарастырыңыз.
- •Биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз, инокулят дайындау кезенін және ферментацияға қосылатын мөлшерін қарастырыңыз.
- •Ферменттердің көздерін, қолдану тиімділігін қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілер туралы бірінші жұмыстарды қарастырыңыз.
- •«Адгезия», «адсорбция», «иммобилизация» терминдерінің айырмашылығын түсіндіріңіз және «иммобилиздеу»түсінігінің ресми түрінде пайда болуын қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілердің пайдалану тиімділігін дәлелденіз.
- •Биообъектілердің иммобилиздеуінің негізгі әдістерін атап көрсетіңіз.
- •Микроорганизм клеткаларының физикалық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің адсорбциялық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Адсорбциялық иммобилиздеу әдістерінің артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.
- •Биобъектілердің мембраналық иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің иммобилиздеунің химиялық әдісін сипаттаныз және «тасымалдаушы-клетка» арасындағы түзілген байланысының схемасын келтіріңіз.
- •Биообъекттілерді жартылай өткізгіш мембраналар түтікше түрінде және микрокапсулдау иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биологиялық объектілердің микрокапсулдау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •Белсендірілген көмірдің маңыздылығын, құрылымын және алу жолдарын қарастырыңыз.
- •Фермент препараттарын нан пісіруінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Ет өнеркәсібінде ферменттердің қолдануын сипаттаңыз.
- •Ферменттердің ауыл-шаруашылығындағы қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің медицинада қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің кондитер өндірісінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Физиологиялық ерітінді, дистилген және құбыр суы, құрамын, айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Микроб популяцияның өсу сызығына сипаттама беріңіз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне арналған органикалық және бейорганикалық тасмалдаушыларды салыстырмалы қарастырыңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушы түрлерін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне кен қолданатын жасанды және табиғи органикалық тасмалдаушыларға сипаттама беріңіз.
- •Гетерогенді биокатализде байланыстыру сайты түсінігін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарын қарастырыңыз.
- •Тасмалдаушылар ретінде қолданатын табиғи және жасанды полимерлердің негізгі топтарының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріңіз.
- •"Белсенді лай" құрамын, иммобилдеу әдісін сипаттаңыз.
- •Биоремедиация ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
- •Мұнай қалдықтарымен ластанған аймақты биоремедиациялау үшін қолданылатын иммобилизденген биопрепараттарды қарастырыңыз.
- •Биоремедиацияда микроорганизмдерді қолдану.
- •Ластанған ағынды суларды аэробты және анаэробты жағдайда тазалауында қолданатын биореакторларға сипаттама беріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларының тегіс және саңылаулы тасмалдаушылар бетінде бекіну сызбасын көрсетіңіз.
- •Тұрмыстық ластанған ағынды суларды тазарту кешенінің негiзгi кезеңдерін ретімен келтіріңіз: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық.
- •Мұнаймен ластанған аймақтарының тазалау әдістеріне сипаттама беріңіз. Қолданылады.
- •Биотехнологиялық процестеріндегі гомо- және гетерогенді биокатализдеу процестерінің айырмашылығы және сызбасын көрсетіңіз.
- •Микроб клеткаларының агрегациялануы – иммобилиздеудің әдісі ретінде сипаттама берініз, флокула нұсқасын келтіріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларынының тасмалдаушылар беткі құрылымдарына қарай адсорбциялық иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биообьектілердің гельге еңгізу иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Иммобилизденген клеткалар арқылы l-аспарагин қышқылының алу жолдары: қолданатын микроб өкілдері, иммобилиздеу әдісі, алу жолының сызбасын келтіріңіз.
- •Ластанған ағынды суларды тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларды пайдалануын көрсетіңіз.
- •Ксенобиотиктердің микробиологиялық трансформация процестеріне сипаттама беріңіз.
- •Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ микрофлорасына сипаттама беріңіз.
- •Өнеркәсіптік ластанған суларды иммобилизденген микроб клеткаларымен тазалауын сипаттаңыз.
- •50. Ластанған ағынды суларды биологиялық тазалау жолдарын сипаттаңыз.
Ферменттердің ауыл-шаруашылығындағы қолданатын бағыттары.
Ауыл шаруашылығында ферменттерді жем қоспалары ретінде амилосубтилин, протосубтилин, глюкамоварин, амилоризин қолданылады. Протеолитикалық ферменттер етті, ет өнімдерін, балықты жұмсарту үшін қолданады. Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Фитобактеримицин (Fitobakteriomicin) препараты басқаша, - Фитолавин деп аталады.Фунгицидтер тобына кіреді, яғни фунгицидтердiң қолданыстағы заттары Химиялық класс- биологиялық пестицидтер, бактериальды фунгицидтер Препарат формасы- БА-120000 ЕА/мл, 32 г/лЕну тәсілі : Түйiспелi пестицид, жүйелi пестицидОрганизмдегі күйі : Пестицид, фунгицид, иммундаушы фунгицид.Қолдану тәсiлдерi - (пестицидтермен ) өсiмдiктердi (тұқымды дәрiлеу ) тұқымдықтың өңдеуi, бүрку, суару Энтобактерин химиялық әсері жоқ, микробиологиялық препарат болып табылады.Энтобактерин насекомдардың 50 дей түріне қарсы қолданылады.Ұнтақ күйінде кездеседі. Ашық көгілдір түсті. Споралы бактерия Bacillus thuringiensis var.негізінде жасалады. Бацитрацин (Bacitracin ) - Bacillus subtilis штамдарының негізінде жасалған препарат, микроорганизмдер тобына қарсы,соның ішінде саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Өсімдіктердің (саңырауқұлақтардың) түк басуының алдын алады. Бацитрацин аморфты ұнтақ (порошок), сумен спиртте ериді, эфир майында ерімейді, молекулалық құрылымы 10 аминокислоттан тұрады: L-изолейцин, L-лейцин, D-фенилаланин, L-цистеин, L- и D-аспарагиновая кислота, D-глютаминовая кислота, L-гистидин, L-лизин и D-орнитин.Сатылымдағы аты: цикатрин (Cicatrin), полибактрин (Polybactrin).
Ферменттердің медицинада қолданатын бағыттары.
Иммобилденген ферменттер. Соңғы кездері медицина, фармация салаларында жасанды иммобилденген ферменттер кең қолданылады. Ферменттерді әртүрлі материалдарға (полиакриламид, шыны, силастик, полистерол) бекітіп иммобилдеу (байланыстыру) арқылы ерімейтін жасанды катализатор жасағанда ферменттер активтілігін сақтап, сонымен бірге, олардың әсерінің ұзақтығын, мықтылығын, тұрақтылығын арттырады. Бұл технология қазіргі кезде өндірісте, тұрмыста кең қолданылуда7 Энзимотерапия және коэнзимотерапия — ферменттерді, оның құрамдық бөліктерін белгілі бір ауруларға қарсы емдеу құралы ретінде қолданудың әдістері мен тәсілдері, механизмінің негізін қалайды. Қазіргі кезеңде көптеген ферменттер ауруға қарсы дәрілік препарат ретінде кең қолданылады. Мысалы, асқорытуды жақсарту үшін асқазан сөлі құрамындағы пепсиннің мөлшерлерінің төмендеуінен болатын асқазан ауруларында, фестал, мезим препараттарын емдеу үшін қолданады (орынбасушы терапия әдісі). Ұйқы безінің жұмысының жетіспеушілігінде оның протеолиттік ферменттері трипсин, химотрипсин ферменттері және ұйқы безінің құрғатылған сөлі панкреатин (липаза, амилаза, трипсин ферменттері қоспасы), химопсиндерді (химотрипсин, трипсин қоспасы) емдеуде қолданады. Трипсин жараның бетінен трофикалық жаралардан өлген тіндерден тазарту мақсатында және күйгенде емдеу үшін, қою секреттерді, экссудаттарды қан ұйымаларын сұйылту үшін және ісікке қарсы препарат ретінде қолданады. Мүйізді ірі қаралардың ұйқы безінен бөлінген коллагеназа, рибонуклеаза ферменттік препараттары да ісікке қарсы қолданылады. Буын ауруларын емдеуде гиалуронидазаны (лидаза немесе ринидаза, препараты түрінде), гиалурон қышқылының гидролизін үдететін, мүйізді ірі қараның ұрық безінен алынған ферментті қолданады.Қан тамырларының тромбозын (бітелуін) емдеуде тромбаны еріту арқылы тромболиттік ферменттерді фибринолизин, тромболитин (трипсин мен гепарин комплексі) қолданылады.Дезоксирибонуклеаза (ДНҚ-аза) (мүйізді ірі қараның ұйқы безінен бөлінген) деполимерлендіруге және іріңді сұйылтуға қабілетті және көздің вирустық ауруларын, коньюнктивитті емдеуде вирустық нуклеин қышқылдарының ыдырауын тездету үшін қолданады.Аспарагиназа лейкоздың (ақ қан қатерлі ісігі) кейбір формаларын емдеуге қолданады. Аспарагин лейкоздық жасушада синтезделмейтіндіктен, оны қан сарысуынан алады. Сондықтан науқастың қанына аспарагиназаны қосқанда қан сарысуындағы аспарагин ыдырайды да лейкоз жасушасына қажетті аспарагин құрамды белок синтезделмейді, тоқталады, жасуша өледі.Емдеу препараты ретінде кейбір коферменттер де кең қолданылуда. Мысалы, пирожүзім қышқылын және α-кетоқышқылдардың тотығып декарбоксилденуі процессіне қатысатын коферменттер кокарбоксилаза (тиаминпирофосфат) және липой қышқылы көмірсулар алмасуын жақсартумен бірге бірнеше ауруларда (атеросклероз, бауыр зақымдалулары, ацидозда, қан айналысы жетіспеушілігінде) айқын эффект көрсетеді.
