- •Биотехнологияның негізгі бағыттарына, «Инженерлік энзимология» курсының объектілері мен міндеттеріне және мақсаттарына сипаттама беріңіз.
- •Ферменттерге жалпы сипаттама беріңіз, классификациясын қарастырыңыз.
- •Биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз, инокулят дайындау кезенін және ферментацияға қосылатын мөлшерін қарастырыңыз.
- •Ферменттердің көздерін, қолдану тиімділігін қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілер туралы бірінші жұмыстарды қарастырыңыз.
- •«Адгезия», «адсорбция», «иммобилизация» терминдерінің айырмашылығын түсіндіріңіз және «иммобилиздеу»түсінігінің ресми түрінде пайда болуын қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілердің пайдалану тиімділігін дәлелденіз.
- •Биообъектілердің иммобилиздеуінің негізгі әдістерін атап көрсетіңіз.
- •Микроорганизм клеткаларының физикалық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің адсорбциялық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Адсорбциялық иммобилиздеу әдістерінің артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.
- •Биобъектілердің мембраналық иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің иммобилиздеунің химиялық әдісін сипаттаныз және «тасымалдаушы-клетка» арасындағы түзілген байланысының схемасын келтіріңіз.
- •Биообъекттілерді жартылай өткізгіш мембраналар түтікше түрінде және микрокапсулдау иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биологиялық объектілердің микрокапсулдау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •Белсендірілген көмірдің маңыздылығын, құрылымын және алу жолдарын қарастырыңыз.
- •Фермент препараттарын нан пісіруінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Ет өнеркәсібінде ферменттердің қолдануын сипаттаңыз.
- •Ферменттердің ауыл-шаруашылығындағы қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің медицинада қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің кондитер өндірісінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Физиологиялық ерітінді, дистилген және құбыр суы, құрамын, айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Микроб популяцияның өсу сызығына сипаттама беріңіз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне арналған органикалық және бейорганикалық тасмалдаушыларды салыстырмалы қарастырыңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушы түрлерін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне кен қолданатын жасанды және табиғи органикалық тасмалдаушыларға сипаттама беріңіз.
- •Гетерогенді биокатализде байланыстыру сайты түсінігін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарын қарастырыңыз.
- •Тасмалдаушылар ретінде қолданатын табиғи және жасанды полимерлердің негізгі топтарының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріңіз.
- •"Белсенді лай" құрамын, иммобилдеу әдісін сипаттаңыз.
- •Биоремедиация ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
- •Мұнай қалдықтарымен ластанған аймақты биоремедиациялау үшін қолданылатын иммобилизденген биопрепараттарды қарастырыңыз.
- •Биоремедиацияда микроорганизмдерді қолдану.
- •Ластанған ағынды суларды аэробты және анаэробты жағдайда тазалауында қолданатын биореакторларға сипаттама беріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларының тегіс және саңылаулы тасмалдаушылар бетінде бекіну сызбасын көрсетіңіз.
- •Тұрмыстық ластанған ағынды суларды тазарту кешенінің негiзгi кезеңдерін ретімен келтіріңіз: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық.
- •Мұнаймен ластанған аймақтарының тазалау әдістеріне сипаттама беріңіз. Қолданылады.
- •Биотехнологиялық процестеріндегі гомо- және гетерогенді биокатализдеу процестерінің айырмашылығы және сызбасын көрсетіңіз.
- •Микроб клеткаларының агрегациялануы – иммобилиздеудің әдісі ретінде сипаттама берініз, флокула нұсқасын келтіріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларынының тасмалдаушылар беткі құрылымдарына қарай адсорбциялық иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биообьектілердің гельге еңгізу иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Иммобилизденген клеткалар арқылы l-аспарагин қышқылының алу жолдары: қолданатын микроб өкілдері, иммобилиздеу әдісі, алу жолының сызбасын келтіріңіз.
- •Ластанған ағынды суларды тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларды пайдалануын көрсетіңіз.
- •Ксенобиотиктердің микробиологиялық трансформация процестеріне сипаттама беріңіз.
- •Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ микрофлорасына сипаттама беріңіз.
- •Өнеркәсіптік ластанған суларды иммобилизденген микроб клеткаларымен тазалауын сипаттаңыз.
- •50. Ластанған ағынды суларды биологиялық тазалау жолдарын сипаттаңыз.
Биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз, инокулят дайындау кезенін және ферментацияға қосылатын мөлшерін қарастырыңыз.
Биотехнология - биологиялық процестер мен объектілерді пайданлануға негізделген экономикалық жағынан тиімді, маңызды заттарды өндіру мен жоғарғы өнімді микроорганизмдердің штаммадарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлардың асыл тұқымын шығарумен айналысатын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты.
Өндірістік биотехнология процестерін 2 үлкен топқа бөледі: 1) биомасса өндірісі; 2) метаболизм өнімдерін алу.
Биотехнологиялық процестің 5 кезеңі бар:
Бастапқы кезеңдерде қажетті биологиялық активті заттар мен шикізат дайындауға қажеттік заттарды дайындайды. Инженерлік энзимология процестерінде берілген қасиеттерге байланысты субстрат ерітінділерін дайындау және ферментативті немесе иммобилизденген ферменттік препараттар дайындаудан тұрады. Штамм – дақылдардың тазалығын ұстап тұру – кез келген микробиологиялық өндірістің басты мақсаты болып табылады.
Үшінші кезең – ферментация кезеңі, бұл кезеңде өнімнің түзілуі жүреді. Бұл кезеңде қоректік орта компоненттерінің биомассаға, содан кейін толық метаболитке айналуы жүреді.
Төртінші кезеңде сұйық дақылдан өнімді бөліп алып, тазартады. Микробиологиялық өндірісте ерітінді мен суспензияда соңғы өніммен қоса, басқа да көптеген заттардың болуы байқалады.
Биотехнологиялық процестің соңғы кезеңі – өнімдердің тауарлық түрін дайындау. Микробиологиялық синтез өнімдерінің жалпы қасиеті олардың сақтауға тұрақтылығының жетіспеушілігі.
Ферменттердің көздерін, қолдану тиімділігін қарастырыңыз.
Ферменттер көзі - өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер клеткалары.
Өсімдіктерден (мысалы, папаин, бромелаин, фицин т.б.);
Жануарлардан (мысалы, трипсин, химотрипсин, пепсин, ренин т.б.);
Микроорганизмдерден, әсіресе Aspergillus oryzae (плесени) және Bacillus subtilis бактериясы.
Ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу жүрер еді. Ферменттер - ағзада жүретін биохимиялық реакцияларды, сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар, катализатор ретінде әсер ететін белоктік қосынды.
Фермент қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған байланысты ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды.
Иммобилизденген биообъектілер туралы бірінші жұмыстарды қарастырыңыз.
Ферменттер – белокты заттар, сондықтан сақтауда тұрақсыз, жылулық әсерлерге сезімтал, бірнеше рет қолданылынмайды, өйткені реагенттерден және өнімнен қиын ажыратылады.
Бұл мәселелердің шешуі – ол иммобилизденген ферменттерді қолдану.
1916 ж. - Е.Гриффин және Дж.Нельсон алғаш рет көміргі иммобилизденген инвертазаның ұзақ каталитикалық белсенділігінің сақталғанын анықтаған.
1939 ж. - Дж.Пфанмюлер және Шлейх - бірінші патент иммобилизденгенферменттерді қолданылуына ұсынған – «Терілерді өңдеу үшін ағаш жонқаға бекінген протеолитикалық ферменттерді қолдану»
1959 ж. - Н.Грубкофер және Д.Шлейт бірінші рет ферменттердіиммобилиздеуінде маңызды, жаңа тәсіл қолданған (коваленттік байланыстыру), нәтижесінде белғілі мөлшерлі ферменттері бар иммобилизденген биокатализаторлар алындыған, бұл тұрақты өнім алуға мүмкіншілік берді. Осы уақыттан гетерогенді биокатализаторларды алу жұмыстары көбейді.
1971 ж. - «Инженерлік энзимология» бойынша бірінші конференцияда Хенникер (АҚШ) «иммобилизденген ферменттер» деген түсінік ресми түрінде қабылданды.
