Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enzim_shpor_toly_1179.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.59 Mб
Скачать
  1. Ксенобиотиктердің микробиологиялық трансформация процестеріне сипаттама беріңіз.

Микроорганизмдер ксенобиотиктерді толық ыдыратуы мүмкін немесе уытты молекулалардың толық емес деградациясы болады. Ксенобиотиктер қайта түскеннен кейін табиғи жағдайда селекцияланған, субстраттарға бейімделген микроорганизмдермен жылдам ыдырайды. Ксенобиотиктерді, пестицидтерді, токсикалық қосылыстарды псевдомонадалар, энтеробактериялар, бациллалар, коринебактериялар және басқа да микроорганизм топтары ыдыратуға қабілетті. Кейбір нитрат және сульфатредукциялаушы бактериялар сонымен қатар метаногенді архей ксенобиотиктердің анаэробты деградациясына белсенді қатысады. Ал осындай қосылыстарды аэробты жағдайда ыдырататын саңырауқұлақтарға Phanerochaete, Penicillium, Aspergillus, Trichoderma, Fusarium туыстары қабілетті болып келеді.

  1. Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ микрофлорасына сипаттама беріңіз.

Қазіргі заманғы әлемде мұнай дүниежүзіндегі негізгі және қажет етілетін энергия көздерінің бірі болып табылады. Ластанған табиғи объектілерден бөлініп шығарылған, мұнай тотықтырушы микроорганизмдердің жоғары нәтижелі штаммдарын қолдануға негізделген, жердің құнарлылығын қалпына келтірудің қазіргі заманғы микробиологиялық әдісі әлемдік практикада кеңінен қолданылады. Мұнаймен ластанған жер қыртыстарын тазартудың нәтижелілігіне әсер ететін аса маңызды факторлар қолданылатын өңірдің түрлі физикалық- химиялық ерекшеліктерін ескере отырып, аборигендік мұнай тотықтырушы микроорганизмдердің тұрақты қауымдастығын құру болып табылады.

Тұндыру-әр түрлі тығыздықтың әсерімен май бөлшектерінің өздігінен бөлінуі.Мұнай өнімдерінің бөлшектері суда су бетіндегі ауырлық күшінің әсерімен 2-3 мкм өлшеміндегі сфералық формаға ие болады. Дисперстік деңгейі-бөлшектің өлшеміне кері көлем. Дисперстіктің деңгейі жоғары болған сайын сарқынды судағы мұнай өнімдері бөлшектері соншалықты кіші болады.Тұндыру үшін мұнай ұстағыштар пайдаланылады.

  1. Өнеркәсіптік ластанған суларды иммобилизденген микроб клеткаларымен тазалауын сипаттаңыз.

Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады. Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады. Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақмартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады. Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]