- •Биотехнологияның негізгі бағыттарына, «Инженерлік энзимология» курсының объектілері мен міндеттеріне және мақсаттарына сипаттама беріңіз.
- •Ферменттерге жалпы сипаттама беріңіз, классификациясын қарастырыңыз.
- •Биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз, инокулят дайындау кезенін және ферментацияға қосылатын мөлшерін қарастырыңыз.
- •Ферменттердің көздерін, қолдану тиімділігін қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілер туралы бірінші жұмыстарды қарастырыңыз.
- •«Адгезия», «адсорбция», «иммобилизация» терминдерінің айырмашылығын түсіндіріңіз және «иммобилиздеу»түсінігінің ресми түрінде пайда болуын қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілердің пайдалану тиімділігін дәлелденіз.
- •Биообъектілердің иммобилиздеуінің негізгі әдістерін атап көрсетіңіз.
- •Микроорганизм клеткаларының физикалық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің адсорбциялық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Адсорбциялық иммобилиздеу әдістерінің артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.
- •Биобъектілердің мембраналық иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің иммобилиздеунің химиялық әдісін сипаттаныз және «тасымалдаушы-клетка» арасындағы түзілген байланысының схемасын келтіріңіз.
- •Биообъекттілерді жартылай өткізгіш мембраналар түтікше түрінде және микрокапсулдау иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биологиялық объектілердің микрокапсулдау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •Белсендірілген көмірдің маңыздылығын, құрылымын және алу жолдарын қарастырыңыз.
- •Фермент препараттарын нан пісіруінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Ет өнеркәсібінде ферменттердің қолдануын сипаттаңыз.
- •Ферменттердің ауыл-шаруашылығындағы қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің медицинада қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің кондитер өндірісінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Физиологиялық ерітінді, дистилген және құбыр суы, құрамын, айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Микроб популяцияның өсу сызығына сипаттама беріңіз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне арналған органикалық және бейорганикалық тасмалдаушыларды салыстырмалы қарастырыңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушы түрлерін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне кен қолданатын жасанды және табиғи органикалық тасмалдаушыларға сипаттама беріңіз.
- •Гетерогенді биокатализде байланыстыру сайты түсінігін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарын қарастырыңыз.
- •Тасмалдаушылар ретінде қолданатын табиғи және жасанды полимерлердің негізгі топтарының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріңіз.
- •"Белсенді лай" құрамын, иммобилдеу әдісін сипаттаңыз.
- •Биоремедиация ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
- •Мұнай қалдықтарымен ластанған аймақты биоремедиациялау үшін қолданылатын иммобилизденген биопрепараттарды қарастырыңыз.
- •Биоремедиацияда микроорганизмдерді қолдану.
- •Ластанған ағынды суларды аэробты және анаэробты жағдайда тазалауында қолданатын биореакторларға сипаттама беріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларының тегіс және саңылаулы тасмалдаушылар бетінде бекіну сызбасын көрсетіңіз.
- •Тұрмыстық ластанған ағынды суларды тазарту кешенінің негiзгi кезеңдерін ретімен келтіріңіз: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық.
- •Мұнаймен ластанған аймақтарының тазалау әдістеріне сипаттама беріңіз. Қолданылады.
- •Биотехнологиялық процестеріндегі гомо- және гетерогенді биокатализдеу процестерінің айырмашылығы және сызбасын көрсетіңіз.
- •Микроб клеткаларының агрегациялануы – иммобилиздеудің әдісі ретінде сипаттама берініз, флокула нұсқасын келтіріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларынының тасмалдаушылар беткі құрылымдарына қарай адсорбциялық иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биообьектілердің гельге еңгізу иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Иммобилизденген клеткалар арқылы l-аспарагин қышқылының алу жолдары: қолданатын микроб өкілдері, иммобилиздеу әдісі, алу жолының сызбасын келтіріңіз.
- •Ластанған ағынды суларды тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларды пайдалануын көрсетіңіз.
- •Ксенобиотиктердің микробиологиялық трансформация процестеріне сипаттама беріңіз.
- •Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ микрофлорасына сипаттама беріңіз.
- •Өнеркәсіптік ластанған суларды иммобилизденген микроб клеткаларымен тазалауын сипаттаңыз.
- •50. Ластанған ағынды суларды биологиялық тазалау жолдарын сипаттаңыз.
Микроорганизмдер клеткаларының тегіс және саңылаулы тасмалдаушылар бетінде бекіну сызбасын көрсетіңіз.
Саңылаулы тасымалдаушыда немесе тасымалдаушының бетінде клетка бекінуі.
Агрегациялау - тaсымaлдaушының рөлiн клеткaлaрдың өзi oрындaйды, микрooргaнизмдердiң бір-біріне бекініп aглoмерaттaр (флокулалар) түзеді.
Тасымалдаушының бекінген беті немесе беттік бөлігі сыртқы ортамен (сұйық немесе газтәрізді) еркін ауысады «жуылады»; микроорганизмнің тіршілігіне қажетті қорек тұтынуы және метаболиттердің бөлінуі биологиялық факторлармен анықталынады, қолданылатын нақты штамның функциональдық мүмкіндіктеріне байланысты. Берілген нұсқада
Тұрмыстық ластанған ағынды суларды тазарту кешенінің негiзгi кезеңдерін ретімен келтіріңіз: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық.
Ағынды суларды тазарту кешенді көп кезеңді үрдіс, келесі кезеңдер:
– Механикалық тазарту: түрлі торлар аркылы сүзу;
– Физикалық тазарту: құмүстағыштар арқылы ірі бөлшектерін түндыру, майлар флотациясы;
Механикалык және физикалық өндеу нәтижесінде ағын сулардан жалпы ластануы 30%-ға жуығы жойылады;
– Биологиялық тазарту: белсенді лай арқылы органикалык ластанудын ыдырауы;
– Физикалық тазарту: аэротенкте тазарылған судан белсенді лайді тұндыру;
– Биологиялық тазарту: қалдық азот және фосфордан толық тазарту - өсімдіктер, микробалдырлар және микробтар арқылы жүзеге асады
– Химиялык тазарту: ағынды сулардан фосфаттарды темір мен алюминий (ҒеР04, АlР04) түздарының көмегімен алып тастау.
Ластанған ағынды суларды тазарту құрылғыларының принципиальды схемасы
1 - Құмсүзгіштер;
2 – біріншілік жинақтағыштар;
3 - аэротенк;
4 –екіншілік жинақтағыштар;
5 – биологиялық тоғандар;
6 - сәулелендіру;
7 – реагентті өңдеу;
8 - метатенк;
АИ - активті ил (белсенді лай)
Мұнаймен ластанған аймақтарының тазалау әдістеріне сипаттама беріңіз. Қолданылады.
Қазіргі заманғы әлемде мұнай дүниежүзіндегі негізгі және қажет етілетін энергия көздерінің бірі болып табылады. Ластанған табиғи объектілерден бөлініп шығарылған, мұнай тотықтырушы микроорганизмдердің жоғары нәтижелі штаммдарын қолдануға негізделген, жердің құнарлылығын қалпына келтірудің қазіргі заманғы микробиологиялық әдісі әлемдік практикада кеңінен қолданылады. Мұнаймен ластанған жер қыртыстарын тазартудың нәтижелілігіне әсер ететін аса маңызды факторлар қолданылатын өңірдің түрлі физикалық- химиялық ерекшеліктерін ескере отырып, аборигендік мұнай тотықтырушы микроорганизмдердің тұрақты қауымдастығын құру болып табылады.
Тұндыру-әр түрлі тығыздықтың әсерімен май бөлшектерінің өздігінен бөлінуі.Мұнай өнімдерінің бөлшектері суда су бетіндегі ауырлық күшінің әсерімен 2-3 мкм өлшеміндегі сфералық формаға ие болады. Дисперстік деңгейі-бөлшектің өлшеміне кері көлем. Дисперстіктің деңгейі жоғары болған сайын сарқынды судағы мұнай өнімдері бөлшектері соншалықты кіші болады.Тұндыру үшін мұнай ұстағыштар пайдаланылады.
Биотехнологиялық процестеріндегі гомо- және гетерогенді биокатализдеу процестерінің айырмашылығы және сызбасын көрсетіңіз.
Биокатализаторлар – биохимиялық процесстер жылдамдататын биологиялық объектілер, бірақ реакция барысында өзгермейді. Сондай заттардың әсерінен реакциялардың жылдамдықтары өзгеру құбылысы биокатализ деп аталады.
Гомогенді биокатализ - катализатор және субстрат (реакцияға түсетін заттар) бір фазалық жағдайда болады - (сұйық/коллоид ерітінділер) бос клеткалар және ферменттер.
Гетерогенді биокатализ - катализатор және субстрат екі түрлі фазалық жағдайда кездеседі, биообъектілер қатты тасмалдаушыға бекінеді, ал субстрат сұйық күйде.
Гетерогенді биокатализде катализденетін процестің түріне қарай:
1. биокатализаторлар – егер жүйе клетка/фермент- тасмалдаушы қандай да бір биохимиялық процесті катализдесе;
2.биосорбенттер – клеткалар арқылы түрлі қосылыстарды жинақтау (өнеркәсіп орындарының ағынды суларынан металдардың сорбциясы) қоймаларды тазарту немесе таза металдар алу технологиясы;
3.биодеструкторлар – мұнай, мұнай өнімдерін және басқа да ксенобиотиктердің ферментативті тотықтыру процесіндегі объектілер.
