
- •Биотехнологияның негізгі бағыттарына, «Инженерлік энзимология» курсының объектілері мен міндеттеріне және мақсаттарына сипаттама беріңіз.
- •Ферменттерге жалпы сипаттама беріңіз, классификациясын қарастырыңыз.
- •Биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз, инокулят дайындау кезенін және ферментацияға қосылатын мөлшерін қарастырыңыз.
- •Ферменттердің көздерін, қолдану тиімділігін қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілер туралы бірінші жұмыстарды қарастырыңыз.
- •«Адгезия», «адсорбция», «иммобилизация» терминдерінің айырмашылығын түсіндіріңіз және «иммобилиздеу»түсінігінің ресми түрінде пайда болуын қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілердің пайдалану тиімділігін дәлелденіз.
- •Биообъектілердің иммобилиздеуінің негізгі әдістерін атап көрсетіңіз.
- •Микроорганизм клеткаларының физикалық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің адсорбциялық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Адсорбциялық иммобилиздеу әдістерінің артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.
- •Биобъектілердің мембраналық иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің иммобилиздеунің химиялық әдісін сипаттаныз және «тасымалдаушы-клетка» арасындағы түзілген байланысының схемасын келтіріңіз.
- •Биообъекттілерді жартылай өткізгіш мембраналар түтікше түрінде және микрокапсулдау иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биологиялық объектілердің микрокапсулдау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •Белсендірілген көмірдің маңыздылығын, құрылымын және алу жолдарын қарастырыңыз.
- •Фермент препараттарын нан пісіруінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Ет өнеркәсібінде ферменттердің қолдануын сипаттаңыз.
- •Ферменттердің ауыл-шаруашылығындағы қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің медицинада қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің кондитер өндірісінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Физиологиялық ерітінді, дистилген және құбыр суы, құрамын, айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Микроб популяцияның өсу сызығына сипаттама беріңіз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне арналған органикалық және бейорганикалық тасмалдаушыларды салыстырмалы қарастырыңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушы түрлерін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне кен қолданатын жасанды және табиғи органикалық тасмалдаушыларға сипаттама беріңіз.
- •Гетерогенді биокатализде байланыстыру сайты түсінігін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарын қарастырыңыз.
- •Тасмалдаушылар ретінде қолданатын табиғи және жасанды полимерлердің негізгі топтарының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріңіз.
- •"Белсенді лай" құрамын, иммобилдеу әдісін сипаттаңыз.
- •Биоремедиация ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
- •Мұнай қалдықтарымен ластанған аймақты биоремедиациялау үшін қолданылатын иммобилизденген биопрепараттарды қарастырыңыз.
- •Биоремедиацияда микроорганизмдерді қолдану.
- •Ластанған ағынды суларды аэробты және анаэробты жағдайда тазалауында қолданатын биореакторларға сипаттама беріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларының тегіс және саңылаулы тасмалдаушылар бетінде бекіну сызбасын көрсетіңіз.
- •Тұрмыстық ластанған ағынды суларды тазарту кешенінің негiзгi кезеңдерін ретімен келтіріңіз: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық.
- •Мұнаймен ластанған аймақтарының тазалау әдістеріне сипаттама беріңіз. Қолданылады.
- •Биотехнологиялық процестеріндегі гомо- және гетерогенді биокатализдеу процестерінің айырмашылығы және сызбасын көрсетіңіз.
- •Микроб клеткаларының агрегациялануы – иммобилиздеудің әдісі ретінде сипаттама берініз, флокула нұсқасын келтіріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларынының тасмалдаушылар беткі құрылымдарына қарай адсорбциялық иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биообьектілердің гельге еңгізу иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Иммобилизденген клеткалар арқылы l-аспарагин қышқылының алу жолдары: қолданатын микроб өкілдері, иммобилиздеу әдісі, алу жолының сызбасын келтіріңіз.
- •Ластанған ағынды суларды тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларды пайдалануын көрсетіңіз.
- •Ксенобиотиктердің микробиологиялық трансформация процестеріне сипаттама беріңіз.
- •Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ микрофлорасына сипаттама беріңіз.
- •Өнеркәсіптік ластанған суларды иммобилизденген микроб клеткаларымен тазалауын сипаттаңыз.
- •50. Ластанған ағынды суларды биологиялық тазалау жолдарын сипаттаңыз.
Тасмалдаушылар ретінде қолданатын табиғи және жасанды полимерлердің негізгі топтарының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріңіз.
Тасымалдағыш ретінде табиғи полимерлердің артықшылықтары:
•қолжетімділігі;
• функционалды топтың реакционды-қабілеттілігі;
•жоғары гидрофилділігі.
Табиғи полимерлердің кемшіліктері:
- Микроорганизм әсеріне тұрақсыздығы –жоғары бағалануы.
Синтетикалық полимерлі тасымалдағыштар коваленттермен, ферменттердің сорбциялық иммобилизациясы үшін пайдаланып, гель мен микрокапсула алуда қолданады.
Көптеген полимерлі тасымалдаушылардың кемшіліктері:
- Организмге жинақталу қабілеттілігі.
Сондықтан дәрілік препараттардың құрамына көбнесе декстран, ал синтетикалық тасымалдаушылардан -N-винилпирролидон негізіндегі полимерлер жатады.
"Белсенді лай" құрамын, иммобилдеу әдісін сипаттаңыз.
Белсенді лайдың қанағаттанарлық әрекетін қамтамасыз ету, аэротенктерде оның ісінуін және жақсы қышқылдатқыш қасиеттерін ұстау үшін лайды химиялық мутагендермен ұдайы үш айда бір реттен сирек емес өңдеу қажет. Мутагенез – белсенді лайдың бактерияларында мутациялық өзгермелікті басқарудың тиімді әдісі, ол гетертрофтық микрофлораның генетикалық аппаратына қатты ширықтырып әсер ету жолымен бактериялық таралымның жаңа модификацияларын жасауға мүмкіндік береді. Белсенді лайда неше түрлі генетикалық материал бар, оны индуциялау гетертрофтық микрофлораның сан алуан генетикалық түрлерін алуға мүмкіндік береді, бұл ретте осылайша алынған бактериялардың индуцияланған түрлері әдеттегі аборигенді бактериялар төзімді болмаған ортаның сол экологиялық параметрлеріне сәйкес келетін болады. Химиялық мутагендермен өңдеу нәтижесінде белсенді лайда субстраттардың, тосиканттардың жоғары құрамына бейімделген бактериялар, әртүрлі ферменттерді синтездеудің және биомассасын көбейтудің белсенді қабілетіне ие бактериялар қалыптасады.Екінші сатылы тұндырғыштар аэротенкпен тазарған су арқылы түсетін белсенді лайды болмаса биологиялық сүзгіштерден түсетін биологиялық үлпекті тоқтату үшін қызмет етеді. Екінші сатылы тұндырғыштар тік, көлденең және радиалды болады. Өткізу мүмкіншілігі ықшам тазарту станцияларда тік, ал үлкен және орташа станцияларда көлденең және радиалды екінші сатылы тұндырғыштар пайдаланылады. Тік екінші сатылы тұндырғыштардың конструкциясы бірінші сатылы тұндырғыштардан айнымайды, бірақ, биіктігі төмендеу болады. Екінші сатылы тұндырғыштарда тұнған белсенді лайдың ылғалдылығы 99,2 - 99,5% болады. Бұл лайдың негізгі бөлігі регенерацияға түсіп қайтадан аэротенкке беріледі - бұл лай рециркуляциялы лай деп аталады. Микроорганизмдердің қызмет ету нәтижесінде белсенді лайдың массасы үздіксіз көбейгендіктен артық белсенді лай пайда болады. Бұны рециркуляциялы лайдан бөліп келесі өңдеу ғимаратына (метантенкке, сусыздандыратын қондырғыға және ауылшаруашылықта пайдалану үшін) жібереді.
Биоремедиация ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
Биоремедиация – метаболиттік потенциладағы биологиялық объектілер – өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жәндіктер, құрттар және т.б. организмдерді пайдалана отырып, су, топырақ және ауаны тазалаудың комплексті әдісі.
Биоремедиация ( лат. био – тіршілік, ре – қалпына келтіру медио – орта) — биологиялық обьектілердің метаболитикалық потенциалын қолданып, суды, топырақты, атмосфераны ластаушылардан тазалау әдісінің комплексі.
Биоремедиация - биологиялық объектілердің (микрорганизмдер, өсімдіктер, шұбалшандар) метаболитті потенциалын қолдана отырып, суларды, топырақтарды, атмосфераны тазалау әдістерінің кешені.
Биоремедиация – қоқыс өңдейтін орындарда немесе ластанған ортада жиналатын химиялық улы қалдық заттарын, түрлі ксенобиотиктермен ластанған топырақ және суларды тазалауында, қауіпсіз немесе қауіпсіздігі төмендетілген заттарға айналдыру мақсатында биологиялық объктілерді пайдалануы.
Топырақтағы биоремедиация:
Биостимуляция – ластану аймағындағы аборигенді микрофлора дамуын стимулдеу;
Биотолықтыру – ластану деградациясына қабілетті микроорганизмдер биопрепараттарын топырққа енгізу;
Фитостимуляция – ризосферм микроорганизмдерін өсуін стимулдеу үшін өсімдіктерді пайдалану.
Биоремедиацияның артықшылықтары:
Ремедиацияны in city жағдайда жүргізу;
Әдіс қоршаған ортаға қауіпсіздігі;
Тазарту жұмыстарының арзандылығы;
Тазарту процесінің мониторингі;
Қалдықтарды пайдалану тәсілінің түрлерін суреттеңіз. Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістікжарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады.
Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.