- •Биотехнологияның негізгі бағыттарына, «Инженерлік энзимология» курсының объектілері мен міндеттеріне және мақсаттарына сипаттама беріңіз.
- •Ферменттерге жалпы сипаттама беріңіз, классификациясын қарастырыңыз.
- •Биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз, инокулят дайындау кезенін және ферментацияға қосылатын мөлшерін қарастырыңыз.
- •Ферменттердің көздерін, қолдану тиімділігін қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілер туралы бірінші жұмыстарды қарастырыңыз.
- •«Адгезия», «адсорбция», «иммобилизация» терминдерінің айырмашылығын түсіндіріңіз және «иммобилиздеу»түсінігінің ресми түрінде пайда болуын қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілердің пайдалану тиімділігін дәлелденіз.
- •Биообъектілердің иммобилиздеуінің негізгі әдістерін атап көрсетіңіз.
- •Микроорганизм клеткаларының физикалық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің адсорбциялық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Адсорбциялық иммобилиздеу әдістерінің артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.
- •Биобъектілердің мембраналық иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің иммобилиздеунің химиялық әдісін сипаттаныз және «тасымалдаушы-клетка» арасындағы түзілген байланысының схемасын келтіріңіз.
- •Биообъекттілерді жартылай өткізгіш мембраналар түтікше түрінде және микрокапсулдау иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биологиялық объектілердің микрокапсулдау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •Белсендірілген көмірдің маңыздылығын, құрылымын және алу жолдарын қарастырыңыз.
- •Фермент препараттарын нан пісіруінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Ет өнеркәсібінде ферменттердің қолдануын сипаттаңыз.
- •Ферменттердің ауыл-шаруашылығындағы қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің медицинада қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің кондитер өндірісінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Физиологиялық ерітінді, дистилген және құбыр суы, құрамын, айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Микроб популяцияның өсу сызығына сипаттама беріңіз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне арналған органикалық және бейорганикалық тасмалдаушыларды салыстырмалы қарастырыңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушы түрлерін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне кен қолданатын жасанды және табиғи органикалық тасмалдаушыларға сипаттама беріңіз.
- •Гетерогенді биокатализде байланыстыру сайты түсінігін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарын қарастырыңыз.
- •Тасмалдаушылар ретінде қолданатын табиғи және жасанды полимерлердің негізгі топтарының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріңіз.
- •"Белсенді лай" құрамын, иммобилдеу әдісін сипаттаңыз.
- •Биоремедиация ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
- •Мұнай қалдықтарымен ластанған аймақты биоремедиациялау үшін қолданылатын иммобилизденген биопрепараттарды қарастырыңыз.
- •Биоремедиацияда микроорганизмдерді қолдану.
- •Ластанған ағынды суларды аэробты және анаэробты жағдайда тазалауында қолданатын биореакторларға сипаттама беріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларының тегіс және саңылаулы тасмалдаушылар бетінде бекіну сызбасын көрсетіңіз.
- •Тұрмыстық ластанған ағынды суларды тазарту кешенінің негiзгi кезеңдерін ретімен келтіріңіз: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық.
- •Мұнаймен ластанған аймақтарының тазалау әдістеріне сипаттама беріңіз. Қолданылады.
- •Биотехнологиялық процестеріндегі гомо- және гетерогенді биокатализдеу процестерінің айырмашылығы және сызбасын көрсетіңіз.
- •Микроб клеткаларының агрегациялануы – иммобилиздеудің әдісі ретінде сипаттама берініз, флокула нұсқасын келтіріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларынының тасмалдаушылар беткі құрылымдарына қарай адсорбциялық иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биообьектілердің гельге еңгізу иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Иммобилизденген клеткалар арқылы l-аспарагин қышқылының алу жолдары: қолданатын микроб өкілдері, иммобилиздеу әдісі, алу жолының сызбасын келтіріңіз.
- •Ластанған ағынды суларды тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларды пайдалануын көрсетіңіз.
- •Ксенобиотиктердің микробиологиялық трансформация процестеріне сипаттама беріңіз.
- •Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ микрофлорасына сипаттама беріңіз.
- •Өнеркәсіптік ластанған суларды иммобилизденген микроб клеткаларымен тазалауын сипаттаңыз.
- •50. Ластанған ағынды суларды биологиялық тазалау жолдарын сипаттаңыз.
Биообъектілер иммобилиздеуіне арналған органикалық және бейорганикалық тасмалдаушыларды салыстырмалы қарастырыңыз.
Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушы түрлерін сипаттаңыз.
Табиғи полимерлердің органикалық тасымалдаушыларын биохимиялық классификациясына қарай 3 топқа бөледі:
• полисахаридті,
• ақуызды
• липидті.
Синтетикалық полимерлер химиялық құрылымына қарай негізгі тізбекті макромолекуласын мынадай топтарға бөлуге болады: полиметиленді, полиамидті, полиэфирлі.
Синтетикалық полимерлі тасымалдағыштар коваленттермен, ферменттердің сорбциялық иммобилизациясы үшін пайдаланып, гель мен микрокапсула алуда қолданады. Полимерлер макро-, мезо-, сонымен қатар, микро- саңылаулы құрылымға ие. Полимерлі гидрофильді тасымалдаушылар алуда акриламид – өндірістік акрилді қышқыл кең пайдаланады.
Фермент пен клетканы полиакриламид гельде алу әдісі кең таралған, кеңістіктің торлы құрылымына ие. Химиялық әсерге тұрақты.
Биообъектілер иммобилиздеуіне кен қолданатын жасанды және табиғи органикалық тасмалдаушыларға сипаттама беріңіз.
Целлюлоза - табиғи полимерлі полисахарид, көмірсу класына жатқызылады. Өсімдік клеткасының тірек ұлпасынан құралған берік талшықты заттар, гидрофильді, көптеген гидроксильді топтардан тұрады, бұл топтарды араластыру арқылы модифицерлей алады.
Целлюлозаның механикалық беріктілігін жоғарлату үшін гидолиза жолымен түйіршіктейді, нәтижесінде аморфты аймақтары бұзылады. Олардың орнына кристалды аймақтарын химиялық тігіліп, саңылаулығын сақтайды.
Декстран негізіндегі тасымалдаушылар кең пайдаланады, мысалы, «сефадекс» атаулы тасымалдаушы. Кептіру кезінде еркін жиырылады, сулы ертіндіде қатты үрленеді. Декстран тобына крахмал кіреді. Формальдегид сияқтылармен химиялық модифицирленген крахмал агенттермен тігіледі. Мұндай жолмен ерінді крахмал алынады, ферментпен, гидролиз қатынасында жоғары тұрақтылыққа ие.
Агар – қанағаттандыратын тасымалдаушы. Оның қасиеті химиялық тігуден кейін жақсарады, мысалы, диэпоксидті байланыстар. Мұндай агар - берік, қыздыруға төзімді, оңай модифицирленеді.
Гетерогенді биокатализде байланыстыру сайты түсінігін сипаттаңыз.
Гетерогенді биокатализ - катализатор және субстрат екі түрлі фазалық жағдайда кездеседі, биообъектілер қатты тасмалдаушыға бекінеді, ал субстрат сүйақ күйде.
Гетерогенді биокатализде катализденетін процестің түріне қарай:
1. биокатализаторлар – егер жүйе клетка/фермент-тасмалдаушы қандай да бір биохимиялық процесті катализдесе;
2.биосорбенттер – клеткалар арқылы түрлі қосылыстарды жинақтау (өнеркәсіп орындарының ағынды суларынан металдардың сорбциясы) қоймаларды тазарту немесе таза металдар алу технологиясы;
3.биодеструкторлар – мұнай, мұнай өнімдерін және басқа да ксенобиотиктердің ферментативті тотықтыру процесіндегі объектілер;
Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарын қарастырыңыз.
1.Жеңіл активация (микроорганизм клетка беттерімен сорбенттердің өзара әсері тұрақты байланысты түзу қажет);
2. фермент/клетка үшін субстратты, массаны - және газ алмасудың диффузды қол жетімділігі;
3. Беттік тасымалдаушының саңылаулығы;
4. Микроорганизм клеткасына тасымалдаушылар токсикалық әсер етпеу қажет (клетка және микроб метобализміндегі алдағы толық өнімді алу үшін тасымалдаушы инертті зат болған жөн);
5. тасымалдаушы ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ болған жөн, технологиялық жүктемеге қабілеттілігі (араластыру, ортаны дақылдауға әсері – жоғары химиялық және биологиялық табандылық) және форманы (гранула, мембрана) технологиялық қатынаста ынғайлы түрде алуға мүмкіншілігі;
6. тасымалдаушының арзандылығы (нысанның толықтай қатысы).
