
- •Биотехнологияның негізгі бағыттарына, «Инженерлік энзимология» курсының объектілері мен міндеттеріне және мақсаттарына сипаттама беріңіз.
- •Ферменттерге жалпы сипаттама беріңіз, классификациясын қарастырыңыз.
- •Биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз, инокулят дайындау кезенін және ферментацияға қосылатын мөлшерін қарастырыңыз.
- •Ферменттердің көздерін, қолдану тиімділігін қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілер туралы бірінші жұмыстарды қарастырыңыз.
- •«Адгезия», «адсорбция», «иммобилизация» терминдерінің айырмашылығын түсіндіріңіз және «иммобилиздеу»түсінігінің ресми түрінде пайда болуын қарастырыңыз.
- •Иммобилизденген биообъектілердің пайдалану тиімділігін дәлелденіз.
- •Биообъектілердің иммобилиздеуінің негізгі әдістерін атап көрсетіңіз.
- •Микроорганизм клеткаларының физикалық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің адсорбциялық иммобилиздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Адсорбциялық иммобилиздеу әдістерінің артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.
- •Биобъектілердің мембраналық иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Биологиялық обьектілердің иммобилиздеунің химиялық әдісін сипаттаныз және «тасымалдаушы-клетка» арасындағы түзілген байланысының схемасын келтіріңіз.
- •Биообъекттілерді жартылай өткізгіш мембраналар түтікше түрінде және микрокапсулдау иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биологиялық объектілердің микрокапсулдау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •Белсендірілген көмірдің маңыздылығын, құрылымын және алу жолдарын қарастырыңыз.
- •Фермент препараттарын нан пісіруінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Ет өнеркәсібінде ферменттердің қолдануын сипаттаңыз.
- •Ферменттердің ауыл-шаруашылығындағы қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің медицинада қолданатын бағыттары.
- •Ферменттердің кондитер өндірісінде қолдануын сипаттаңыз.
- •Физиологиялық ерітінді, дистилген және құбыр суы, құрамын, айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Микроб популяцияның өсу сызығына сипаттама беріңіз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне арналған органикалық және бейорганикалық тасмалдаушыларды салыстырмалы қарастырыңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушы түрлерін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне кен қолданатын жасанды және табиғи органикалық тасмалдаушыларға сипаттама беріңіз.
- •Гетерогенді биокатализде байланыстыру сайты түсінігін сипаттаңыз.
- •Биообъектілер иммобилиздеуіне қолданатын тасмалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарын қарастырыңыз.
- •Тасмалдаушылар ретінде қолданатын табиғи және жасанды полимерлердің негізгі топтарының артықшылықтарын және кемшіліктерін келтіріңіз.
- •"Белсенді лай" құрамын, иммобилдеу әдісін сипаттаңыз.
- •Биоремедиация ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
- •Мұнай қалдықтарымен ластанған аймақты биоремедиациялау үшін қолданылатын иммобилизденген биопрепараттарды қарастырыңыз.
- •Биоремедиацияда микроорганизмдерді қолдану.
- •Ластанған ағынды суларды аэробты және анаэробты жағдайда тазалауында қолданатын биореакторларға сипаттама беріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларының тегіс және саңылаулы тасмалдаушылар бетінде бекіну сызбасын көрсетіңіз.
- •Тұрмыстық ластанған ағынды суларды тазарту кешенінің негiзгi кезеңдерін ретімен келтіріңіз: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық.
- •Мұнаймен ластанған аймақтарының тазалау әдістеріне сипаттама беріңіз. Қолданылады.
- •Биотехнологиялық процестеріндегі гомо- және гетерогенді биокатализдеу процестерінің айырмашылығы және сызбасын көрсетіңіз.
- •Микроб клеткаларының агрегациялануы – иммобилиздеудің әдісі ретінде сипаттама берініз, флокула нұсқасын келтіріңіз.
- •Микроорганизмдер клеткаларынының тасмалдаушылар беткі құрылымдарына қарай адсорбциялық иммобилиздеу сызбаларын көрсетіңіз.
- •Биообьектілердің гельге еңгізу иммобилиздеу әдісін сипаттаныз және сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •Иммобилизденген клеткалар арқылы l-аспарагин қышқылының алу жолдары: қолданатын микроб өкілдері, иммобилиздеу әдісі, алу жолының сызбасын келтіріңіз.
- •Ластанған ағынды суларды тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларды пайдалануын көрсетіңіз.
- •Ксенобиотиктердің микробиологиялық трансформация процестеріне сипаттама беріңіз.
- •Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ микрофлорасына сипаттама беріңіз.
- •Өнеркәсіптік ластанған суларды иммобилизденген микроб клеткаларымен тазалауын сипаттаңыз.
- •50. Ластанған ағынды суларды биологиялық тазалау жолдарын сипаттаңыз.
Биотехнологияның негізгі бағыттарына, «Инженерлік энзимология» курсының объектілері мен міндеттеріне және мақсаттарына сипаттама беріңіз.
Биотехнология бағыттары: 1. Өңдірістік микробиология;2. Медициналық биотехнология;3. Технологиялық биоэнергетика,4. Ауыл-шаруашылық биотехнология; 5. Биогидрометаллургия;6. Инженерлік энзимология;7. Клеткалық және генетикалық инженерия;8. Экологиялық биотехнология. Инженерлік энзимология – ферменттерді өнеркәсіптік технологияларда қолдануында негізделген биотехнологиялық сала. Қазіргі биотехнологияларды дамытуда иммобилизденгенэнзимдерді алу түбегейлі қадам болды. Энзимдерді азық-түлік өнеркәсіптік технологиялық процестерде кенінең қолданады:глюкоза-фруктозалық сироп алуында, крахмалдан глюкоза алу үшін, сүттің сапасын жақсартуда және басқа бір қатар өндірістерде. Биообъект бұл жерде – микроорганизмдердің фермент/комплекс ферменттердің, жеке торшаның.Инженерлік энзимологияның міндеттері-клеткадан бөлініп алынған немесе онда орналасқан ферменттер мен полиферменттік жүйелердің негізінде белсенді органикалық биокатализаторларды алу. Пәннің мақсаты: Түрлі тасымалдаушыларға микроорганизм клеткалары және ферменттердің бекіну (иммобилдеу) тәсілдерің қарастыру; иммобилденген биокатализаторлардың физиологиялық ерекшіліктерін игеру;Иммобилденген ферменттер және микроб клеткаларды өніркәсіптік қолдану орның білу.
Ферменттерге жалпы сипаттама беріңіз, классификациясын қарастырыңыз.
Ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу жүрер еді. Ферменттер - ағзада жүретін биохимиялық реакцияларды, сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар, катализатор ретінде әсер ететін белоктік қосынды.Ферменттер көзі - өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер клеткалары. Фермент қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған байланысты ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды. Фермент маңыздылығы.Фермент (лат.т. Fermentum - ашу деген мағынабілдіреді). Энзим (грек т. enzym, en - ішкі, zyme - ашыту)деген сөз де қолданылады1961 жылы ферменттердің ғылыми негізде құралған жаңа классификациясы жасалды. Осы классификациябойынша, барлық ферменттер 6 класқа бөлінеді:Тотығу-тотықсыздану ферменттері,Трансферазалар,Гидролазалар,Лиазалар,Изомеразалар,Лигазалар (синтетазалар). Ферменттер белок тектес заттар болғандықтан белоктарды бөліп алу әдістерін ферменттерге де қолданылады - диализ, тұндыру, хроматография, электрофорез.)Ферменттер қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді.Қарапайым ферменттердің молекуласы тек қана белоктардан тұратын бір компонентті ғана болады (рибонуклеаза, пепсин, амилаза).Күрделі ферменттердің молекуласы 2 компоненттен тұрады. Белоктық бөлігін апофермент ал белоксыз бөлігін кофермент деп атайды. Биохимиялық реакцияларда коферменттер 2 түрлі қызмет атқарады: олар ферменттің активті орталығын қалыптастырады.жекелеген атомдарды бір субстраттан екіншісіне тасымалдауға қатысады. XIX ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (өт-амилаза, қарын сөлінен-пепсин, т.б.) бөлініп алынды. Сөйтіп, катализ және катализаторлар жөніндегі ілім жарыққа шықты.Жалпы өндірістерде ферменттерді қолданудың көптеген тиімділігі бар.Экономикалық маңызды заттар алу үшін, өнім беретін клеткалар мен ұлпаларды өндіріс жағдайында өсіру -биотехнологияның жаңа бағыты. Егер дәстүрлі биотехнологияда құнды биологиялық активті заттар алу үшін тұтас организмдерді: микроорганизмдер, жануарлар, өсімдіктер пайдаланылып келсе, ал қазіргі биотехнология - клеткалық биотехнологияға бағытталған, тап осы жағдайда өсімдіктердің бос және орнықтырылған (иммобилденген) клеткаларын жасанды ортада өсіруге негізделген. Қоректік ортада өскен клеткалардың ферменттері қатысуымен арзан және қоры мол бастапқы заттардан биологиялық активті қосылыстарды синтездеуге болады, бұл процессті биотрансформация деп атайды.Қазір ферменттерді кеңінен қолданып отырған елдер: Жапония, АҚШ, Англия, Чехословакия, Голландия, Германия, Қытай. Жапонияда ферменттерді қолданудың қарқындап дамуы соншалық, одан түсетін табыс ұлттық бюджеттің 20%-на тең келеді.Ферменттер халық шаруашылығының нан пісіру саласында да өз тиімділігін дәлелдеп жүр. Мысалы, бір тонна қамырға небәрі 300 грамдай фермент қосқанда оның қабаруы анағұрлым артады, нанның иісі, дәмі жақсарып, шапшаң пісетін болады. Ферментті препараттар қамырдың ашуын тездету арқылы нан пісіруге кететін уақытты 25%-ға дейін қысқартады. Демек, осы үнемделген уақыт ішінде тағы да бірнеше мыңдаған тонна нан өндіруге болады.