Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
косылган билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.98 Кб
Скачать

8 Билет

Суды залалсыздандыру

Бактериялардың көбі суды тұндырғанда жəне сүзгенде қалқыма заттармен бірге ұсталып əкетіледі. Қалған бактерия мен микроорганизмдерді жою үшін суды зарарсыздандыру əдістерін қолданады. Суды зарасыздандыру əдістеріне əдістеріне хлорлау, озондандыру, бактерия сəулесін түсіру жатады. Қазірше ең кең тараған хлорлау əдісі, ол үшін су тазарту станцияларында сұйық хлор жəне хлордың əгін пайдаланады. Хлордың əгін өнімділігі (3 000 м3/тəу) аз станцияларда қолданады.

Хлорландыру үшін хлорлы əк пен сұйық хлорды пайдаланады. Хлорлы əкті өнімділігі аз станцияларда қолданады.

Хлорландырғанда хлордың гидролиз нəтижесі арқылы хлорлы қышқылы мен тұз қышқылы пайда болады.

Cl2 + H2O = HOCl + HCl

Хлорлы қышқыл (HOCl) - тұрақсыз қоспа, оның диссоциациясы арқасында гипохлоридті ион (OCl) пайда болады. Бактерицидті əсер ететін осы хлорлы қышқыл мен гипохлоидті ион. Хлорландыру қажетті нəтижесіне жету үшін суға хлордың қосылғаннан кейін 30 минут өту керек. Сүзілген 1л суға 2-3 мг хлор қосады, ол сүзілмеген өзеннің 1л суына 5- 6 мг-ға дейін қосылады. Тұтынушыларға баратын судың 1литрінде 0,3-0,5 мг хлор қалу керек, оны қалдық хлор деп атайды. Озондандыру - бұл прогрестік əдістерге жататын шет елдерде кең қолданатын əдіс. Озонды (О3) озонатор атты қондырғыда озон мен ауаның қосындысы түрінде шығарады. Ол үшін озонаторға тазаланған жəне құрғатылған ауаны жіберіп, бұл ауадан электр разрядын өткізуде озон пайда болады. Суды залалсыздандыру үшін озонның мөлшері 1-2 мг/л-ге тең, ал су мен озонның қосылу уақыты 5-7 мин- ке тең болуы керек.

Бактерицид сəулесімен өңдеу. Бұл əдістің негізінде суды бактерицидті əсері бар ультракүлгін сəулемен залалсыздандыру жатады. Қазіргі уақытта өндірісте жоғары қысымды сынап - кварцты жəне төмен қысымды аргон- сынапты бактерицидті суды залалсыздандыруға қолданатын шамдар шығарады. Өңделетін су сəулесінің бактерицидтік əсері жақсы болу үшін мөлдір болғаны жөн. Электр энергиясының шығыны 10-30 Вт-сағ/м3-ке дейін. Залалсыздандыру құны хлорландыру құнынан аспайды. Бірақ жоғары лайлылығы мен түстілігі бар суларды зарарсыздандыруға пайдалануда, сосын су тарататын торапқа жіберуде қалдық хлорды қамту үшін қосымша хлорлау керек.

Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер

Əрбір су тазартатын станцияда құм кептіру алаңдары болуы қажет. Құм кептіру алаңдарының астында дренажды жүйелер орналастырылады. Алаңдарды тегістейді, жан-жағынан топырақтан үймелер жасайды. Алаңдар 2, 4, 6 - дана болады, ені жəне ұзындығы 10-15 м болады.

Құм алаңының ауданы

F= Wê*ì × 365/ (3 ÷ 5)

мұндағы 365- 1 жыл.

3÷5 - əрбір алаңның жылына 1 м2 түсетін жүктемесі. Құмның жалпы биіктігі жылына 3 метр.

Егерде лас суды тазартатын станциясындағы судың шығыны 75000 -ға дейін болса, онда құм ұстайтын бункерлерді орнатқан жөн.

9 Билет

Суды ауыр металл иондарымен залалсыздандыру Күміс немесе мыс иондарының өте үлкен емес мөлшері суды залалсыздандырады. . Залалсыздандырудың толықтығы үшін ұзақ экспозиция қажет. . Судың күміс иондарымен байытылуы бірнеше тәсілдермен жүреді:

- металдың дамыған бетімен судың әсерлесуі (түйісуі);

- тікелей суда күміс тұздарының еруімен ;

- электролитті .

2 Аэротенктер

Аэротенктердегі тазарту процесінің тиімділігіне, сапалық жағдайна жəне белсенді лайдың қышқылдану қабылетіне келесі жағдайлар əсер етеді: лас судың құрамы мен қасиеті, араласудың гидродинамикалық шарты, белсенді лайдың өмір сүру қабілеті, ғимараттағы оттегі режимі, ортаның температурасымен белсенді реакциясы, Аэротенктерде лас суды тазартудың негізгі схемалары. Лас суды тазарту негізгі технологиялық схемаларға бірінші сатылы аэротенктер, регенерациялық аэротенктер жəне екіншісатылы аэротенктер кіреді. Басқа ғимараттарға қарағанда бірінші сатылы аэротенктер пайдалануға қарапайым. Бірақ бірінші сатылы аэротенктерді келесі кемшіліктер бар. Бұндай аэротенктерде белсінді лайдың массасын ұағайту жолмен ағыстарды тазарту процесін күшейтуге болмайды. Технологиялық схеманың кемшілігі құрамында зиянқоспалары бар лас су түскен кезде, белсенді лай микроорганизмдерінің жұмыс істеу қызметі бұзылуы немесе өлуі мүмкін. Бірінші сатылы аэротенктерде лас судың БПК20 50-70%-ке төмендейді. Тұндырылғаннан кейін толық тазартылмаған ластанған су екінші сатылы аэротенкке терең тазартуға жіберіледі. Ластанған суды екінші сатылы аэротенктерде тазарту регенерациясыз жəне регенерациямен өндірілуі мүмкін. Ластанған суды тазалауға əр түрлі ағыс құрылымдары бар аэротенктер қолданылуы мүмкін.

Ағыстың құрылымы бойынша аэротенктер былай жіктеледі:

а) аэротенк-ығыстырғыштар. ластанған сумен белсенді тұнба аэротенктің басынан шоғырланып беріліп соңынан əкетіледі. Аэротенк-ығыстырғыштарда ластағыш заттардың концентрациясы дəліздің басында жоғары болғандықтан аэрациялау уақыты азаяды, тотығы жылдамдығы өседі. судың құрамы аэротенктің ұзындығымен өзгеруіне байланысты белсенді тұнбаның бейімделу уақыты жəне жұмыс өнімділігі баяулайды. аэротенктер аз ластанған қала немесе өндіріс суларын тазалауға қолданылады.

ə) аэротенк-араластырғыштар. ластанған сумен белсенді тұнбаның əкелуі жəне əкетіліу аэротенктің ұзын коридорында біркелкі болады жəне аэротенктегі лас сумен берілген лас су тегіс араласады. аэротенктер концентрациясы жоғары ластанған суларды тазартуға (ОБКт көрсеткіші 1000мг/л дейін болғанда), шығындары мен құрамы құбылмалы болған жағдайда қолданылады.

б) ластанған суды біркелкі бытыратып беретін аэротенктер. белсенді тұнба коридордың басына беріледі. Ластанған су аэротенктің коридорына бірнеше нүктеден біркелкібытыратып беріліп коридордың соңынан белсенді тұнбамен бірге шоғырланып əкетіледі .

в) ауаны дифференциалды бытыратып беретін аэротенктер. ауаны аэротенктің ұзын коридорына

дифференциалды таратып береді. Ластанған сумен белсенді тұнба аэротенктің басынан шоғырланып беріліп

соңынан əкетіледі. Ауаны аэротенктің коридорына дифференциалды бытыратып берудің техникалық қиындықтарына байланысты бұл түрі көп таралым алмаған.

г) ластанған суды біркелкісіз бытыратып беретін аэротенктер. Аэротенктің бұл түрінде белсенді тұнба шоғырланып дəліздің басынан беріледі, ал ластанған су аэротенктің дəлізіне бірнеше нүктеден біркелкісіз бытыратып беріліп соңынан əкетіледі.

Ионалмасу әдісі - ионалмасу әдісі суайналым циклымен істейтін өнеркәсіптердің ақаба суларындағы құнды компоненттерді байытуға және бөліп алуға жиі қолданылады. Бұл әдіс судың кермектілігін жоюға да қолданылады.