Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.97 Кб
Скачать

4 Адамныңтехникалық және қоғамдық қызметін деақпараттың берілуі, сақталуы және өңделуі

Ақпаратты өңдеу — бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен бір ақпараттық объектілерден екінші бір ақпараттық объектілерді алу .

Өңдеу ақпараттармен орындалатын операциялардың негізгілерінің бірі, және ақпараттар көлемін үлкейту мен түрлендіріудің басты құралы болып табылады.

Ақпараттарды өңдеу құралдары — бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер , және ең бірінші кезекте, компьютер — ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машина .

Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді.

Тірі ағзалар мен өсімдіктер ақпараттарды өздерінің мүшелері мен жүйелерінің көмегі арқылы өңдейді. не мысал келтіріңдер.

Қрғамды ақпараттандыру — ақпараттық ресурстарды жасақтау мен пайдалану негізінде, азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің жергілікті басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұраныстары мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін, тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс [53].

Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту .

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі әлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда және т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді.

Ақпараттық технология — бұл адамдардың ақпараттарды өңдеу үшін пайдаланатын әдістері мен құрылғыларының жиынтығы.

Ақпараттарды өңдеу үшін адамзат мыңдаған жылдар айналысты. Алғашқы ақпараттық технологиялар есептеулер мен жазуға негізделді. Осыдан елу жылдай бұрын бұл технологиялардың жылдам дамуы басталды, бұл бірінші кезекте компьютерлердің пайда болуымен байланысты еді.

Қазіргі кезеңде "ақпараттық технология" термині ақпараттарды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақпаратты технологиялар барлық есептегіш техникалар мен байланыс техникаларын және ішінара, — тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен радиотаратуды қамтиды.

Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, әртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы әйелдерге қызмет етеді.

Дамыған елдердің халқы ақпараттық технологияларды жетілдірудің қымбат және қиын, алайда маңызды екендігін сезінеді .

Қазіргі уақытта ірі масштаптағы ақпараттық-технологиялық жүйелерді құру экономикалық тұрғыдан мүмкін болып отыр, бұл оларды дайындауға бағытталған ұлттық зерттеу және білім беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды.

Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

  • мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

  • жарық немесе дыбыс сигналдары;

  • радиотолқындар;

  • электрлікжәне нервтік импульстер;

  • магниттікжазбалар;

  • ымдар мен қимылдар;

  • иістер мен дәм сезінулер;

  • ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар және т.б.

Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қаралатын нәрселер, үрдістер, материалдық немесе материалдық емес қасиеттері бар құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады.

Ақпарат қалай беріледі?

Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға кодталады. Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нәтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал пайда болады, осында коды шешіледі және қабылданған хабарламаға айналады.

 

Байланыс каналы

 

                    АҚПАРАТ КӨЗІ

-----------

ҚАБЫЛДАУШЫ                     

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]