- •1 Тұрмыстық, табиғи-ғылыми және техникалық мағыналарда “ақпарат” ұғымын қалай түсінеміз?
- •3 Берілген ақпараттардың- үздіксіз және дискретті қайсысын компьютерде қолданған тиімді және неліктен?
- •4 Адамныңтехникалық және қоғамдық қызметін деақпараттың берілуі, сақталуы және өңделуі
- •5 Алгоритмнің бағытталғандық (нәтижелілік) қасиеті нені білдіреді? Сандардың шексіз тізбектерін өңдеуді жобалайтын процедураларды алгоритм деп атай аламыз ба?
- •11 Компьютерлерді құрылымының ортақ принциптерін сипаттаңыз.
- •12 Қандай архитектуралар “фон-неймановский” деп аталады?
- •Принципы фон Неймана
- •13 Команданы өңдеу процесінің негізгі айналымын сипаттаңыз. Бағдарламаны орындауда процессор қалай кезекті команда таңдауды жүзеге асырады?
- •14 Кең тараған компьютерлік архитектураларды атаңыз. Классикалық архитектура несімен ерекшелінеді?
- •15 Компьютер шинасы. Ортақ шиналардың (магистраль) функциялары қандай?
- •16 Саналатын есептер сипаты компьютерлік архитектурамен қалай байланысты?
- •17 Орталық процессор қандай функцияларды жүзеге асырады?
- •18 Қазіргі микропроцессорлар қандай негізгі компоненттерді құрайды? Қазіргі микропроцессорлар конструктивті қалай істелінген?
- •19 Эем дегеніміз не? Оның бағыттары қандай? Статистикалық және динамикалық жадтардың айырмашылығы қандай?
- •Энтропия үшін әрқашан h(p) 0 Егер бір оқиғаның пайда болу ықтималдығы 1-ге тең болса, онда
- •20 Компьютераралық байланыстардың бағыты қандай? “Клиент-сервер” технологиясын сипаттаңыз.
- •21 Алгоритмнің бағытталғандық (нәтижелілік) қасиеті нені білдіреді? Сандардың шексіз тізбектерін өңдеуді жобалайтын процедураларды алгоритм деп атай аламыз ба?
- •22 Hardware аппаратурасының және компьютерді программалық қамтамасыз ету-Software-дің рөлә қандай?
- •23 Компьютер қызметінің принциі қандай?
- •24 Жадтың функциясын және процессор функциясын сипаттаңыз. Процессордың екі негізгі бөлігін атаңыз. Олардың бағыттары қандай?
- •25 Қандай ақпаратты текте команданың адресті бөлігі бола алады?
- •27 Көп процессорлы архитектураның өзіндік ерекшелігі қандай? Параллель процессорлы архитектуралар. Көп машиналы архитектуралар.
- •28 Жадтағы сандық өлшемдердің негізгі және туынды бірліктерін айтып шығыңыз. Компьютер жадының екі негізгі түрлерін атаңыз. Ішкі жадтың негізгі компоненттерін атаңыз.
- •29 Кэш жады. Оның негізгі бағыттары? Ол қалай жұмыс жасайды? Арнайы жад дегеніміз не? Оның негізгі түрлерін ата.
- •30 Контроллерлер мен адаптерлер дегеніміз не? Олардың айырмашылығы қандай?
- •31 Желілік тополпгиялардың негізгі түрлерін атаңыз. Желілік архитектуралар.
- •32 Мультимедия технологияларының негізгі түрлерін атаңыз. Мультимедия-бағдарламалар тарату үшін қандай ақпарат қолданылады? Мультимедия-қосымшаларды жасау құралдары?
- •33 Микросхемаларды жасау процесі қандай негізгі кезеңдерден тұрады? Қандай компьютерлерге интегралды схемаларды кең түрде қолдану тән?
- •34 Бағдарламаларды әзірлеу процесі қандай қызметтерден тұрады?
- •35 Растрлық және векторлық кестелердің негізгі ерекшелітері мен кемшіліктері.
- •36 Дисплей экранына сурет салудың принциптері? Түрлі түсті салу?
- •37 Компьютерлік кестенің дәстүрлі(традиционный) кестеден айырмашылығы неде?
- •39 Суперкомпьютерлік архитектура негізінде қандай идеялар дамуда? Суперкомпьютер мүмкіндіктері қандай максималды деңгейде жүзеге асады?
- •40 Компьютерде есеп шығарудың қандай негізгі сатылары бар? Компьютерсіз қандай компьютерде есеп шығару сатылары жүзеге асады?
33 Микросхемаларды жасау процесі қандай негізгі кезеңдерден тұрады? Қандай компьютерлерге интегралды схемаларды кең түрде қолдану тән?
34 Бағдарламаларды әзірлеу процесі қандай қызметтерден тұрады?
35 Растрлық және векторлық кестелердің негізгі ерекшелітері мен кемшіліктері.
Компьютерлік графиканың түрлері Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісівекторлық. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену, компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда. Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады. Қысқасы қарапайым тілмен айтқанда растрлык кескін компьютерге жазылғанда әр пикселдері жеке жеке сипатталып, анықталып жазылады. Яғни былай. Бірінші қатардағы бірітнші пиксел түсі қара, бірінші қатардағы екінші пикселдің түсі сары,… оныншы қатардағы оныншы пикселдің түсі ақ. Осылай осылай сурет толықтай біткенше сипатталады. Ал векторда сурет математикалық формулалар, кесінділер арқылы сипатталып жазылады. Яғни былай. Төрт бұрышты кескін, ұзындығы 10мм, ені 10мм, түсі қара. Өздеріңіз де байқаған шығарсыз векторлы кескінді сипаттап жазу әлдеқай оңайғ әрі қысқа. Сондықтан векторлы кескіннің салмағы да жеңіл, әрі оңай маштапталады.
