Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.97 Кб
Скачать

1 Тұрмыстық, табиғи-ғылыми және техникалық мағыналарда “ақпарат” ұғымын қалай түсінеміз?

Ақпарат – адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлде қашан өсімдіктермент ірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы адамдарынан бастап-ақақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттерде, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталарыда,ежелгі египеттіктердің абактастарымен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан.Бұлтерминнің кеңтарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда олинтуициялық болып келеді және оғана дамәрекетінің әртүрлі салаларында әртүрлі мағына беріледі.

Ақпараттың анықтамаларының көпболуы – бұлтүсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігі мен, ерекшелігімен және көптүрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпараттүсінігін айқындаудың кеңтаралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Біріншітеория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшеміретінде айқындайды. Ақпараткөлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алуықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермеседе, хабардыоң тайлы кодтаумен ақпаратты өлшеуге негіз болдыда, байланыс техникасымен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңыздықа касиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде – бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдапалу нәтижесі.

"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мәлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тән, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда және әртүрлі мағыналармен толығуда .

қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мәліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір әс-ірекеттер т.б. туралы. "Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нәрсені хабарлауды" білдіреді;

• техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;

• кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді әрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).

Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.

Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:

• Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);

• Ақпарат —бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);

• Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);

• Ақпарат — бұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);

• Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);

• Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом).

Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте дәл айқындап берді ,. Нақтырақ айтқанда:

Ақпарат — бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.

Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады.Хабарлама — бұл ақпараттардың әңгімелер, мәтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық мәліметтер, сызбалар, кестелер және т.б. түріндегі формасы.

Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, жеделхат, анықтама, әңгіме, сызба, радиотаралым және т.б.) әртүрлі адамдар үшін – олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызығушылығына байланысты әртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.

Айталық, жапон тілінде құрылған хабарлама бұл тілді білмейтін адам үшін ешқандай жаңа ақпарат әкелмейді, бірақ жапон тілін білетін адамға құнды ақпарат болуы мүмкін.Сол сияқты таныс тілде жазылған хабарламаның өзі егер оның мазмұны түсініксіз немесе бұрыннан таныс болса ешқандай жаңа ақпарат бермейді.

Ақпарат хабарламаның емес, хабарлама мен оны тұтынушының арасындағы қатынастың сипаттамасы.Тұтынушының қатысуынсыз, тіптен тұрақты болғанда да, ақпарат туралы айтудың өзі мағынасыз.

Қандай да бір техникалық құралдардың көмегімен ақпараттардың автоматтандырылған жұмысы туралы айтқан кезде, әдетте ең бірінші кезекте хабарламаның мазмұнына емес, бұл хабарлама қанша символдан тұратындығына қызығушылық білдіреді.

Мәліметтерді компьютерлік өңдеу кезіндегі ақпарат дегеніміз, мағыналы жүктемеге ие және компьютерге түсінікті түрде берілген бірқатар символдық белгілердің тізбегі (кодталған графикалық үлгілер мен дыбыстардың және т.б. әріптері, сандары).Символдардың мұндай тізбегіндегі әрбір жаңа символ хабарламаның ақпараттық көлемін ұлғайтады.

Ақпараттар мөлшерін анықтауға арналған қадамдар. Хартли мен Шеннон формулалары.

1928 ж. америка инженері Р. Хартли ақпараттарды алу үрдісін алдын ала берілген тең ықтималдықтағы көптеген N хабарламалардың ішіндегі ақырғы біреуін таңдап алу тұрғысынан қарастырды, ал таңдап алынған хабарламалардағы ақпараттар мөлшері I, N.-нің екілік логарифмі арқылы анықталды.

Формула Хартли: I = log2N

Айталық, бірден жүзге дейінгі сандар жиынтығынан бір санды табу керек. Хартли формуласы бойынша бұл үшін ақпараттардың қандай мөлшері қажет екенін есептеуге болады:

I = log2100  6,644. Сол себептен, дұрыс табылған сан туралы хабарлама ақпараттар мөлшерінің шамамен алғанда 6,644-ке тең ақпараттық бірлігін құрайды.

Тең ықтималдықты хабарламалардың басқа да мысалдарын келтірейік:

1. монеталарды тастау кезіндегі: " решка түсті", " орел түсті";

2. кітап бетіндегі: "әріптер саны жұп", "әріптер саны тақ".

Енді мынаны анықтайық, мына хабарламалар тең ықтималдықты бола ма "ғимараттың есігінен бірінші әйел шығады" және "ғимараттың есігінен бірінші еркек шығады". Бұл сұраққа біржақты жауап беруге болмайды. Барлығы да әңгіменің қандай ғимарат туралы екендігіне байланысты. Егер бұл, мысалға, метро станциясы болса, онда есіктен бірінші шығу ықтималдығы ерлер мен әйелдер үшін бірдей, ал егер бұл әскери казарма болса, онда ерлер үшін бұл ықтималдық әйелдерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Осындай мағынадағы тапсырмалар үшін америка ғалымы Клод Шеннон 1948 ж. таңдалған хабарламаларда бірдей емес ықтималдықтың болуын ескеретін, ақпараттар мөлшерін анықтаудың басқа формуласын ұсынды.

Шеннона формуласы: I = — ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN),

мұндағы pi — i-ші хабарламаның N хабарламалар жиынынан алынғандығының ықтималдығы.

Мынаны аңғару оңай, егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысы 1 / N-ға тең, бұл жағдайда Шеннон формуласы Хартли формуласына айналады.

Ақпараттар мөлшерін анықтауға арналған қарастырылған екі қадамнан басқа да қадамдар бар. Мынаны есте сақтау керек, кез келген теориялық нәтижелер алғашқы шарттарымен анықталатын, белгілі бір жағдайлар үшін ғана қолданылады.

Ақпараттар бірлігі ретінде Клод Шеннон бір бит (ағыл. bit — binary digit — екілік сан) алуды ұсынды.

Ақпараттар теориясында бит—тең ықтималдықтағы екі хабарламаны ажырататын ақпарат мөлшері (түрлері "орел"—"решка", "жұп"—"тақ" және т.б.).

Есептеу техникасында бит дегеніміз мәліметтер мен командалардың машинаішілік ұғымда қолданылуы үшін пайдаланылатын, "0" мен "1" белгілерінің біреуін сақтауға қажетті, компьютер жадының ең аз "бөлігі".

Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет (256=28).

Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :

• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:

• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

• 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.

Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.

Ақпарат қасиеттері:

• сенімділігі;

• толықтығы;

• құндылығы;

• дер кезінде орындалуы; • түсініктілігі;

• қол жетімділігі;

• қысқалығы;

• және басқалар.

Ақпарат сенімді, егер ол істің шындығын көрсететін болса. Ақпараттың сенімсіздігі дұрыс түсінбеушілікке немесе дұрыс емес шешім қабылдауға соқтыруы мүмкін.

Сенімді ақпарат уақыт өтуімен сенімсіз болуы да мүмкін, себебі ол ескіру қасиетіне ие, яғни істің шын бейнеленуін тоқтатады.

Ақпарат толық, егер ол түсіну мен шешім қабылдау үшін жеткілікті болса. Толық емес, сол сияқты кемшілікті ақпарат шешім қабылдауды кешіктіреді немесе қателікке ұрындырады.

Ақпараттың дәлдігі объектінің, үрдістің, құбылыстың және т.б. шынайы күйіне жақындық деңгейімен анықталады.

Ақпараттың құндылығы оның тапсырманы шешуде қаншалықты маңызды екендігіне, сол сияқты, оның алдағы уақытта адамның қандай да бір әс-ірекетінде қаншалықты қолданыс табатындығына тәуелді.

Тек қана дер кезінде алынған ақпарат қана күтілген нәтижені беруі мүмкін . Уақтысынан бұрын берілген ақпарат ( ол әлі меңгерілмеген болса ) пен кешіктірілген ақпарат та қажет емес.

Егер құнды және дер кезінде берілген ақпарат түсініксіз болса, ол пайдасыз болуы мүмкін .

Ақпарат түсінікті болады, егер ол ақпарат жіберілген адамның пайдаланатын тілінде берілсе.

Бір ғана сұраққа құрылған ақпаратты қысқа ( маңызсыз мәселелерсіз, жинақты) немесе ауқымыды (дәлме дәл, көп сөзді) түрде беруге болады. Ақпараттың қысқалығы анықтамалықтарға, энциклопедияларға, оқулықтарға, барлық маңызды нұсқауларға қажет.

2 Қоғамда ақпараттық технологиялар қандай салада және қандай дәрежеде қолданылады?

қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мәліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір әс-ірекеттер т.б. туралы. "Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нәрсені хабарлауды" білдіреді;

• техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;

• кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді әрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).

Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады.Хабарлама — бұл ақпараттардың әңгімелер, мәтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық мәліметтер, сызбалар, кестелер және т.б. түріндегі формасы.

Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, жеделхат, анықтама, әңгіме, сызба, радиотаралым және т.б.) әртүрлі адамдар үшін – олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызығушылығына байланысты әртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.

Айталық, жапон тілінде құрылған хабарлама бұл тілді білмейтін адам үшін ешқандай жаңа ақпарат әкелмейді, бірақ жапон тілін білетін адамға құнды ақпарат болуы мүмкін.Сол сияқты таныс тілде жазылған хабарламаның өзі егер оның мазмұны түсініксіз немесе бұрыннан таныс болса ешқандай жаңа ақпарат бермейді.

Мәліметтерді компьютерлік өңдеу кезіндегі ақпарат дегеніміз, мағыналы жүктемеге ие және компьютерге түсінікті түрде берілген бірқатар символдық белгілердің тізбегі (кодталған графикалық үлгілер мен дыбыстардың және т.б. әріптері, сандары).Символдардың мұндай тізбегіндегі әрбір жаңа символ хабарламаның ақпараттық көлемін ұлғайтады.

Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

• мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

• жарық немесе дыбыс сигналдары;

• радиотолқындар;

• электрлік және нервтік импульстер;

• магниттік жазбалар;

• ымдар мен қимылдар;

• иістер мен дәм сезінулер;

• ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар және т.б.

Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қаралатын нәрселер, үрдістер, материалдық немесе материалдық емес қасиеттері бар құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады.

Мысалдар:

1. Ауа райының болжамы туралы ақпараты бар хабарлама қабылдаушыға (телекөрерменге) ақпарат көзінен – метеоролог маманнан байланыс каналы- телевизиялық тарату аппараттары мен телевизор арқылы беріледі.

2. Тіршілік иелері өздерінің сезім мүшелерімен (көз, құлақ, тері, тіл және т.б.) сыртқы ортадан ақпараттарды қабылдайды,нерв импульстерінің белгілі бір ретімен оны өңдейді импульстерді нерв талшықтарымен тасымалдайды,мидың нейрондық құрылымының белгілі бір күйінде есте сақтайды, дыбыстық сигналдар, қозғалыстар және т.б. түрінде шығарады,өзінің өмірлік іс-әрекетінде пайдаланады.

Қоғамды ақпараттандыру — ақпараттық ресурстарды жасақтау мен пайдалану негізінде, азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің жергілікті басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұраныстары мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін, тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс [53].

Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту .

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі әлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда және т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]