- •2.7 Керегелер
- •2.8 Құмұстағыштар
- •2.9 Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер
- •2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар
- •2.11 Аэротенктер
- •2.12 Екінші сатылы тұндырғыштар жəне тұнба нығыздағыштар
- •2.13 Ластанған суды зарарсыздандыру
- •2.14 Түйістіруші резервуарлар
- •2.15 Тазартылған суды суаттарға шығару
- •3 Тұнбаларды өңдеу жəне пайдалану
- •3.1 Тұнба алаңдары
- •4 Ластанған суды жер асты сүзгілерімен жəне суару арқылы тазалау
- •4.1 Биологиялық тоғандар
3.1 Тұнба алаңдары
Тұнбаларды оңай жəне қарапайым сусыздандыру тəсілі тұнба жəне нығыздағыш алаңдарында табиғи құрғату болып келеді. Тұнбаның ылғалдылығы жерге сіңеді, бірақ жартысынана көбі булану арқылы жойылады. Сондықтан тұнбаның көлемі азаяды. Құрғатылған тұнба ылғал жердің құрылымын алады. Оны күрекпен көлікке тиеп қажетті жерге жеткізіп, пайдалануға болады. Тұнба алаңдарын дренажсыз табиғи негізінде мынадай жағдайларда қолданады:
•Жер қабатында жақсы сүзгіш қабілеті болғанда;
•Жер асты су деңгейі картаның жоғарғы деңгейінен кемінде 1,5 м
тереңдікте болғанда;
•Санитарлық шарттар бойынша дренажда сіңген суларды жер қабатына
шығаруға болатын болса.
Тазарту бекеттерінде тиімді пайдалану мақсатында жеке к
артаның енін 10 м – ден аз етіп қабылдайды. Үлкен бекеттерде картаныңені 35-40м болады. Картаның өлшемдер қабатының қалыңдығы 0,25 - 0,3 м жазда жəне
0,5 м қыста бір рет шығарылатын тұнбаны сыйдыру есебімен жасау керек. Қазіргі кезде үлкен тазарту бекеттері үшін тұнба алаңдарында тұнбаны құрғату ылғи мүмкін бола бермейді, себебі үлкен алаңдарды қажет етеді. Тұнба алаңдарынан иіс пайда болып, шыбындар көбейеді. Сондықтан үлкен бекеттерге тұнбаны сусыздандыру үшін вакуум – сүзгілерді, центрифугаларды жəне сүзгі – нағыздау қолданылады.
4 Ластанған суды жер асты сүзгілерімен жəне суару арқылы тазалау
Лас суды жер қыртысымен тазарту тəсілдері жер қыртысының өзі тазартылу қабілетіне негізделген. Суландыру алаңдары дегеніміз лас суды тазартуға арналған, арнайы дайындап жоспарланған жер бөлігі. Егержер бөлігі лас суды тазарту үшін ғана арналған болса, онда сүзу алаңы деп атайды. Лас суды жер қыртысы арқылы сүзгенде оның жоғарғы қабатында қалқымалы жəне коллоидты заттар ұсталынады. Суландыру мен сүзу алаңдарында лас суды тазарту дəрежесі қыс мезгілінде баяулайды жəне төменгі температурада биологиялықүрдістердің тоқтатылуына əсер етеді. Бұл мезгілде алаңдар қойма қызмет атқарады. Суландыру алаңдарын жасағанда:
•Санитарлық – ластанған суды тазартуды;
•Ауылшаруашылық – ылғал көзді ретінде лас суды пайдала
ну, ал ондағы ұсталған заттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануды ескереді.
4.1 Биологиялық тоғандар
Биологиялық тоғандар өзі тазартылатын үрдістерге негізделген, лас суды биологиялық тазарту үшін жасанды жаратылған суаттар. Жақсы сүзетін жер қыртысы жоқ кезде биологиялық тоғандар лас суды тазарту үшін өз бетінше ғимараттар ретінде пайдалануымүмкін.
Тоғандарды, су қалыңдығы қызып жақсы араласу үшін 0,5 метрден 1 метрге дейін тереңдікте жасайды. Биологиялық тоғандар жасанды биологиялық тазарту ғимараттарына қарағанда бактериалардан өзі тазартылудың жоғарғы тиімділігін қамтиды. Ішек таяқшаларының саны тоғандағы бастапқы құрамынан 95,9 – 99,9 % - ке төмендейді. Тоғанның жақсы жұмыс істеу уақыты жылы мезгілде болады, егер судың температурасы 60 С – тан төмен болса, онда тоғанның жұмыс істеуі тез нашарлайды. Суға оттегі кірмейтін уақытта, яғни температура төмендеп су бетінде мұз пайда болғаннан кейін, органикалық заттың қышқылдану процесі болмайды. Бұл мезгіде тек қана лас судың қатуы мүмкін.
Биологиялық тоғандардың келесі түрлері болады:
1) балықты су тоғандар,
2) көп сатылы тоғандар;
3) лас суды жете тазарту үшін қолданылатын тоғандар.
Балықты су тоғандары болғанда, тұндырғышта мөлдірлетілгеннен кейін лас суды өзен суымен 1:3 – 1:5 пропорциясымен араластырып, органикалық заттардың қышқылдану үрдісі жүріп жатқан бір сатылы тоғанға жібереді. Лас судың жүктемесі 125 – 300 м3/га тəу. Əр тоғанның өлшемі 0,5 – 7 га. Тазартылу ұзақтығы (қоспа есебімен) 8 – 12 күн.Тоғанда балық өсіруге болады. Көп сатылы тоғандарда лас суды мөлдірлетуден кейін таза су қоспай тоғанға жібереді. Бұл тоғандағы лас судың тазарту ұзақтығы бірінші түрден көп, су алмасу 30 тəулікке дейін болады. Қоспасыз тоғанның құрылыс жəне пайдалану шығындары таза су қосылған тоғаннан аз болады.
