
- •2.7 Керегелер
- •2.8 Құмұстағыштар
- •2.9 Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер
- •2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар
- •2.11 Аэротенктер
- •2.12 Екінші сатылы тұндырғыштар жəне тұнба нығыздағыштар
- •2.13 Ластанған суды зарарсыздандыру
- •2.14 Түйістіруші резервуарлар
- •2.15 Тазартылған суды суаттарға шығару
- •3 Тұнбаларды өңдеу жəне пайдалану
- •3.1 Тұнба алаңдары
- •4 Ластанған суды жер асты сүзгілерімен жəне суару арқылы тазалау
- •4.1 Биологиялық тоғандар
2.14 Түйістіруші резервуарлар
Түйістіруші резервуарлар ластанған сумен хлорды немесе басқа дезинфекциялайтын түйістіру үшін арналған. Түйістіруші резевуар ретінде түбінің ылдилығы 0,05 –ке тең қығышсыз көлденең жəне тік тұндырғыштар қолданылады. Лас сумен хлорды түйістіру ұзақтығын максималды есептік ағын кезінде 30 минуткетең етіпқабылдайды. Сол уақыт ішіне суатқа əкетілетін құбырларда жəне каналдарда өтетін хлор мен судың түйісу уақыты да есепке түседі. Биосүзгілерде жəне аэротенктерде тазарған лас суда ерімеген қоспалар көп болғандықтан түйістіруші резервуарларды екінші сатылы тұндырғыштардан кейін орнатады. Түйістіруші резервуарда түсетін тұнбаның көлемі дезинфектанттың түріне, оның дозаларына жəне лас суды қосымша тазарту дəрежесіне байланысты. Лас суды сұйық хлормен дезинфекциялаған кезде механикалық тазартудан өткен суда тұнбаның көлемі – 0,08 л, толық биологиялық тазартудан кейін аэротенктерде – 0,03 л, биосүзгілерде 1 адам басына тəулігіне 0,05 л, хлорлы əкпен дезинфекциялаған кезде тұнбаның көлемі 2 есе көп шығады.
Тұнбаның ылғалдылығы орташа есеппен 96 % құрайды. Тұнба түйістіруші резервуарлардан гидростатикалық қысыммен шығарылады.
Тұнбаны сусыздандыру оны қосымша ашытусыз болуы мүмкін. Түйістіруші резервуарларда лас суды қосымша тұндыру тұнба бөлінуіне əкеледі жəне сонымен қатар суды тазартудың жалпы дəрежесін жоғарылатады. Тұнбаға түскен лай түйістіруші резервуардан шығарылып метантенкке ашытылуға жіберіледі. Құрамында хлор болған тұнбаны метантенктерге жіберуге болмайды, себебі метантенктердегі микроорганизмдер біртіндеп жойылып кетуі мүмкін.
2.15 Тазартылған суды суаттарға шығару
Тазаланған суды суатқа шығарудың екі түрін қолданады:
а) жағалауға шығару;
б) арнаға шығару.
Жағалауға шығару батырылған жəне батырылмаған болып екі түрге бөлінеді. Батырылған шығарулар үшін лас су шығатын жерсуаттың деңгейінен төмен болатын жағалау құдықтар орнатылады. Лас суды жағалауға шығарудың салу құны арнаға шығару құнынантөмен. Ластанған суды шығару баулықтары цилиндрлі, эжекторлы, ұнғалы ашық шашырататын жəне арнаға шашырататын болып бөлінеді. Егер цилиндрлі шығару қолданылса, цилиндрлі камераның ұзындығы былай анықталады:
( )DHkVQL−=0
Мұндағы Q - өзендегі судың шығыны;
V0, Н – орташа жылдамдық жəне шығару зонасындағы өзен
тереңдігі;
D – цилиндрлі амераның диаметрі;
к – коэффициент; Н/ D> 3 болса, к=Н/Н- D, Н/ D < 3 болса, к= 1,5.
Цилиндрлі камераның диаметрін D=2...3d деп қабылдаймыз, мұндағы
d – ұңғының диаметрі.
Ластанған суды қолайлы режимде шығару үшін суды əкелетін
құбырдағы ағыс жылдамдығы 2-3 м/с тең болу керек. Цилиндрлі камераның
максималды ұзындығы суды біркелкі шығару үшін 10 D-ден аспау керек.
3 Тұнбаларды өңдеу жəне пайдалану
Қаланың лас суларын, механикалық жəне биологиялық тазарту нəтижесінде тазартатын ғимаратттарда əртүрлі минералдық жəне органикалық заттардан тұратын тұнбалар пайда болады. Ол – торларда ұсталынатын қалдықтар, бірінші сатылы тұндырғышта тұнатын тұнба, аэробты биологиялық су тазартқыш ғимаратында пайда болатын белсенді лай.
Тұнбаның жалпы көлемі өңдеуге берілген судың 1 % - нан аспайды, соның ішінде белсенді лайдың есебіне өнген тұнбаның 60-70% келеді.
Тұнбаның ылғалдылығы 92-96% нашар қышқылды реакциясы болады, үлкен дəрежеде микроорганизмдермен қаныққан (оның ішінде патогенділермен) жəне құрамында гельминттердің жұмыртқалары болады. Шикі тұнбаны өңдеу жəне ашыту үшін үш түрлі ғимараттар қолданылады:
1) септиктер – лас су шығыны 25 м3 / тəу. Дейін бөлек орналасқан
объектілерден жəне кіші мекен-жайлардан шыққан лас суды
қосымша өңдеу үшін қолданады. Септиктер жоспарда төртбұрышты немесе баяу ағыс кезінде қалқыма заттар түсетін дөңгелек тəрізді резервуар болады. Түскен тұнба резервуарда 6 айдан 12 айға дейін аэробты шіріту үрдісі жүреді. Лас судың қозғалу жылдамдығын азайту үшін жəне тұнбаның келу ұзақтығының мүмкіндігі үшін септиктердің көлемі өте үлкен болу керек. Мұныңартықшылығы, ол судағы араласпаған заттардың ұсталу жоғары.
2) екі қабатты тұндырғыштар – лас суды тұндыру үшін, түскен тұнбаны ашыту жəне нығыздау үшін қолданады. Олар түбі пирамида тəріздес төртбұрышты немесе цилиндрлі ғимарат. Ғимаратттың жоғарғы бөлігінде тұнбалы науалар орналасқан, ал төменгі бөлігі батпақты камера болып келеді.
Лас су ағатын тұнбалы науа көлденең тұндырғыштың функцияларын жасайды жəне сонда қалқымалы заттар шөгеді. Тұнба түскен қабырға бойымен жылжып барып науаның төменгі бөлігімен ені 0,15 м болатын тесікарқылы лайлы камераға түседі. Тұнбала науалардың тереңдігін 1,2 – 1,5 м етіп қабылдайды, себебі үлкен тереңдікте су ағысы біркелкі болмайды.
Екі қабатты тұндырғыштар дұрыс жұмыс істегенде тұнбаның түсу үрдісі иіс шығу, газ тəріздес өнімдерді бөлмей шығарады.
Екі қабатты тұндырғыштың лай бөлігін (тұнба бөлігін) жерге
тереңдетеді немесе жан – жағын құммен жабады. Ғимараттың жоғарғы жағын қыстың күні қалыңдату керек.
3) метантенктер – жоспарда цилиндрлі темір бетонды резервуар, түбі жəне жоғарғы беті конус секілді болып келеді. Жоғарғы жағында газ жиналатын қақпақ болады.
Метантенкте негізгі қондырғылардың көмегімен тұнба ысыылып жəне араласып тұрады. Температураға байланысты тұнба ашытылып екі үрдіс өтеді.
1. Мезфильдік ашыту, ол температура 30 – 35 0С болғанда;
2. Термофильдік ашыту, ол температура 50 – 55 0С болғанда болады.
Термофильдік ашыту арқылы тұнбаны дегельминтизациялау толық болады, ал мезофильдік шартта негізгі артықшылығы ол процесті жылумен қамту жəне газды жағу арқылы тұнбаны ашыту. Ашыту үрдісінен кейін араласқан тұнбаның жалпы ылғалдылығы 96,2 – 97% болады. Минералдандыру үрдісінде немесе ашытқан кезде əртүрлі газ жəне су бөлінеді. Газдың құрамында 65% метан, 33 % көмірқышқыл газы, 2 % - NH2 болады.
Сурет Метантенк
1 – жүктеме құбыры, 2 – ашыған тұнба шығаратын құбыр, 3 - əкету құбыры, 4 – термометр, 5 – сорғыштың сору құбыры, 6 – ысыту құбыры, 7 – жуу құбыры.