
- •2.7 Керегелер
- •2.8 Құмұстағыштар
- •2.9 Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер
- •2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар
- •2.11 Аэротенктер
- •2.12 Екінші сатылы тұндырғыштар жəне тұнба нығыздағыштар
- •2.13 Ластанған суды зарарсыздандыру
- •2.14 Түйістіруші резервуарлар
- •2.15 Тазартылған суды суаттарға шығару
- •3 Тұнбаларды өңдеу жəне пайдалану
- •3.1 Тұнба алаңдары
- •4 Ластанған суды жер асты сүзгілерімен жəне суару арқылы тазалау
- •4.1 Биологиялық тоғандар
2.12 Екінші сатылы тұндырғыштар жəне тұнба нығыздағыштар
Екінші сатылы тұндырғыштар аэротенкпен тазарған су арқылы түсетінбелсенді лайды болмаса биологиялық сүзгіштерден түсетін биологиялық үлпекті тоқтату үшін қызмет етеді. Екінші сатылы тұндырғыштар тік, көлденең жəне радиалды болады. Өткізу мүмкіншілігі ықшам станцияларда тік, ал үлкен жəне орташа
станцияларда көлденең жəне радиалды екінші сатылы тұндырғыштар пайдаланылады. Тік екінші сатылы тұндырғыштардың конструкциясы бірінші атылы тұндырғыштардан айнымайды, бірақ, биіктігі төмендеу болады.
Сурет Екінші сатылы радиалды тұндырғыш
1 – лас су əкелу құбыры, 2 – металдан жасалған бағыттаушы цилиндр, 3 – жинау науасы, 4 – тұнба жиғыш, 5 – белсенді тұнбаның кері қайту құбыры, 6 – сарқыту құбыры, 7 – тұнба денгейін өлшейтін датчик, 8 – электр сымының құбыры, 9 – тастау камерасы, 10 – лас су əкету құбыры.
Екінші сатылы тұндырғыштарда тұнған белсенді лайдың ылғылдылығы 99,2 – 99,5 % болады. Бұл лайдың негізгі
бөлігі регенерацияға түсіп қайтадан аэротенкке беріледі – бұл лай рециркуляциялы лай депаталады. Микроорганизмдердің қызмет ету нəтижесінде белсенді лайдың үздіксіз көбейгендіктен артық белсенді лай пайда болады. Бұны рециркуляциялы лайдан бөліп келесі өңдеу ғимаратына (метантенкке, сусыздандыратын қондырғыға жəне ауылшаруашылықта пайдалану үшін) жібереді. Жоғары ылғалды артық белсенді лайдың үлкенмассасын метантенкке жіберу тиімсіз болғандықтан, оны қосымша нығыздайды. Бұл ғимарат тұнба нығыздағыш деп аталады. Қазіргі кезде аэрация бекеттерінде тұнба нығыздағыштар міндетті түрде керек. Белсенді лайдың өсуі тазартылатын судың құрамындағы қалқымалы жəне еріген заттарға, бірінші сатылы тұндырғыштардың жұмыс істеу тиімділігіне байланысты. Бірінші сатылы тұндырғыштар неғұрлым жақсы істесе, соғұрлым белсенді лайдың артығы аз болады.
Тұнба нығыздағыштың жалпы ауданы былай анықталады:
Fжал=Fпайд+fқұб, м2
мұндағы Fпайд – нығыздағыштың пайдалы ауданы, м2;
fқұб– орталық құбырдың ауданы, м2.
Тұнба нығыздағыштың диаметрі былай анықталады:
мұндағы n– қабылданға тұнба нығыздағыштың саны.
2.13 Ластанған суды зарарсыздандыру
Лас суды зарарсыздандыру, құрамында патогенді (ауру тарататын) микробтарды жою үшін жəне суатқа тазартылған суды тастаған кезде осы микробтар жұғу қаупін жою үшін өндірілген. Лас суды тұндырса да, не жасанды биологиялық тазартса да патогенді микробтардың толық жойылуы мүмкін емес. Жасанды биологиялық тазарту ғимараттарында (биосүзгіде жəне аэротенкте) бактериялар 91-ден 98 %-ке дейін жойылады. Сондықтан механикалық жəне жасанды биологиялық тазартқаннан кейін суатқа тастау алдында лас суды з
арасыздандыру керек. Су құрамында қалқымалы заттар болмаған жағдайда ғана ол тиімді болуы мүмкін. Бактерия Coli бойынша анықталатын зарарсызданды
рудың тиімділігі практикада 100 % болу керек. Бактерияның жоюдың сенімді тəсілі биологиялық тазартудың жер қабатты тəсілі (суландыру алаңдарында жəне сүзу алаңдарында) болып келеді. Бұл жағдайда дезинфекцияның қажеті жоқ.
Лас суды дезинфекциялау əр түрлі тəсілдермен жүргізілуі мүмкін. Бірақ хлорлау солардың ішінде көп тарағаны. Лас судың тазартылған құрамы біркелкі емес, сондықтан судағы артық хлорды бақылап отыру жəне оның концентрациясын берілген санының шегінде ұстап отыру керек. Лас судағы артық хлордың анықтамасы иодометриялық тəсілмен жүргізіледі. ҚН жəне Е бағына отырып, белсенді хлордың дозасын былай қабылдайды:
а) механикалық тазартқаннан кейінгі лас су үшін 10 г/м3;
б) аэротенктерде немесе биік жүктелген биосүзгілерде тазартылған лас су
үшін 5 г/м3;
в) толық тазартылған лас су үшін 3 г/м3.
Лас суды дезинфекциялау үшін қажет белсенді хлордың жалпы саны былай анықталады: maxmaxQaV×=
мұндағы а – белсенді хлордың дозасы, г/м3;
Qмах – судың максималды шығыны, м3 /сағ.