
- •2.7 Керегелер
- •2.8 Құмұстағыштар
- •2.9 Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер
- •2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар
- •2.11 Аэротенктер
- •2.12 Екінші сатылы тұндырғыштар жəне тұнба нығыздағыштар
- •2.13 Ластанған суды зарарсыздандыру
- •2.14 Түйістіруші резервуарлар
- •2.15 Тазартылған суды суаттарға шығару
- •3 Тұнбаларды өңдеу жəне пайдалану
- •3.1 Тұнба алаңдары
- •4 Ластанған суды жер асты сүзгілерімен жəне суару арқылы тазалау
- •4.1 Биологиялық тоғандар
2.11 Аэротенктер
Аэротенктердегі тазарту процесінің тиімділігіне, сапалық жағдайна жəне белсенді лайдың қышқылдану қабылетіне келесі жағдайлар əсер етеді: лас судың құрамы мен қасиеті, араласудың гидродинамикалық шарты, белсенді лайдың өмір сүру қабілеті, ғимараттағы оттегі режимі, ортаның температурасымен белсенді реакциясы, процесте активаторлардың немесе ингибиторлардың болуы т.с.с. Кейбір шарттар технологиялық режимді реттеу үшін пайдалану процесі кезінде өзгеруі мүмкін.
Аэротенктерде лас суды тазартудың негізгі схемалары. Лас суды тазарту негізгі технологиялық схемаларға бірін аэротенктер, регенерациялық аэротенктер жəне екінші сатылы аэротенктер кіреді. Басқа ғимараттарға қарағанда бірінші сатылы аэротенктер пайдалануға қарапайым. Бірақ бірінші сатылы аэротенктерді қолданып ластанған суды тазарту схемасында келесі кемшіліктер бар. Бұндай аэротенктерде белсінді лайдың массасын ұағайту жолмен ағыстарды тазарту процесін күшейтуге болмайды. Технологиялық схеманың кемшілігі құрамында зиян қоспалары бар лас су түскен кезде, белсенді лай микроорганизмдерінің жұмыс істеу қызметі бұзылуы немесе өлуі мүмкін. Бірінші сатылы аэротенктерде лас судың БПК20 50-70%-ке төмендейді.
Тұндырылғаннан кейін толық тазартылмаған ластанған су екінші сатылы аэротенкке терең тазартуға жіберіледі. Ластанған суды екінші сатылы аэротенктерде тазарту регенерациясыз жəне регенерациямен өндірілуі мүмкін.
Ластанған суды тазалауға əр түрлі ағыс құрылымдары бар аэротенктер қолданылуы мүмкін. Ағыстың құрылымы бойынша аэротенктер былай жіктеледі:
а) аэротенк-ығыстырғыштар. Мұнда ластанған сумен белсенді тұнба аэротенктің басынан шоғырланып беріліп соңынан əкетіледі. Аэротенк - ығыстырғыштарда ластағыш заттардың концентрациясы дəліздің басында жоғары болғандықтан аэрациялау уақыты азаяды, тотығы жылдамдығы өседі.
Бірақ судың құрамы аэротенктің ұзындығымен өзгеруіне байланысты белсенді тұнбаның бейімделу уақыты жəне жұмыс өнімділігі баяулайды. Сондықтан бұл аэротенктер аз ластанған қала немесе өндіріс суларын тазалауға қолданылады (ОБКт көрсеткіші 500 мг/л дейін болғанда).
ə) аэротенк-араластырғыштар. Мұнда ластанған сумен белсенді тұнбаның əкелуі жəне əкетіліу аэротенктің ұзын коридорында біркелкі болады жəне аэротенктегі лас сумен берілген лас су тегіс араласады. Бұлаэротенктер концентрациясы жоғары ластанған сулардытазартуға (ОБКт көрсеткіші 1000 мг/л дейін болғанда), шығындары мен құрамы құбылмалы болған жағдайда қолданылады.
б) ластанған суды біркелкі бытыратып беретін аэротенктер. Мұнда белсенді тұнба коридордың басына беріледі. Ластанған су аэротенктің коридорына бірнеше нүктеден біркелкібытыратып беріліп коридордың соңынан белсенді тұнбамен бірге шоғырланып əкетіледі .
в) ауаны дифференциалды бытыратып беретін аэротенктер. Мұнда ауаны аэротенктің ұзын коридорына дифференциалды таратып береді.
Ластанған сумен белсенді тұнба аэротенктің басынан шоғырланып беріліп соңынан əкетіледі. Ауаны аэротенктің коридорына дифференциалды бытыратып берудің техникалық қиындықтарына байланысты бұл түрі көп таралым алмаған.
г) ластанған суды біркелкісіз бытыратып беретін аэротенктер.
Аэротенктің бұл түрінде белсенді тұнба шоғырланып дəліздің басынан беріледі, ал ластанған су аэротенктің дəлізіне бірнеше нүктеден біркелкісіз бытыратып беріліп соңынан əкетіледі. Бұл аэротенктің ерекшелігі белсенді тұнбаның орташа концентрациясы аэротенк-ығыстырғыштарға қарағанда жоғары болады жəне аэротенк-араластырғыштарға қарағанда тазарған судың сапасы жоғарылайды.
Сурет - . Аэротенк – тұндырғыш.
І – аэрация бөлігі; ІІ – тұндыру бөлігі; 1 – лас суды беру; 2 – ауа беру құбыры; 3– тазартылған лас суды тастау; 4 – эрлифт; 5 – белсенді лайды əкету құбыры; 6 –лай бункері.