
- •2.7 Керегелер
- •2.8 Құмұстағыштар
- •2.9 Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер
- •2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар
- •2.11 Аэротенктер
- •2.12 Екінші сатылы тұндырғыштар жəне тұнба нығыздағыштар
- •2.13 Ластанған суды зарарсыздандыру
- •2.14 Түйістіруші резервуарлар
- •2.15 Тазартылған суды суаттарға шығару
- •3 Тұнбаларды өңдеу жəне пайдалану
- •3.1 Тұнба алаңдары
- •4 Ластанған суды жер асты сүзгілерімен жəне суару арқылы тазалау
- •4.1 Биологиялық тоғандар
2.7 Керегелер
Лас су құрамындағы ерімейтін ірі заттарды ұстап қалу үшін керегелер қолданылады. Олар дөңгелек, төртбұрышты жəне басқапішінді металл шыбықтардан жасалады. Керегенің шыбықтарының арасынан өтетін лас судың жылдамдығы 1 м/с аспауы керек. Керегелер конструкциясына байланысты жылжымалы, жылжымайтын жəне ұнтақтағышты болып бөлінеді. Негізінде керегелер:
а) автоматтандырылған керегелер - ұнтақтағыштар
б) қалдықтарды ұстайтын қондырғылар мен ұнтақтағы
штарға жеткізетін қондырғылар (бөлек ұнтақтағыштары бар керегелер).
Ұсталған қалдықтарды тазалауға байланысты керегелер қолмен тазалайтын жəне механикаландырылған болады. Керегелер каналдың ішінде орналасады. Егер керегелер лас су тазартатын ғимараттардың құрамында болса, онда керегелердің саңылаулары тұрақты 16 мм болады.
Егер керегелер бас сорғыш бекетінің құрамында болса, онда оның шыбықтары үш түрлі болады:
1) төртбұрышты, ені 10 мм, биіктігі 60 мм;
2) дөңгелек, диаметрі 10 мм;
3) төртбұрышты дөңгелектелген қырлы, ені 10 мм, биіктігі 60 мм;
Егер қалдықтың жалпы шығыны 0,1 м3/тəуліктен аспаса, керегелерді қолмен тазалайды, 0,1 м/тəуліктен асса механикалық əдіс қолданылады. Жалпы қиғаш керегелер бөлмелердің ішінде орналасуы тиіс. Бөлменің ішінде желдеткіш болуы керек, бөлменің ауасы сағатына 5 рет ауысуы тиіс. Тік керегелер бөлмелерді қажет етпейді, олар сыртта каналдың ішінде орналасады. Вк – канал ені, Ск – кереге қондырғысының ұзындығы, Вкер – кереге ені, С1 – кереге алдындағы каналдың кеңею ұзындығы, С2 - кереге соңындағы тарылу ұзындығы, h – судың тереңдігі, hк - керегедегі арын жоғалу. Ұнтақтағыштар - ұсталған қалдықтарды ұнтақтауүшінқолданылады. Ұнтақталған қалдықтардың диаметрі 0,1 мм, олар сумен араласып ұнтақталады. Лас су болғандықтан ұнтақтағышқа өздігімен жəне арынмен түседі. Кереге - ұнтақтағышта үгітілген заттар науа немесе құбыр арқылы қайта керегенің алдына беріледі.
2.8 Құмұстағыштар
Лас судың құрамында ауыр минералды қоспалар кездеседі, олар тұндырғыштарғажəне биологиялық əдіспен тазартатын ғимараттарға көпкедергі жасауы мүмкін. Осындай ауыр минералды қоспа жəне құмды ұстауға арналған лас судың су шығыны 100 м3/тəуліктен көп болғанда құмұстағыштарды пайдаланады. Құмұстағыштың жұмыс тəртібі гравитациялық күшті пайдалану арқылы жүзеге асады.Судың ағысына байланысты құмұстағыштардың төмендегідей конструкциялары болады:
1) көлденең – судың ағысы айналмалы болады;
2) көлденең – судың ағысы түзу болады;
3) тік – судың ағысы төменне жоғары;
4) тік – судың ағысы винт тəрізді;
5) тангенциалды құмұстағыштар;
6) аэрациясы бар құмұстағыштар.
Сурет - . Суы айналма қозғалысты көлденең құмұстағыш
1 – гидроэлеватор; 2 – қалқып шығатын қалдықтарды ə
кететін құбыр; 3 – науа; 4 – қолмен ашылатын жаппалар; 5 - əкелетін науа; 6 – майда лай құбыры (пульпа); 7 – жұмысшы сұйықтық құбыры; 8 – ауыстыру камерасы; 9 – қалқып шығатын қалдықты ұстап қалу құрылғысы; 10 - əкету науасы; 11 – жартылай батырылған қалқан.
Лас судың құрамындағы құмның орта есеппен 65% құмұстағышта тұнбаға түседі. Тұнбаға түсетін құмдардың ірілігі dэкв= 0,2÷025 мм, гидравликалық ірілігі U0 =18÷24 мм/сек болады. Гидравликалық ірілік дегеніміз лас судың құрамындағы бөлшектердің бірқалыпты жағдайдағы тұнбаға түсу жылдамдығы :
U0=h/t
мұндағы һ – биіктігі, мм;
t – уақыты, сек.
Тұну дегеніміз ластанған судың ағысындағы бөлшектердің тұнбаға түсу жылдамдығы, мм/с. Жалпы барлық құмұстағыштарға тəн технологиялық көрсеткіштер:
1) лас судың құмұстағышта болу ұзақтығы 30-60с дейін;
2) құмұстағыштағы лас судың ағысының жылдамдығы V=0,15÷0,3 м/с
Тұнбаға түскен құмның ылғалдылығы 20-30%, тұнбаның күлқалдығының ылғалдылығы 76-94%. Көлденең құмұстағыштар жоспарда тікбұрышты ұзын резервуар тəрізді болады.
Сурет Көлденең құмұстағыш
1 – құмды əкетуге арналған қырғыш механизм, 2 – гидроэлеваторлар, 3 – электрлі жалғау, 4 – қолмен жлғау, 5, 6 – жаппалар, 7– гидрэлеваторға су əкелу құбыры, 8 –пульпа құбыры.
Оның су ағар бөлігінің ұзындығы, м :
LS=1000 ×КS ×V S× H S /U0
мұндағы VS– суағысыныңжылдамдығы, м/с;
HS – құмұстағыштыңсуағарбөлігініңтереңдігі, м;
КS – эмпирикалық коэффициент, егер U0= 18 мм/ с, онда КS =1,7, егер U0= 24 мм/с, онда КS=1,3.
Құмұстағыштың жалпы ені
BS=FS/LS
мұндағы FS – құмұстағыштағысубетініңауданы
FS=qмах/U0
мұндағы qмах – лас судың максималды шығыны, м3/с.
Құмұстағыштың жалпы биіктігі һ<1,2-1,5 м аспауы керек. Ені в- 0,6-6 м болуы керек.
Тангенциалды құмұстағыштарды шет елде кеңінен қолданады. Лас су құмұстағышқа жанама түседі. Ол су ағар бөлігінің тереңдігінің аздығымен ерекшеленеді. Диаметрі 6 м артық болмауы керек. Ұсталынған құмдарды тазалау шнектің көмегімен жүргізіледі. Негізгі науада 0,6-0,8 м/с жылдамдықта 90% құм ұсталады. Ұсталынған құмдардың ылғалдылығы 20%, күлділігі 94%, құмның көлемі 14,5-40%, ірілігі 0,2 мм.
Аэрациясы бар құмұстағыштар. Лас судың құрамындағы құмның сырты көбінесе органикалық заттармен байланысты. Тұнбадағы түскен құмдарды құм алаңына тастағанда органикалық заттар шіри бастайды. Сондықтан құмұстағыштың өзінде құмның бөлшектерін органикалық заттардан бөліп алу қажет. Бұл жағдайда аэрациясы бар құмұстағыштар қолданылады. Бұлар конструкциясы бойынша көлденең құмұстағыштарға ұқсас. Бірақ қабырғасының бойымен түбінен 60-70 см биіктікте пластмасса құбырларда жасалған аэраторларды орналастырады. Аэраторлардың диаметрі 3-5 мм болуы керек. Сол құбыр арқылы ауа жіберіледі, ауаның көлемі 3-5 м3. 1 м3 су бетінің ауданына 1 сағатқа. Мұндай құмұстағыштарда судың екі түрлі ағысы болады:
1) ұзындығы бойынша V=0,08-0,12 м/с;
2) айналма ағысы V=0,25-0,3 м/с.
Лас су құмұстағышта 2-3 минут болады. Құмның гидравликалық ірілігі U0=18 мм/с, ал ылғалдылығы w=60% болады.
Сурет Құйынды сулы воронкасы бар тангенциалды тұндырғыш
1 — тұну бөлігі (осадочная часть); 2 — жылжымалы бүйірлі су құю (подвижной боковой водослив); 3 — телескопиялық құбыр; 4— жұмысшы бөлігі; 5—тығын (заглушка); 6—шнек; 7- жуылған органикалық заттарды тастайтын тесік (отверстие для сброса отмытых органических веществ); S — редукторлы электроқозғалтқыш; 9 – əкету науасы; 10- əкелу науасы
Сурет Құмды гидрамеханикалық əкететінаэрациялы құмұстағыш
/ 1 — отражательные щиты, 2 – ауа құбыры; 3 – гидражуу құбыры (трубопровод для гидросмыва); 4 — смывной трубопвод со спрысками, ь — аэраторы, 6 — песковой лоток, 7— песковой бункер; 8— гидроэлеватор 9 — задвижки, 10 — отделение песколовки, // — щитовыезатворы