Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОХО-2013 Дарын химия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.6 Кб
Скачать

Желаем успехов!

ОХО - 2013 теориялық туры тапсырмалары. 9 сынып

(Орындауға берілетін уақыт 300 минут). 70 балл.

9-1-ОХО-2013. 8 балл

30%-тік HNO3 ерітіндісін 20%-тік NaОН ерітіндісімен суыта отырып абайлап бейтараптағанда түзілген тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есептеңіздер.

9-2-ОХО-2013. 8 балл

Массалары бірдей тұз қышқылы мен натрий карбонаты ерітінділерін бір-біріне қосқан кезде ерітіндінің жалпы массасы 10% кеміген. Түзілген тұздың концентрациясын есептеңіздер.

9-3-ОХО-2013. 8 балл

Әлдебір көмірсутек пен азоттың 400 мл қоспасына 900 мл (артық мөлшерде алынған) оттек қосып жаққан. Газдар қоспасы толық жанып болғаннан кейін пайда болған жаңа қоспаның көлемі 1,4 л болған, ал су булары конденсацияланғаннан кейін ол 800 мл дейін қысқарған. Қалған газдар қоспасын КОН ерітіндісі арқылы өткізгенде оның көлемі 400 мл дейін тағы қысқарған. Көмірсутектің формуласын анықтаңыздар. (көлемдер бірдей жағдайда өлшенген).

9-4-ОХО-2013. 8 балл

Массасы 140 г мыс тілімді күміс нитраты ерітіндісіне батырып, біраз уақыт ұстағанда оның массасы 171,2 г болған. Реакция аяқталғаннан кейінгі тілімді толық еріту үшін қажетті 32%-тік азот қышқылы ерітіндісінің ( = 1,2 г /мл) көлемін есептеңіздер.

9-5-ОХО-2013. 8 балл

25%-тік Na2CO3 ертіндісін салқындатқан кезде 10 г Na2CO310Н2О кристаллогидраты тұнбаға түскен және ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі екі есе азайған. Бастапқы ерітіндінің массасын есептеңіздер.

9-6-ОХО-2013. 8 балл.

Калий хлораты, пиролюзит және калий перманганатының эквимолярлық қоспасын екіге бөлген. Біреуіне тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткен, бөлінген газды жинап алған. Екінші бөлігін 200-2500С дейін қыздырып, бөлінген газды бұрынғы жиналған газбен қосқан. Соңғы газ қоспасындағы әр газдың массалық және көлемдік үлестерін анықтаңыздар.

9-7-ОХО-2013. 8 балл.

Екі металл үгінділерінің 6,4 г қоспасына концентрлі азот қышқылының артық мөлшерімен әсер еткен кезде металдардың бірі ғана еріген, 2,24 л азот (II) оксиді түзілген және массасы 2,8 г қалдық қалған. Бастапқы қоспаның тура сондай үлгісіне тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде қоспа толық еріп кеткен және 4,48 л (қ.ж.) сутек бөлінген. Металдарды анықтаңыздар.

9-8-ОХО-2013. 6 балл.

Келесі химиялық өзгерістер тізбегін жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар.

NaBr → NaCl → Cl2 → KClO3 → KCl → KNO3 → NH3.

9-9-ОХО-2013. 8 балл.

Жабық ыдыстарда А және В газдары берілген. А газының сүйкімсіз иісі бар, ал В газы -тұншықтырғыш. А газы оттекпен әрекеттескенде 5,4 г су және С газын түзеді. С газы ауада оңай қоңыр D газына айналады. В газы суда нашар ериді, оның судағы ерітіндісі лакмусты қызыл түске бояйды. В газының сулы ерітіндісіне күміс нитратын қосқанда 14,35 г ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі. А мен В газдарын араластырғанда Е тұзы түзіледі. Қыздырғанда ол А мен В газдарына ыдырайды. А,В,С, D, Е заттарын анықтап, формулаларын келтіріңіздер. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Табыс тілейміз!

ОХО - 2013 теориялық туры тапсырмалары. 10 сынып

(Орындауға берілетін уақыт 300 минут). 70 балл.

10-1-ОХО-2013. 6 балл

Екі алканнан тұратын қоспадағы көміртек мөлшерінің сутек мөлшеріне қатынасы 7:17.

Бірінші алканның құрамындағы көміртек атомдары санының екінші алканның құрамындағы көміртек атомдарының санына қатынасы 2:3. Қоспадағы бірінші алканның мөлшерінің екінші алканның мөлшеріне қатынасы 2:1. Бірінші алканның формуласын анықтаңыздар.

10-2-ОХО-2013. 8 балл

Әлдебір газ тәрізді көмірсутек пен оны жағуға қажетті оттектің 00С кезінде өлшенген жалпы көлемі жану өнімдерінің 1950С кезіндегі көлемінен екі есе кем болған. Жану өнімдерін 00С дейін салқындатқанда олардың көлемі бастапқы көлемнің жартысы (0,5) болған. Газдардың көлемдері барлық жағдайда бірдей қысымда өлшенген. Жағылған көмірсутектің формуласын анықтап, атын атаңыздар.

10-3-ОХО-2013. 8 балл

Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 24 болатын күкірт (IV) оксиді мен оттек қоспасы әрекеттесіп, нәтижесінде сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы бастапқы қоспа тығыздығынан 25% үлкен жаңа газдар қоспасы түзілген. Тепе-теңдік орнаған кездегі соңғы қоспаның құрамындағы газдардың көлемдік үлестерін анықтаңыздар.

10-4-ОХО-2013. 8 балл

Диссоциациялану дәрежесі 1%-тен 2%-ке дейін өсу үшін 100 мл СН3СООН ерітіндісіне қанша су қосу керек? Осы кезде ерітіндінің сутектік көрсеткіші қаншалықты өзгереді?

10-5-ОХО-2013. 8 балл

Әлдебір металдан жасалған пластинканың біреуін күміс нитраты ерітіндісіне, ал екіншісін – мыс сульфаты ерітіндісіне батырған. Екі ерітіндінің екеуінде де металдың бірдей мөлшерлері әрекеттесіп, күміс пен мыстың сәйкес мөлшерлері бөлінген кезде бірінші ерітіндінің массасы 1,92 г, ал екіншісінікі 0,39 г кеміген. Сонымен қатар, металл гидроксидінің сілті ерітіндісінде ерімейтіні, бірақ аммоний хлориді ерітіндісінде еритіні белгілі. Пластинкалардың қандай металдан жасалғанын анықтаңыздар және сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар.

10-6-ОХО-2013. 8 балл

Массасы 170 г 10%-тік AgNO3 ерітіндісінің электролизін инертті электродтар көмегімен ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесі 5% болғанша жүргізген. Осы кезде анодта түзілген оттектің көлемін (қ.ж.) анықтаңыздар.

10-7-ОХО-2013. 6 балл

Келесі өзгерістер тізбегіне сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар:

A l Al4C3 CH4 C2H2 C2H4O C2H6O C2H4O2

Реакция теңдеулерінде заттардың құрылым формулаларын келтіріңіздер және реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңіздер.

10-8-ОХО-2013. 10 балл

Газ тәрізді органикалық А затының жанған кезде Б мен В заттары түзіледі. Бірінші затты екіншіде еріткен кезде минерал қышқыл түзіледі. В заты белгілі бір жағдайларда А затымен әрекеттесе алады. Ол реакцияның өнімі (Г заты) натрий гидроксидімен әрекеттеспейді, бірақ металл күйіндегі натриймен әрекеттеседі. Соңғы реакцияның өнімдерінің бірі иіссіз және түссіз газ. Ол газ А затымен әрекеттесе алады, нәтижесінде бром суын түссіздендіре алмайтын газ тәрізді көмірсутек түзіледі. Сонымен қатар, А затының бром суы мен калий перманганаты ерітіндісін түссіздендіре алатыны және оның құрамында екі көміртек атомы бар екендігі белгілі. А затын анықтап, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар.

10-9-ОХО-2013. 8 балл

Әлдебір тұздың қаныққан ерітіндісін қыздырып, қосымша 8 г сол тұзды еріткен. Ерітіндіні бастапқы температураға дейін суытқанда 32 г кристаллогидрат тұнбаға түскен. Бастапқы жағдайда 100 г суда 25 г сусыз тұз еритіндігін ескере отырып, кристаллогидраттың құрамындағы сусыз тұздың массалық үлесін есептеңіздер.