Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.38 Кб
Скачать

25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз

Дүние жүзі халықтарының ұлттық және әлеуметтік азаттық үшін күресі.

ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі  Революция  Азия және Африка жеріндегі   елдердің ұлттық – қозғалыстарына әкеп соқтырды. Батыс жағы алпауыт елдердің жүргізіп отырған империялық екі жүздік саясаттары. Азия және Африка елдерінде шайқап өтті.  Азияның оңтүстігінде  орналасқан елдердің   көбі Англияның отары болды. Олардың ішіндегі  ең ауқымдысы – Үндістан ХХ  ғасырдың басында ол  артта қалған қоғам өмірінде  касталар жүйесі мен феодалдық қатынастар үстемдік еткен елболатын. Алуан түрлі  тілде сөйлейтін  халықтар отаршылдардың  қанауынан бас көтере алмады. ХХ ғасырдың басында Үндістанда Ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. 1885 жылы құрылған Үнді ұлттық  конгресі әртүрлі революцияларды бақылап отырды. Байлықтың негізгі көзі мен саяси билік толығымен ағылшындар қолында болған.  Саяси - әкімшілік   жағынан ел, жалпы, екіге бөлінді ¾ бөлігінде Британдық Үндістан орналасса,  қалған жерін 600-ге жуық князьдіктер иеленді.  Ең ірілері  Хайдарбад және Кашмир князьдіктері. Британдық Үндістанды – вице – король  аталған генерал – губернатор  басқарды.  Оны Англия  парламенті мен үкімет тағайындайтын. Елдегі ұлт-азаттық қозғалыстың пайда болуына  негізінен  Бенгалияны екіге бөлу әрекеттері себеп болды. 1905 жылы Үндістанда ереуілдер өршіп, қоғам және саяси ұйымдар мен партиялар өзін-өзі билеу туралы тілектерді алға тартып көтерілістің көсемдері Б.Г.Гжак,  Б.Ч Хал, А.Гаш, Л.Л. Рай халықтарға әртүрлі  ұрандар тастап көтерілуге шақырды  мысалы:  ағылшындардың  таварларына алмауға байланысты мынандай ұрандар болды.  Сввадеши /жеке іс, өзін-өзі қамтамасыз ету/Саварадж /жеке билік өзіңді-өзің биле/ т.б.

1906 жылы Мұсылман лигасы атты партия  құрылып елдің ішіндегі саяси бүлінішіліктерге аралыса бастады. 1905  жылы Вице король  либерал Минто болды. 1911 жылғы Реформа бойынша  астана Делиге көшіріліп, Бенгалия мәселесі тоқтатылып елді біраз уақыт алдап баса тұрды. Соғыс кезінде  Ұлыбритания Үндістанды аяусыз пайдаланды. Майдан шебінде үнділер қара жұмыс атқарды. Елдің қазба байлығы мен азық-түлік метрополияға үздіксіз тасылды, жұмысшылардың жұмыс күні 14 сағаттан асты. Азық-түлік тапшылығынан ашаршылқ жайлап елде 5-6 млн адам қырылды. Үнді ұлттық конгресі мен Мұсылман лигасы ағылшындардың  отарлық саясатына қарсы  шыға бастады. Соғыс кезінде ағылшын  әйелі бастаған Анни Безонттон «Гомеруль» қозғалысы болды. Діни қозғалыстар болды. 1915 жылы Хинду Махасабха ұйымы құрылды. Соғыстан соң Бомбейде  Гуджаратта Панжабта көтерілістер етек алды.

1916 жылы  Лакану қаласында ҮҰК-і мен мл-ң жиындары болды. Оңтүстік Африка одағын ҮҰК-ң жетекшісі Мохандос Карамачанд Ганди келісімімен ел ішінде әртүрлі бас көтерулер болды.Ол өзінің қозғалысы  сатьягарха ұрандары мен елді көтерді. Ол төменгі кастадағы адам құқықтарын  қорғауды көздеді. 1919 жылы сәуірдің басында Гандидің бастамасымен Бомбей Ахмадабад, Мадрас, Конопур қалаларында бір кезде каратал (ереуілге шығу) ұйымдастырылды.