
- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
ҚХР.XX ғасырың 40-60 жылдары, яғни екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс елдерінің картасы күрделі өзгерістер ұшырады. Ұзаққа созылған азамат соғысының нәтижесінде 1949 жылы 1қазанда Пекинде болған үлкен жиында Қытай Халық Республикасы (ҚХР) жарияланды.Чан Кайши бастаған Гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралында бекінді. Қытай коммунистік партиясының басшылығымен Қытай халқы зор жаңалықтарға жол ашты. Бұл жаңалықтар қатарында халықтық-демократиялық құрылысты нығайту, аграрлық реформаны іске асыру, индустрияландыру саясатын орнықтыру міндеттері тұрды.1954 жылы Қытай Ұлы Халық жиналысы жаңа Конституция қабылдап, біртұтас республикалық негіздегі мемлекеттік құрылысты жариялады. Саяси билік Мао Цзэдун басқарған Қытай коммунистік партияның ықпалына бағынды. Қытайдағы басқа ұсақ ұлттарға жартылай автономиялық еріктік жарияланды.
Монғолия. 1960 Конституция Монголияны социалистік мемлекет деп жариялады. 1990 жылға дейін елде өкімет басында Монғол халық революциялық партиясы болды. Осы жылы мамыр айында көп партиялықтың бастауын қалаған заң қабылданды. 80-жылдардың соңынан бастап елде демократиялық реформалар басталды. Қазір мұнда 20-дан астам саяси партиялар жұмыс істейді.1992 жылы жаңа Конституция күшіне еніп, ел Монғолия деп атала басталды.
Корея. Оңтүстік Корея буржуазиясы АҚШ-тың қолдауына сүйеніп, 1948 жылы мамыр айында ұлттық жиналысқа сайлау өткізіп, Конституция қабылданып, Корея республикасын жариялады. Ли Сын Ман президент қызметіне сайланды. Астанасы Сеул қаласы болды.Бұған жауап ретінде 1948 жылы 9 қыркүйегінде Корей Халық Демократиялық Республикасы жарияланды. Жаңа конституция қабылданып үкімет басына Ким Ир Мен сайланды. Жаңа мемлекеттің астанасы Пхеньян қаласында орналасты. КХДР үкіметінің өтінішін ескеріп, Кеңес өкіметі Солтүстік Кореядағы әскерлерін 1948 жылдың соңына дейін шығарып әкетті.
Вьетнам. Азиядағы ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде 1945 жылдың 2 қыркүйегінде Вьетнам Демократиялық Республикасын жарияланды. Бірақ ВДР тәуелсіздігін мойындағысы келмеген француз отаршылары онымен сегіз жылға созылған соғыс (1946-1954 жж.) жүргізді. Олар елдің оңтүстігінде Вьетнам емлекетін құрып, оны АҚШ, Англия, т.б елдері қолдады.1976 жылдың 26 сәуірінде жалпы сайлау Вьетнам Демократиялық Републикасы мен Оңтүстік Вьетнам Републикасын біріктіру заңы қабылданды. 2шілде күні Вьетнам Социалистік Республикасы жарияланды. Асанасы Ханой қаласы болды.
Лаос тәуелсіздігі 1945 жылы 12 қазанда жарияланып конституциялық монархия тәртібі бекітілген ел атқару билігін Халық комитеті ұстаған. Оның құрамында ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан солшыл күштербасымды болды. Бірақ, 1946 жылы Франция оны ығыстырып, король мәртебесін көтерді.Ал шын мәнінде баяғы отаршылдық жағдайды орнатуға кіріскен еді. 1947 жылы парламент сайлауы өткен. Отан сүйгіш күштер ел тәуеліздігі үшін жан аямай күреске қатысып келді. Отаршылдар ұлт-азаттық қозғалысты әлсіретуге бірнеше шаралар қолданып, 1949 жлы Лаосты француздық Үндіқытьай одағындағы тәуелсіздік мемлекет туралы туралы шарт жасасқан.
Индонезия. 1945 жылы 17 тамызда Индонезия республикасы жарияланды. Тәуелсіздік алған ел бірден әлеуметтік-экономикалық даму жолына шыға алмады. Өйткені осы елдің бұрынғы отаршылдық қожасы Голландия әскери интервенциясын бастады. Төрт жылға созылған (1945-1949жж.) созылған қарулы шайқас Голландияның отаршылдық үстемдігін қайта орната алмады.