- •«Экономика негіздері» пәнi бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні және олардың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама беру.
- •2.Экономиканың зерттеу әдістерінің қолдану тиімділігін көрсету.
- •3.Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
- •4.Экономикалық жүйе түсінігін анықтау және бір түріне талдау жасау.
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •5.Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау.
- •6.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •7.Капиталдың мәні анықтау, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •8. Кәсіпкерлік қызметінің түрлері
- •9.Өндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау.
- •1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •2. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуындағы тарихи және қазіргі мектептердің көзқарастарына талдау жасау.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы
- •12.Капитал теорияларына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау.
- •13.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды талдау.
- •14)Экономиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы мен дамуының негізгі көзқарастарына сипаттама беру:
- •15.Негізгі және айналмалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру.
- •16.Өндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру
- •17. Пайда теориялары және түрлері
- •18) Инфляцияның пайда болу себептерін анықтайтын факторларға талдау жасау.
- •19.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілеріне сипаттама беру.
- •20.Нарықтың мәні анықтап, негізгі белгілері мен қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау.
- •21.Ұдайы өндіріс теориясының негізін анықтау және ұдайы өндіріс типтеріне түсінік беру.
- •22. Нарық түрлеріне түсінік беру және олардың жіктелу ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •23. Жер рентасына түсінік
- •24.Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтеріне талдау жасау.
- •25.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипатын анықтап, олардың есептелу әдістеріне талдау жасау.
- •26.Нарықтық инфрақұрылымның мақсатын анықтау және негізгі түрлеріне сипаттама беру
- •27. Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек-құн теориясының негізін ашып көрсету.
- •28.Ұлттық байлық және оның құрылымына талдау жасау.
- •29.Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
- •30.Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.
- •31. Жалақы түрлері
- •32. Инфляцияның мәні мен себептерін анықтап, түрлеріне талдау жасау.
- •33. Ұсыныс және ұсыныс заңын талдау. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторларға сипаттама жасау.
- •34. Экономикалық цикл теориясының негізін ашып көрсету және цикл фазаларына талдау жасау
- •35. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасын анықтау және олардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •36. Экономикалық өсу түсінігіне талдау жасау. Экономикалық өсудің типтері мен факторларына сипаттама жасау
- •37. Макроэкономикалық тепе теңдік
- •38. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістеріне талдау жасау.
- •39. Сұраныс және сұраныс заңын талдау.
- •40. Несиенің мәнін анықтау және формаларына сипаттама беру. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын талдау.
- •41. Бәсекенің мәнін ашып көрсету, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау және бәсекелік күрестің түрлерін талдау.
- •42. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын ашып көрсету және қызметтеріне талдау жасау.
- •43. Монополия және бәсеке категорияларына талдау жасау. Монополияның пайда болу себептерін анықтау.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесінің қызметтерін анықтау. Салықтар және олардың түрлеріне талдау жасау.
- •45. Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс тепе-теңдігі
- •46. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы пайданы арттыру принциптеріне талдау жасау.
- •47. Ақшаның функциясына талдау жасау, ақша массасы және ақша агрегатына сипаттама беру.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •49. Қазіргі ақшалар
- •50. Еңбек биржасының қызметі және оның жұмыссыздық проблемасын шешуге әсерін талдау.
- •51. Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктеріне сипаттама жасау.
- •52. Шекті пайдалылық теориясының негізін ашып көрсету.
- •53. Дағдарыстардың түрлеріне талдау жасау және олардың экономикалық салдарын анықтау.
- •54. Еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің қалыптасу ерекшеліктері және оған әсер етуші факторларды талдау:
- •55. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігін талдау және оларға әсер ететін факторларға сипаттама беру.
- •56. Экономикалық ауытқудың негізгі себептерін анықтау.
- •57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдеріне талдау жасау.
- •58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысын теориялық негізде көрсету.
- •59. Экономикалық өсу факторларына талдау жасау және экономикалық өсу көрсеткіштерін анықтау.
41. Бәсекенің мәнін ашып көрсету, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау және бәсекелік күрестің түрлерін талдау.
Бәсеке — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады.
Жетілген бәсеке
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Монополистік, жетілмеген бәсеке
Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.
Монополия - тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады.
42. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын ашып көрсету және қызметтеріне талдау жасау.
Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттің бюджеттік – салық саясатында қаржылық жоспар — бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік – салық саясаты – ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс — әрекеті. Бұл саясат – еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады [7].
Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктеріМемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттермен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән:
— Ұлттық табысты қайта бөлу;
— Әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
— Экономиканы реттеу мен ынталандыру;
— Ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір-бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады.
Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне:бюджеттің қоғамдық өндіріске көп жақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және экономикалық дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де, экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.
