Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_sessia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.4 Кб
Скачать

37. Макроэкономикалық тепе теңдік

Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты - ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.

Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:

сұраным мен ұсыным;

тауар және ақша массасы;

жинақақша мен инвестициялар;

инфляция және жұмыссыздық;

еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;

қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;

бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;

төлем балансының активі мен пассиві.

Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.

Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.

38. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістеріне талдау жасау.

ЭМР дегеніміз - әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуы.

Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес» - деп жұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуді қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсетті.

Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттлігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруда ең алдымен «таза қоғамдық тауарлар», яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.

Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

Қаржылық, несиелік-қаржылық пен әлеуметтік саясаттар келесі параграфтарда толық қарастырылады. Алғашқы үш бағыт бойынша қысқаша түсініктерімен шектелейік. Сонымен,атап өтсек.

Әкімшілік-құқықтық реттеу- ең алдымен мемлекет пен экономиканың құқықтық негіздерінің құрылуымен анықталады. Осыған жататындар:

а) мемлекетте меншік құқықтары мен нысандарын және шаруашылық қызмет ережелерін белгілеу;

б) еңбек қатынастарды және зейнеткерлік тәртіпті реттеу (еңбекақы мен зейнетақы, еңбекке жарамсыз және жұмыспен қамту төлемдерінің минималды мөлшері, зейнеткерлік жағдайы мен еңбекті қорғау туралы заңдар, т.б.);

в) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, экологиялық заңнама және басқалар. Бұл реттеу, екінші жағынан, мемлекеттің монополияға қарсы саясатты жүгізуімен, монополияға қарсы шаралар, адамгершілік емес бәсекелестік, жасанды жетіспеушілік, бағалық және басқа да теріс қолдануларды анықтайды.

Тікелей мемлекеттік басқару - қорғаныс, энергетика, пайдалы қазбалар, су ресурстары, білім, денсаулық сақтау, ұлттық мұражайлар, парктер, қорықтар, демалыс орындары, жол, көшелерді жинау және жарықтандыру, маяк, су апатынан қоршаулар, т.б. сияқты салалар мен қоғамдық маңызы бар объектілер қатынасында қолданылады. Осы кезде осы объектілер мен салалардың көбі мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болуы мүмкін.

Соңында, үкімет саясатының тағы да бір негізгі құралы мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырыстар болып табылады. Осындай бағдарламалар әртүрлі салаларда әзірленеді, мәселен, ғаламшарды немесе әлемдік теңізді меңгеру кезінде, ірі ғимараттарды салу саласында, қарулардың жаңа типтерін құруда, ірі ғылыми зерттеулерді жүргізуде, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]