
- •«Экономика негіздері» пәнi бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні және олардың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама беру.
- •2.Экономиканың зерттеу әдістерінің қолдану тиімділігін көрсету.
- •3.Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
- •4.Экономикалық жүйе түсінігін анықтау және бір түріне талдау жасау.
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •5.Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау.
- •6.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •7.Капиталдың мәні анықтау, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •8. Кәсіпкерлік қызметінің түрлері
- •9.Өндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау.
- •1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •2. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуындағы тарихи және қазіргі мектептердің көзқарастарына талдау жасау.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы
- •12.Капитал теорияларына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау.
- •13.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды талдау.
- •14)Экономиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы мен дамуының негізгі көзқарастарына сипаттама беру:
- •15.Негізгі және айналмалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру.
- •16.Өндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру
- •17. Пайда теориялары және түрлері
- •18) Инфляцияның пайда болу себептерін анықтайтын факторларға талдау жасау.
- •19.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілеріне сипаттама беру.
- •20.Нарықтың мәні анықтап, негізгі белгілері мен қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау.
- •21.Ұдайы өндіріс теориясының негізін анықтау және ұдайы өндіріс типтеріне түсінік беру.
- •22. Нарық түрлеріне түсінік беру және олардың жіктелу ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •23. Жер рентасына түсінік
- •24.Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтеріне талдау жасау.
- •25.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипатын анықтап, олардың есептелу әдістеріне талдау жасау.
- •26.Нарықтық инфрақұрылымның мақсатын анықтау және негізгі түрлеріне сипаттама беру
- •27. Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек-құн теориясының негізін ашып көрсету.
- •28.Ұлттық байлық және оның құрылымына талдау жасау.
- •29.Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
- •30.Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.
- •31. Жалақы түрлері
- •32. Инфляцияның мәні мен себептерін анықтап, түрлеріне талдау жасау.
- •33. Ұсыныс және ұсыныс заңын талдау. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторларға сипаттама жасау.
- •34. Экономикалық цикл теориясының негізін ашып көрсету және цикл фазаларына талдау жасау
- •35. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасын анықтау және олардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •36. Экономикалық өсу түсінігіне талдау жасау. Экономикалық өсудің типтері мен факторларына сипаттама жасау
- •37. Макроэкономикалық тепе теңдік
- •38. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістеріне талдау жасау.
- •39. Сұраныс және сұраныс заңын талдау.
- •40. Несиенің мәнін анықтау және формаларына сипаттама беру. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын талдау.
- •41. Бәсекенің мәнін ашып көрсету, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау және бәсекелік күрестің түрлерін талдау.
- •42. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын ашып көрсету және қызметтеріне талдау жасау.
- •43. Монополия және бәсеке категорияларына талдау жасау. Монополияның пайда болу себептерін анықтау.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесінің қызметтерін анықтау. Салықтар және олардың түрлеріне талдау жасау.
- •45. Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс тепе-теңдігі
- •46. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы пайданы арттыру принциптеріне талдау жасау.
- •47. Ақшаның функциясына талдау жасау, ақша массасы және ақша агрегатына сипаттама беру.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •49. Қазіргі ақшалар
- •50. Еңбек биржасының қызметі және оның жұмыссыздық проблемасын шешуге әсерін талдау.
- •51. Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктеріне сипаттама жасау.
- •52. Шекті пайдалылық теориясының негізін ашып көрсету.
- •53. Дағдарыстардың түрлеріне талдау жасау және олардың экономикалық салдарын анықтау.
- •54. Еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің қалыптасу ерекшеліктері және оған әсер етуші факторларды талдау:
- •55. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігін талдау және оларға әсер ететін факторларға сипаттама беру.
- •56. Экономикалық ауытқудың негізгі себептерін анықтау.
- •57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдеріне талдау жасау.
- •58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысын теориялық негізде көрсету.
- •59. Экономикалық өсу факторларына талдау жасау және экономикалық өсу көрсеткіштерін анықтау.
36. Экономикалық өсу түсінігіне талдау жасау. Экономикалық өсудің типтері мен факторларына сипаттама жасау
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.
Жанама факторлар экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.Жанама факторлар құрамына жататындар: Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру
нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың салықтың азаюы және т.б.
Бөлу факторлары.
Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:
1. Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу.
2. Қатал монеторлық фискальдық шектеулер қою.
3. Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.
4. Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау
5. Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда).