- •«Экономика негіздері» пәнi бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні және олардың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама беру.
- •2.Экономиканың зерттеу әдістерінің қолдану тиімділігін көрсету.
- •3.Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
- •4.Экономикалық жүйе түсінігін анықтау және бір түріне талдау жасау.
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •5.Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау.
- •6.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •7.Капиталдың мәні анықтау, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •8. Кәсіпкерлік қызметінің түрлері
- •9.Өндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау.
- •1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •2. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуындағы тарихи және қазіргі мектептердің көзқарастарына талдау жасау.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы
- •12.Капитал теорияларына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау.
- •13.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды талдау.
- •14)Экономиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы мен дамуының негізгі көзқарастарына сипаттама беру:
- •15.Негізгі және айналмалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру.
- •16.Өндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру
- •17. Пайда теориялары және түрлері
- •18) Инфляцияның пайда болу себептерін анықтайтын факторларға талдау жасау.
- •19.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілеріне сипаттама беру.
- •20.Нарықтың мәні анықтап, негізгі белгілері мен қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау.
- •21.Ұдайы өндіріс теориясының негізін анықтау және ұдайы өндіріс типтеріне түсінік беру.
- •22. Нарық түрлеріне түсінік беру және олардың жіктелу ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •23. Жер рентасына түсінік
- •24.Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтеріне талдау жасау.
- •25.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипатын анықтап, олардың есептелу әдістеріне талдау жасау.
- •26.Нарықтық инфрақұрылымның мақсатын анықтау және негізгі түрлеріне сипаттама беру
- •27. Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек-құн теориясының негізін ашып көрсету.
- •28.Ұлттық байлық және оның құрылымына талдау жасау.
- •29.Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
- •30.Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.
- •31. Жалақы түрлері
- •32. Инфляцияның мәні мен себептерін анықтап, түрлеріне талдау жасау.
- •33. Ұсыныс және ұсыныс заңын талдау. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторларға сипаттама жасау.
- •34. Экономикалық цикл теориясының негізін ашып көрсету және цикл фазаларына талдау жасау
- •35. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасын анықтау және олардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •36. Экономикалық өсу түсінігіне талдау жасау. Экономикалық өсудің типтері мен факторларына сипаттама жасау
- •37. Макроэкономикалық тепе теңдік
- •38. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістеріне талдау жасау.
- •39. Сұраныс және сұраныс заңын талдау.
- •40. Несиенің мәнін анықтау және формаларына сипаттама беру. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын талдау.
- •41. Бәсекенің мәнін ашып көрсету, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау және бәсекелік күрестің түрлерін талдау.
- •42. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын ашып көрсету және қызметтеріне талдау жасау.
- •43. Монополия және бәсеке категорияларына талдау жасау. Монополияның пайда болу себептерін анықтау.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесінің қызметтерін анықтау. Салықтар және олардың түрлеріне талдау жасау.
- •45. Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс тепе-теңдігі
- •46. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы пайданы арттыру принциптеріне талдау жасау.
- •47. Ақшаның функциясына талдау жасау, ақша массасы және ақша агрегатына сипаттама беру.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •49. Қазіргі ақшалар
- •50. Еңбек биржасының қызметі және оның жұмыссыздық проблемасын шешуге әсерін талдау.
- •51. Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктеріне сипаттама жасау.
- •52. Шекті пайдалылық теориясының негізін ашып көрсету.
- •53. Дағдарыстардың түрлеріне талдау жасау және олардың экономикалық салдарын анықтау.
- •54. Еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің қалыптасу ерекшеліктері және оған әсер етуші факторларды талдау:
- •55. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігін талдау және оларға әсер ететін факторларға сипаттама беру.
- •56. Экономикалық ауытқудың негізгі себептерін анықтау.
- •57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдеріне талдау жасау.
- •58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысын теориялық негізде көрсету.
- •59. Экономикалық өсу факторларына талдау жасау және экономикалық өсу көрсеткіштерін анықтау.
34. Экономикалық цикл теориясының негізін ашып көрсету және цикл фазаларына талдау жасау
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Циклдың фазалары:
1. Дағдарыс (құлдырау, рецессия).
2. Тоқырау (стагнация).
3. Жандану.
4. Өрлеу (бум).
Дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы:
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
2. Инвестициялар өседі.
3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
3. Тауарлардың бағасы өседі.
4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.Сыртқы факторлар –халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру. Ішкі факторлар –капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер.
35. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасын анықтау және олардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілері мыналар: өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;26өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. жекеменшіктің болуы; тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Натуралды шаруашылық |
Тауарлышаруашылық |
1. Экономикалыққатынастартұйықжүйелітүрдеболады. |
1.Экономикалық қатынастарашықжүйелітүрдеболады. |
2. Еңбекбөлінісідамығаннегізіндеқолменжасалатынеңбектіңтүрі. |
2. Еңбекбөлінісі мен тауарайырбасымамандарылғанеңбек. |
3. Өндіріс пен тұтынудыңарасындатікелейэкономикалықбайланыстаболады. Өндірілгенөнімайырбасқақатыспай-ақтікелейтұтынылады.
|
3. Өндіріс пен тұтынудыңарасындағыжанамаэкономикалықбайланыс. Өндірілгенөнімнарықтаайырбасқасатуға |
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты. жеке меншіктің пайда болуы; тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі; еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды; қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды.
