Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_sessia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.4 Кб
Скачать

21.Ұдайы өндіріс теориясының негізін анықтау және ұдайы өндіріс типтеріне түсінік беру.

Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің типтері

-жай өндіріс

-ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірістеөндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

22. Нарық түрлеріне түсінік беру және олардың жіктелу ерекшеліктеріне талдау жасау.

Нарық айырбас айналыс-бұл категория бар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық– бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

- сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

-Экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

-рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

-өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

-кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

-экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

-экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

-өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы

-өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

-шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

-әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері

-нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

қоғамда теңсіздікті туғызады;

-тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

-нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

- маржиналық (шекті) талдау

- балама таңдау шығындарына

- экономикалық рационалдыққа

23. Жер рентасына түсінік

Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Оларға:

  1. тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;

  2. құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.[1]

Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.

Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.

Нарықтық аграрлық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады — толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету-етпеуге ерікті болады. Аренда туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның (арендатордың) жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды: — жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деп монополия орнайды.

Жерге монополия — нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы — дифференциялық жер рентасын тудырады. Осы күнгі батыс әдебиеті «экономикалық рента» терминін қолданады, рентаны түрлерге бөліп қарамайды, бірақ олардың пайда болуының екі себебін келтіріледі.

Рента (фр. rente — табыс әкелу) — меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Аренда келісімі арқылы берілген жер үшін ол арендатор жердің меншік иесіне рента төлеп тұрады. Демек, жер рентасы жерге меншіктік экономикалық жағынан жүзеге асырылуының нысаны болып табылады. Рента— жерді‚ мүлікті‚ мәміледен түскен капиталды меншіктенуші алатын‚ иеленушіден қосымша шығын мен күш-жігерді талап етпейтін табыс.[2]

Жерді пайдалануға беруден алынған табыс — жер рентасы‚ берілген қарыздан алынған табыс — капиталдан алынған пайыздар‚ т.б. Мүлікті меншіктенуші бұл реттерантъе деп аталады.[3]

Жер рентасы меншікке табыс түрінде, бұдан көп ерте заманда пайда болған. Бірақ тек нарық экономикасында рентаны экономикалық тәсілдер арқылы иемдену мүмкіндігі туады. Осы жағдайда ол үстем пайда болып табылып, екіге бөлінеді: кәсіпкер — жер арендаторы ие болатын пайдаға және жерге меншік иесіне түсетін рентаға.

Дифференциялдық рента монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.[4]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]