Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tauasarov_shpor_9_12_13_30_31_50_zhok(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

21.Нейтрондар дифракциясы

Нейтронография – нейтрондардың шашырауы арқылы сұйықтықтардың, кристалдардың және молекулалардың құрылуын зерттейтін әдіс.Атомдық және магниттік кристалдардың құрылымы жайлы ақпараттарды нейтрондардың дифракциясы бойынша эксперименттен алады, ал молекулалармен кристалдағы атомдардың жылулық тербелісі жайлы ақпаратты зерттеліп жатқан затпен энергиясымен алмасып нейтрондар , нейтрондардың шашырауы бойынша эксперименттерден ақпарат алады. Қазіргі заманғы нейтрондардың көзі – ядролық реакторлар – энергиясы максимум 0,06 эВ жоғары диапазонындағы жылулық нейтрондарды береді.Кристалдардағы молекулалардың өзара арақашықтығы 0,06 эВ энергияға тең болған кезде Де-Бройль толқын ұзындығына сәйкес келеді.Құрылымдық нейтроногафи әдісі оыған негізделген

22. Шыны тәріздес жартылай өткізгіштерді синтездеу.

Алғашқы адамзат танысқан кристалды емес құрылымды диэлектриктер ­­– шынылар (әйнектер) жанартаулық негізді болған. Жанартаулық шыны немесе абсидиан сирек кездеседі. Бұрынғы ССРО-да оның біршама мол мөлшері Арменияда болған. Ол жақсы емес қара немесе сұр түсті және нашар өңделеді. Бұл жасанды шыныларды жасау қажеттілігіне әкеп соқты. Шыныларды жысау бес жарым

мыңнан астам жыл бұрын игерілген.Сонау заманда египеттіктер тек күңгірт, мөлдір емес шыныларды, яғни әйнекейлерді (глазурлер) жасауды білген. Әйнекейлермен сазды құмыраларды су өткізбейтін, қолдануда ыңғайлырақ әрі көркемірек болу үшін қаптаған. Сосын әнекейлер мен тұрмыстық бұйымдарды әйнекейдің өзінен жасайтын болған. Негізінен шыны моншақтар, вазалар, құмыралар және т.б. Шыныдан жасалған бұйымдарды дайындау өте көп еңбекті талап ететіндіктен, Ежелгі Египетте мұндай бұйымдар өте сирек әрі асыл тастардан көп арзан болмаған.Шыны тәріздес күй – қайта суытылған балқыманың қатаюынан пайда болған

аморфты күйдегі заттар. Шыны тәріздес күйден балқымаға және балқымадан шыны тәріздес күйге ауысу қайтарымдылығы шыны тәріздес күйдің басқа амофты күйлерден айырмашылығы оның негізгі ерекшелігі болып табылады.Төменгі температураларда заттың термодинамикалық тұрақты қаттыкүйі – кристалдық күй. Алайда бөлшектердің қасиеттеріне байланысты кристаллизация көп не аз уақыт қажет етуі мүмкін – затты суытқанда молекулалар «тізіліп» үлгеруі қажет. Кейде бұл уақыт өте ұзақ болғандықтан кристалдық күй жүзеге аспайды. Әдетте аморфты күй балқыманың тез сууынан пайда болады. Дегенмен де, кейде тіпті ең тез суынудың өзі кристалдың түзілуінекедергі жасай алмайды.Табиғатта кристалдық күйге қарағанда аморфты күй (опал, абсидиан, янтарь, смола) сиректеу таралған. Аморфты күйде кейбір металдар мен балқымалар, соның ішінде металдық шынылар, жартылай өткізгіштер, диэлектриктер, тіпті полимерлер бола алады. Аморфты полимерлер құрылымы макромолекуланың сегменттері мен тармақтарының орналасуындағы жақын реттілікпен сипатталады. Аморфты күй материяның белгілі агрегаттық күйлері: газ, плазма, сұйық және қатты дене арасында ерекше орын алады. Газдың сұйыққа ауысуы кезінде молекулалар қозғалысы қатты шектелуімен және бәсеңдеуімен, ал араларындағы тартылу күші артуымен бөлшектердің анағұрлым берік байланысқан топтары түзіледі. Сұйықтық бөлшектерінің f = 1012 ...1014 с-1 жиілікпен жылулық тербелісі олардың соқтығысуына әкеп соғады. Бұл сұйықтықтың аққыштығын анықтайды. Аққыштық дәрежесі тек қана бөлшектердің тербеліс интенсивтілігіне ғана емес, олардың арасындағы химиялық байланыстар беріктілігіне де тәуелді. Соңғысы сұйықтың реттелген кристалдық немесе ретсіз аморфты (шыны тәріздес) күйге ауысуын анықтайтын негізгі себептің бірі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]