Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tauasarov_shpor_9_12_13_30_31_50_zhok(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

6Вакуумдық лампалар жұмыс істеу принципі

Вакуумдық лампа ПМТ

Эксперименталдық зерттеудегі булану құбылысы және конденсация, кейбір жылулық процестер, төмен температура, ядролық және термоядролық реакциялар вакуумдық қондырғыда жүзеге асады. Әсіресе кең ауқымды вакуумдық техника микросхема өндірісінде қолданылады. Мұнда жұқа пленкаларды енгізу процесі, иондық атқылау процесі, электронды литография- электрондық схемадағы элементтерді алуды қамтамасыз етеді.Вакуум- газ қысымы кейбір герметикалық көлемде атмосферадан төмен болып келетін зарядсыз газ күйі.

Вакуумның ең басты түсінігі болып молекулалардың еркін қозғалысының орташа ұзындығы  болып табылады. Ол молекулалардың концентрациясына тәуелді. Молекулалардың концентрациясы атмосфералық қысымда жоғары болғанда соқтығысу саны көп болады. Концентрация төмен болғанда олардың байланысу соқтығысы азаяды да,  көбейеді. Көлемдегі молекулалардың концентрациясы қысымға Р пропорционал болғандықтан,   газ қысымыны пропорционал болады.

Газ молекулаларының соқтығысу түрін анықтау үшін,  мен d-қатынасын анықтау керек.  /d қатынасын вакуумның төменгі, ортаңғы және жоғарғы болып бөлінуі шартты.

Вакуумдық дәреженің сандық бағасы үшін Америкалық стандарт комитеті вакуумдық ортаның келесі классификациясын ұсынды:

Төменгі вакуум

d

760…25 мм. рт. ст. ~ 105…3,3 103Па

орта вакуум

d

25…10-3 мм. рт. ст. ~ 3,3 103…1,33 10-1 Па

Жоғарғы вакуум

d

10-3…10-6 мм. рт. ст. ~ 1,33 10-1…1,33 10-4 Па

Аса жоғарғы вакуум

10-6 …10-9 мм. рт. ст. ~ 1,33 10-4…1,33 10-7 Па

Асқын жоғарғы вакуум

төмен ...10-9 мм. рт. ст. төмен 1,33 10-7 Па

7.Қатты денелердегі химиялық байланыстардың типтер

Химиялық байланыс – атомдардың химиялық қосылыс түзіп әрекеттесуі немесе химиялық қосылыстағы атомдардың бір-біріне әсері арқылы жүзеге асатын күштер жиынтығы. Химиялық байланыс түзілуде ең басты рольді электрондар атқарады. Химиялық байланыс түзілгенде атомдардың электрондық құрылымы өзгеріске ұшырайды. Атомдардың электрондық құрылымы анағұрлым тұрақты болған жағдайда ғана химиялық байланыс түзіледі. Иондық байланыс теориясын 1916 ж. Неміс ғалымы В.Коссель ұсы нған болатын. Бұл теория типтік Ме-дар мен типтік бейметалдар атомдары арасында: СsF, CsCl, NaCl, KF т.б түзілетін байланысты түсіндіреді. Бұл байланыс электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен Ме мен бейметалл атомдары арасында түзіледі және қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысы нәтижесінде жүзеге асады.Ме-дар химиялық әрекеттесуде валенттік электрондарды беріп, оң зарядты иондарға (катиондарға), ал бейметалдар электрондар қосып алып, теріс зарядты иондарға (аниондарға) айналады. Әр аттас зарядты иондар бір-біріне тартып, молекула құрайды. Иондық қосылыстың қайнау, балқу температурасы жоғары, қызуға тұрақты, ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді. Сутектік байланыс оң зарядты полюстікке ие болған сутек атомы мен теріс полюсті, электртерістігі күшті бөлінбеген электрон жұбы бар көбіне (F, O, N кейде Сl, S) атомдар арасында түзіледі. Сутектік байланысқа белоктардағы карбонил тобы мен амин тобындағы сутектің арасында түзілген байланыс мысал бола алады. Сутетік байланыс энергиясы қарапайым коваленттік байланыс энергиясынан аз, 40 кДж/моль аспайды. Бірақ бұл энергия молекула ассоциациясын құруға жеткілікті болып табылады. Бұл байланыс иондық және коваленттік байланыстарға қарағанда әлсіз болғанымен молекулааралық және молекулаішілік байланыстарда маңызды рөл атқарады. Коваленттік байланыс жай зат молекулалары арасында және әр түрлі бейметалдар атомдары арасында түзіледі. Коваленттік химиялық байланыс электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп 2-ге бөлінеді.

Металдық тордағы бос электрондар арасында өзара тарту күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді. Мұндай қабілетті Ме-дар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі Ме-дың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иіліиділігі, өзіне тән жылтыры т.б барлығы металдық байланысқа тәуелді.Металдық байланыстың түзілу механизмі:

Байланыс энергиясы – өзара байланысқан атомдарды не иондарды бір-бірінен ажырату үшін жұмсалатын энергия. Байланыс ұзындығы – химиялық байланыстағы атомдар ядроларының арасындағы қашықтық.Валенттік бұрыш – байланысқан атомдар ядролары арқылы жүргізілетін жорамал сызықтар арасындағы бұрыш.Бұл көрсеткіштер зат молекулаларының құрылысын, пішінін, беріктігін сипаттайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]